21
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Төртіншіден, термин жөніндегі дұрыс түсінік қажет. Біз сөз бен терминнің
арасының өзін ажырата алмай жатамыз. Біздің қоғам үшін коғамдық-тұрмыстық
лексика қорына жататын күнделікті қолданыстағы сөздердің барлығы термин-
ге қабылданады. Мысалы, жол оқиғасы, дүкен, сынып, дәрісхана, шенеунік
сияқты т.б. толып жатқан сөздердің барлығы термин сөздерге жата бермейді.
Әрине, термин мен сөздің арасында байланыс бар. Бірақ терминде шектеулі
ұғым ның болатындығы, оның тұлғасы оқшаулау болғанымен, қолданыла келе
қа лыптасып кететіні, сөзге қарағанда терминнің тұлғасыңда шарттылықтың
ба сым болатындығы жөніндегі белгілерді ажырату қажет. Соның салдарынан
көпшілігімізге терминдердің де тұлғасы сөздер сияқты бәрімізге түсінікті, тө-
селген болуы керек сияқты болып тұрады. Ал шын мәнінде олай емес. Бұл фак-
тор келесі фактормен тығыз байланысты. Дегенмен, келесі факторға тоқталмас
бұрын термин сөздер мен қалыптасып жатқан жаңа сөздердің арасындағы ұқ-
састықтар мен айырым белгілерді көрсетіп беруге ұмтылдық. Ең алдымен, жаңа
жасалған термин әрі жаңа сөз ретінде қалыптасып, терминологиялық өрісте
тер миннің, жалпыхалықгық тіл аясында жаңа сөздің қызметін атқара береді.
Мұн дай жағдайда жаңа тілдік бірліктің не термин болуын, не жаңа сөз болуын
қолданылатын өрісімен айқындау керек. Мысалы, соңғы кезеңде экономика са-
ласында қолданылып жүрген кәсіпкер термині қолданысына байланысты әрі
термин, әрі жаңа сөз бола алады. Немесе бейнетаспа термині әрі термин ретінде
телевизия саласында қолданылып, әрі тұрмыстық лексикада да жаңа сөз ретінде
қолданылады.
Ал кейбір тілдік бірліктер тек термин ретінде терминологиялық өрісте қол-
да нылады. Мысалы, бап термині тек заң саласында, сөзжасам термині тек
тіл білімінде қолданылып, жалпыхалықтық лексикада жаңа сөз ретінде қол-
данылмайды. Бұған керісінше, кейбір жаңа сөздер жалпыхалықтық қолданыс
мақсатында жасалып, сол өрісте ғана қолданылып, термин ретінде мүлдем жұм-
салмайды, ешқандай ғылым саласының жүйесіне жатпайды. Мысалы, аялдама,
тұрақ, автотұрақ, кітапхана, ойынхана, сырахана, көлік жуу, мейрамхана
сияқты сөздердің ешқайсысы да термин сөздер бола алмайды. Өйткені, ол сөздер-
дің ешқайсысы да ғылым саласының жүйесіне қатыссыз, терминологиялық өріс-
те қолданылмайды.
Сондай-ақ, терминді ажырататын ең басты белгілердің бірі — оның белгілі бір
ғылым саласының жүйесіне қатыстылығы деген қорытынды жасауға болады.
Бесіншіден, сыннан гөрі саналы әрекет, яғни, нақты тілдік қолданысқа, оны
қалыптастыруға деген ұмтылыс керек. Ал бізде сын көп, саналы әрекет аз.
Қолданбаймыз, өзіміз термин жасамаймыз, термин табиғатын түсінбейміз, ау-
дармаймыз. Бұл ұлттық терминдер қалыптастыру ісіне жетелемейтіні шындық.
Сондықтан біз үшін А.Байтұрсынұлы жасаған аударма шеберлігін, одан бергі
кезеңдерде де пайдаланған Қ.Жұбанов сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі тә-
жірибелерін пайдалану керек [5,44].
