11
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
белгілі бір деңгейде ортақ терминологиясын, ортақ ғылым тілін қалыптастыруға
байланысты. Бұлай болмаған жағдайда, олар бөлшектеніп, бірте-бірте дамыған
мәдениеттерге сіңіп, жұтылып кетуі ықтимал. Осындай үлкен мақсат жолында,
әрбір түркі елінің іргелі мемлекетке айналып, тұтас түркі әлемін қалыптастыру
үшін түркі тектес жұрағаттарымыздың парасат биігінен көрінетініне сеніміміз
мол.
Осы ретте негізгі сөз ортақ тіл туралы емес, ортақ термино ло гия қалыптас ты-
ру жайында болып отырғанын қаперден шығармаған жөн. Ортақ терминология-
лық жүйе құру арқылы аз санды түркі халықтарының жойылып кетуіне тосқауыл
қоюға әрі түркі халықтарының одақтаса отырып, нығаюына қол жеткізуге бола-
ды деп білеміз.
Бұл мәселе экономикалық жағынан да тиімді. Өйткені, алдымыздан 200 мил-
лионнан артық тұтынушысы бар кеңістік ашылар еді. Бүкіл әлемдік ғылыми
ақпаратты ұлттық тіл арқылы игергенімізбен, мұны тұтынуға келгенде өз
нарығымыздың тарлық етуі мүмкін екендігін де ойлауымыз керек, яғни әрбір
түркі халқының ұлттық тілінде ғылыми терминологияға балама тапқанымызбен,
оны пайдалану жағы кемшін болады. Сондықтан, ортақ түркі терминологиясын
қалыптастырғанымыз жөн. Бұл үлкен синергетикалық әсер береді.
Осы орайда түркі халықтарының бұған дейін жасаған, қалыптастырған тер-
мин-атаулары мен ұлттық баламаларын өзгерте алмаймыз және оның қажеті де
жоқ. Өйткені, бұлай жасау арқылы біз ыңғайсыздық пен келіспеушілікті тудыра-
мыз, оның үстіне шалағайлыққа, түсініксіздікке ұрынамыз. Сондықтан, барын сол
қалпында қалдырып, бұдан кейінгі істерімізді үйлестіре алсақ та тақиямызға тар
келмейді.
Әрине, терминологияны ортақтастыру жекелеген ғалымдар шеше салатын іс
емес. Бұл мәселемен түбегейлі айналысатын түркі мемлекеттердің терминолог
ма ман дарынан құрылған арнайы ғылыми орталық керек. Әсіресе, осыған дейін
әр елде әр алуан күй кешіп, өз халінше еңбек етіп жатқан әр қилы қоғам, ұйым,
одақтардың іс-тәжірибелерін осы іске жұмылдырсақ, айтарлықтай нәтиже берер
еді. Мүмкін, бұл орталықты Түрксой жанынан ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жа-
сау керек шығар? Бірақ, қалай болғанда да сең қозғалды, сана оянды. Осы бағыт-
тағы әрекеттеріміз жинақталып, бір арнаға түсетініне сеніміз кәміл.
Түбі бір түркі халықтарын бірінен бірін алшақтатқан тарихтың талай теперішін
білеміз. Соның ішінде жазу алшақтығының алар үлесі тым мол. Қараңыз, отыздан
астам туыс тілдер осы жазу түрлілігінің кесірінен 70-80 жылдың барысында, тіпті,
бірін бірі түсінбейтін күйге жетті. Араб, кириллица, латын, тағы басқаларының
жазуларының сан құбылтылған нұсқаларын мұра тұтқан түркі тілдері туыстық
негізде дамудың орнына бірінен бірі оқшауланып, дараланып, тұмшалана түскені
мәлім.
Түркі халықтары, негізінен, дербестікке қолы жетіп отырған бүгінгі таңда
Терминжасам жән
е терминалмасым
12
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
осы бір орасан олқылықтың орнын толтыруды ойластырғаны абзал. Бұл – тари-
хи мүмкіндік. Егер біз мұны дер кезінде пайдаланып қалмасақ, кейін кеш болуы
мүмкін. Сондықтан, жазу-сызуы ертеден жүйеленіп қалыптасқан түркі тілдерінің
негізгілері латын жазуын қолданады.
