32
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
қарастырған еңбектері әдіснамалық негізге алынуы тиіс. Сонымен қатар жал-
пы терминтаным мәселесі бойынша Д.С.Лотте, В.М.Лейчик, А.В.Суперанская,
Татаринов В.А. т.б. шетел ғалымдарының ғылыми еңбектеріне талдау жасалып,
әдістемелік-оқу құралдары мен монографиялық еңбектердің, әртүрлі екітілді
терминологиялық сөздіктердің, әр сала мамандары мен тілшілердің бірлесіп,
қайта толықтырып-өңдеу нәтижесінде жарыққа шыққан (2014) 31 томдық са-
лалық терминдер сөздігінің материалдары сарапталады. Бұл жерде академик
А.Құсайыновтың басшылығымен қайта толықтырылып, өңделіп жарыққа шық-
қан осы 31 томдық салалық терминдер сөздігі топтамасының салалық термин-
дерді жүйелестіріп, біріздендіруге, оларды ұлттық үлгіде жетілдіре түсуге қосқан
орасан үлесін айырықша атап өткен жөн.
Сондай-ақ зерттеу жұмысында ғылыми тілді, ұлттық терминологияны қа-
лып тастыру бағытында жазылған қазақ тіл біліміндегі, орыс тіл біліміндегі
ғы лы ми теорияларға, ғылыми пікірлерге талдау жасау; қазақ тілінде жарық
көр ген әдістемелік-оқу құралдары мен монографиялық еңбектерден, салалық
терминологиялық сөздіктерден материалдар жинақтау; бірге//бөлек жазылуы
мә се ле тудырып жүрген терминдерді іріктеу; терминжасам барысында пайдала-
нылып жүрген немесе кейбір өнімді/өнімсіз жұрнақтарды топтастыру және са-
рап тау;мерзімді басылымдар мен баспа өнімдері, аудио және аудиовизуалды
БАҚ-ның тілдік материалдары және нормативті сөздіктердің материалдарын тал-
дау, сонымен қатар жаппай науқанды құбылысқа айналып отырған жарнамалық
мәтіндерді де негізге алып, оларға ғылыми-лингвистикалық талдау жасау-негізгі
міндеттер ретінде белгіленіп отыр.Міне, осы аталғандар қазақ тіліндегі салалық
терминдерді ұлттық үлгіде жаңғыртудың негізі ретінде алынып, қазақ тіліндегі
салалық терминдердің жүйеленіп, бірізденуіне, реттелуіне мейлінше ықпалын
тигізетін болады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Т.Әбдікерімова. «Отырар алқабы» газет бетіндегі терминдердің сипаты//
«Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы. 2007 ж.
52-бет.
2. Ә.Қайдар. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы. 1993 ж. 10-бет.
3. Шойбеков Р. Қолөнер лексикасының термин жасауға қатысы// «Мемлекеттік
тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты Халықаралық
ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы. 2007 ж. 19-бет.
4. Ө.Айтбайұлы. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы.
Алматы. 1988 ж.
5. Ш.Құрманбайұлы. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тә-
сіл дері.Алматы. 2005 ж.
6. Н.Уәли. Сөз мәдениетінің негіздері
33
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Жұмакүл Тұрарова
ҚР Заңнама институты Лингвистика
орталығының аға ғылыми қызметкері.,
Татьяна Еременко
ҚР Заңнама институты Лингвистика
орталығының кіші ғылыми қызметкері
Заңнамадағы тілдік норманы сақтау мен лексикалық
варианттылық мәселесі
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 28 тамыздағы № 858
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға
дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында заңнама сапасын
жетілдіру мәселелері қамтылған. Сондай-ақ Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стра-
тегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің жылсайынғы
Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға дейінгі ұлттың саяси бағытының бірі
ретінде мемлекеттік тілдің дамуын белгілеп, «Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі
кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыруды, қазақ тілін жаңғырту, терми-
нология және әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ
тіліне аудару мәселелерін шешу қажет», - деп атап өткені белгілі.
Осыған орайда, еліміздің заң шығару, норма түзу процесін жетілдіру, заңнаманың
орыс және қазақ тілдеріндегі тең түпнұсқалығын, оның ішінде заң терминдерінің
бірізділігін қамтамасыз ету назар аударарлық мәселе болып отырғандығы белгілі.
Қолданыстағы заңнамамызда әртүрлі варианттағы сөздер мен тұлғалардың
жарысып қолданылуы, терминдердің бірізді пайдаланылмауы сияқты және өзге
де көптеген олқылықтардың кездесетіндігі баршаға мәлім. Бұл бір жағынан әде-
би тіл мәдениетіне келетін нұқсан болса, екінші жағынан заң нормасының ай-
қын, дәл болуын бұзатын, талқылауда ұғымды әртүрлі түсінуге немесе түрліше
пайдалануға жағдай жасайтын мүмкіндік. Ал тілдік норма мен заң стилін бұзатын
олқылықтар көбінесе заң жобаларын әзірлеу барысында мәтіндерді, сөздер мен
терминдерді дұрыс әзірлемеуден орын алып жатады. Бұл орайда жобаны әзір-
леу кезінде тең түпнұсқалылықты сақтау, сөздердің ішкі айырмашылығын түсініп,
мәніне қарай талғаммен пайдалану аса маңызды. Мәселен, заңдарда үнемі қол-
данылатын ұғымдық атаулар «адам», «тұлға» деген сөздерді [1, 126] алатын
болсақ, бұлар стильдік мәні жағынан бірдей емес сөздер, «адам» сөзінің мағы насы
кеңдеу, ал «тұлға» сөзінің мәні шектеулі. Жарыса қолданылып жүрген осындай
сөздің қатарында «истец» - «талап қоюшы», «талапкер», «қуынушы», «иск» - «та-
лап қою», «талап-қуыным», «қуыным» [2, 108-109], «исковое заявление» - «талап
арыз», «қуыным арыз», «ходатайство» - «өтінішхат», «қолдаухат», «қолдау хат»,
«өтініш», поставщик - «жеткізуші», «берілім жасаушы» деген варианттар бар.
Қорыта айтатын болсақ, фонетикалық, морфологиялық жағынан түрленетін
Терминологияның зерттелуі жән
е салалық терминдер мәсел
есі