Терминжасам жән
е терминалмасым
22
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Алтыншыдан, дұрыс аударма қажет. Аударманың үнемі сәтті шыға бермей-
тіндігі белгілі. Бұл түсінікті. Бірақ оған не қажет? — деген орынды сұрақ туын-
дайды. Дұрыс аударма үшін сапалы ұлттық мамандар терминология саласымен
де айналысуы керек. Ұлт тілін меңгерген, әрі мамандықты меңгерген ұлттық ма-
ман сапалы термин жасауға негіз бола алады. Ал бұл жөнінде белгілі терминолог-
ғалымдардың қай-қайсысының да еңбектерінде айтылады. Ал бізде термин ісімен
тек тілшілер айналысуы үйреншікті жағдай. Басқа сала мамандарынан термино-
лог-мамандар дайындау ісі жолға қойылмаған. Терминология осыған дейін тіл
білімінің бір саласы — лексикологияның аясында қарастырылып келгендігін ай-
тып жүрміз. Ал шын мәнінде, лексикология емес, тіпті тіл білімімен байланысты
болса да, терминологияның табиғаты өзгешелеу. Ол салааралық ғылым саласы
және салааралық пән ретінде жоғары оку орындарында барлық мамандықтарға
жүргізілуі тиісті. Әр салаға қатысты терминолог-мамандар дайындаудың бір көзі
де осында жатыр. Ал мұндай механизм басқа елдерде осы бағытта дамып отыр.
Оны орыс, неміс, ағылшын, американ ғылымындағы терминологияға қатысты
ғылыми еңбектер мен көзқарастар дәлелдеп бере алады. Терминологияның,
оның ішінде, ішкі терминжасам көздерінің іс жүзінде дамуына әсер етуші бір-
ден-бір фактор, әрі термин шығармашылығындағы ұлттық бағыттағы істер-
дің жүргізілуінің негізгі бастамасы — мектеп және мектеп окулықтары болуы
тиіс. Өйткені, қазіргі буынның санасында ескі терминдік ұғымдар сіңісіп кет-
ті десек те, келесі буынның, өсіп келе жатқан әрбір жас буынның санасында
ұлттық терминдерді қалыптастырушы, оның болашақ қоғамдағы, ғылым ал-
дындағы орнын нақтылайтын бірден-бір көз — мектеп оқулықтары болып та-
былады. Мектеп оқулықтары тек қана жас буынның, санасына жаңа терминдік
қолданыстарды сіңіріп қана қоймайды, олардың ары қарай да ұлттық үрдісте
дамуына әсер етеді.
Психолингвистикалық тұрғыдан орыс ғалымдарының зерттеулеріне тағы
жүгінсек, баланың ана тілінің грамматикалық жүйесімен қарулануы оның пси-
хо ло гиясының дамуына да әсер ететіндігін А.М.Шахнарович: "Ана тілінің
грам матикалық құралдарымен қарулану, синтаксистік жүйесін игеру, предикат-
тық сөйлем құраушы тілдік қатынастарын игеруі тек қарым-қатынас барысын-
да жүзеге асатын және қарым-қатынас үшін жұмсалатын сияқты. Бұл үрдіс
баланың психикалық дамуымен, еңбек әрекетінің дамуымен тығыз байланы-
сты" [6,54], - деп көрсетеді. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде термино-
логия тұрғысынан дұрыс қалыптасқан, дұрыс жасалған, сұрыпталып, орныққан
терминдерді қамтитын оқулықтар шығарылуы тиіс. Сонымен, түйіндей айтсақ,
бұл біз байқаған, мүмкіндігінше дәлелді түрде анықтауға ұмтылған ұлт тілінің
негізіндегі терминдерді жасауға әсер етуші факторлардың негізгілері ғана.
Олар дың ішінде ұлттық психология мен аударманың қазіргі қазақ терминжа-
сам жүйесіндегі негізгі көздердің бірі екендігіне көз жеткіздік. Өзге де ұлттык
Терминжасам жән
е терминалмасым