260
Бұл əрекеттерді жүргізгеннен кейін, форматталған бағандағы сандар
үтірден кейін екі белгіге дейінгі дəлдікпен көрсетілетін болады. Бұл
Excel бағдарламасы есептеулер нəтижесін еске сақтайтынын, ал
қолданушы өзінің қалауымен олардың көрсетілуін таңдай алатынын
білдіреді.
2.
Жанама мəзір көмегімен сандарды форматтау. Мұндай
форматтауды біздің кестенің D бағанында орналасқан, сыйақы мəндері
үшін жүргізейік.
Бұл үшін, D4:D12 ұяшықтар блогын белгілейміз, курсорды
белгіленген ұяшықтар блогына əкелеміз жəне тышқанның оң жақ
батырмасымен басамыз (бұл жағдайда жанама мəзір ашылады), содан
кейін
Ұяшықтар форматы командасын таңдаймыз.
Бұл əрекеттерді орындаған соң,
Ұяшықтар форматы терезесі
ашылады да, онда үтірден кейін екі белгісімен қаржылай бірлікті
көрсетпей,
Қаржылық форматты орнатамыз. Бұдан кейін D баған
сандарының мəні қойылған форматта көрсетіледі.
3.
Үлгі бойынша форматтауды қолдану арқылы сандарды форматтау
(Е бағанының сандары үшін). Қолданушылар бұл тəсілді сирек
қолдануы, оның жаман немесе ыңғайсыздығынан емес, үлгі бойынша
форматтау тəсілімен қолданушылардың бəрі бірдей таныс емес.
Ең əуелі бізге қажетті формат орнатылған ұяшықты белгілеу керек,
мысалы, D4 ұяшығын.
Енді құралдар панелінен
суретімен батырманы тауып, оны
басамыз. Бұл ретте, курсордың қасында қылқалымы бар сурет пайда
болады. Е4-тен Е12-ге дейінгі ұяшықтар блогын белгілеп алайық. Біз
белгілеуді аяқтап, тышқанды жібергенде, көрсеткіштер D4
ұяшығындағы сияқты түрін қабылдайды.
4.
Құралдар панеліндегі батырмалар көмегімен сандарды
форматтау. Ұяшықтардағы сандардың разрядтылығын құралдар
панеліндегі
батырмалар көмегімен үлкейтуге немесе кішірейтуге
болады. F бағанындағы сандарды форматтауды осы батырмаларды
қолдану арқылы жүргізіңіз. Бұл үшін F4:F12 ұяшықтар блогын
белгілеңіз жəне разрядтылықты көбейту - кішірейту батырмаларын
қолдана отырып, сандардың разрядтылығын орнатыңыз – үтірден кейін
екі белгі.
G бағанының
сандары бойынша
Ақшалай формат
батырмасының көмегімен форматтау жасаңыз да, бұл бағанның
сандарын белгілеуді ұмытпаңыз.
Форматтау барысында бағандардың енін өзгерту қажет болуы мүмкін.
Біз баған шекарасын, яғни, баған атауын қажетті еніне дейін тышқанмен
жылжыту арқылы, бағанның енін өзгертудің бір тəсілін қарастырғанбыз.
Кестені жиектеу. Кестені жиектеу үшін оны толық (A3:G12 ұяшықтар
блогы) белгілейміз жəне
Формат/Ұяшықтар командасын қолданамы
з.