Ортақ терминологиялық жүйе қалыптастыру дегенде біздің көздеп отыр ға-
нымыз мынадай үш негіз:
а) түркі тілдерінің көбіне ортақ неше алуан туынды сөздер жасауға негіз болатын
түбірлер (Ә.Қайдар). Мұның саны едәуір және бұлар кез-келген түркі тілдерінен
кездеседі. Соларды кез келген тілден теріп саралай, жүйелей біл, талғай біл;
ә) түркі тілдеріне әр дәуірде еніп, сіңісіп кеткен кірме сөздер. Олар –араб, пар-
сы, монғол, орыс сөздері. Мұның үстіне кейінгі бір ғасырға жуық мерзімде орыс
тілі арқылы тілдерімізге көбі күштеп ендірілген интернационалдық термин-
дер. Бұлай деп отырғанымыз, әлгі термин сөздер орыс тіліндегі пішінін бұзбай,
яғни өзге тілдің заңдылығын сақтай енгізілгендіктен. Біз емле ережелерімізді де
әуелден-ақ осы ыңғаймен, яғни орыс тілінің үлгісімен түздік. Сөйтіп, тіліміздің
айтылу, жазылу заңдылықтарына айтарлықтай нұқсан келтіріп алдық. Енді осы-
ларды жаңаша игеріп, реттеуде де өзара ортақтаса шешілетін мәселе туындауда.
Ендеше, бұл жөнінде де кеңесіп, келісіп алатын жайттар жетерлік;
б) әрбір тілдің ғасырлар, жылдар бойы қалыптасқан өзіндік сөзжасам үлгілері,
яғни әрбір тілдің өз байлығын сарқа пайдалану мүмкіндігінің де оңашалыққа
ғана емес, ортақтыққа қарай жетелейтін мысалдары мол. Міне, бұл жерде де
сауаттылық пен сарамандық қажет. Осы айтылғандарды негізге ала отырып,
түркі тілдерінің бәріне ортақ үлгіні жасауға әбден болады деп білеміз.
Қозғалып отырған мәселені ғылымның кез-келген саласы бойынша тара-
та әңгімелеуге болады. Мәселен, медицина саласын алалық. Медицина ғылымы
неше алуан салалар мен тармақтардан тұратыны мәлім. Соның қай бөлігінде
де жүйелеуді, реттеуді күтіп тұрған мәселесі қыруар. Мемлекеттік тілді ғылым
тіліне айналдырудың түбегейлі мәселелері қарастырылып жатқан қазіргі кезде
бұл шаруаның көкейтестілігі, тіпті, анық. Тәуіп, емші, сынықшы, ұшықшы, та-
мыршы, тағы басқалар тәрізді толып жатқан ұғымдардың өзі-ақ ана тіліміздің
өрісін бұл салада да кеңейте түсуге болатынын байқатпай ма? Тек, ізденімпаздық
керек. Жоғарыда сөз болған түбір сөздің де, кірме сөздің де, сөзжасамның сан
түрін танытар төл байлығымыз да медицина саласында мол, олардың талай тер-
минге негіз болары хақ.
Медициналық терминдерге бұрын да негіз болған, қазір де негіз боларлық сан
мыңдаған өсімдік атаулары мен мал атаулары, дене мүшелері, ас-тағамды білдірер
сөздерді біз түгел игердік деп айта аламыз ба? Осы игілікті игерудің неше алуан
заңды жолдары мен принциптері сараланбай тұрып медицина ғылымының да
ұлттық тілде дамуы неғайбыл. Ендеше, бұл ғылым мамандарының алдында да
өзге тіл ғалымдарымен ортақтаса, кеңесе шешер мәселелер баршылық. Зиялы
Терминжасам жән
е терминалмасым