7
ХАБАРШЫ
Терминологиялық
Зерттеуші Ләззат Дүйсембекова «Хаттаманың қолға берілетін белгілі бөлі-
гін (выписка из протокола) осыған дейін хаттамадан көшірме деп келдік. Ен-
ді осындағы көшірме сөзі копия сөзінің аудармасы және оның мағынасын
дәл беретіндіктен және копия мен выписканы бір-бірімен шатастырмас үшін
хат тамадан көшірме емес, хаттамадан үзінді деген қолданыс дұрыс»[4, 297]
дейді. Ұғымдардың аражігін ашу тұрғысынан бұл ұсынысты орынсыз дей ал-
маймыз. Алайда қазіргідей көшіру аппараттары болмай тұрған кезеңде алаш
зиялыларының «выписканы» «көшірме» деп алуы өте орынды. Ұзақ жылғы
қолданылғандықтан бұл терминді «үзіндімен» алмастыру да оңайға соқпайды.
Терминнің узуалдануы, нормаға айнала бастауы сияқты факторларды да есеп-
ке алғанымыз жөн секілді. Одан гөрі «көшірмені» жайына қалдырып, «үзінді»
орнына басқа балама тапсақ, оның тілде орнығуы әлдеқайда жеңіл болады деп
ойлаймыз. «Қарыз, шағым, өтініш атауларының аражігі ашылмай қолданылып
жүр»[4, 299] деген пікір де орынды. Бұл тұрғыдан қарағанда да алаш зиялылары
«жалоба» сөзін «арыз», «шағым» деп өте орнымен жұмсаған.
1931 жылы Қызылордада «Қазағыстан» баспасынан жарық көрген «Атау-
лар сөздігінде» [3] көшірме (выписка), жүргізушілік (делопроизводство), іс
жүргізуші (делопроизводитель), шарт, келісім уәде (договор), ыспаттама (доку-
мент), қаулы (постановление), көшірме (выписка), жарнама (объявление), баян
қат (объяснительная записка), пұратакол (протокол), мәжіліс қат (протокол за-
седания), қарар (резолюция), қаттау (регистрация) сияқты ісқағаз терминдері
алдыңғы «Пән сөздерінен» еш айырмасыз берілді. «Пән сөздеріне» енген тер-
миндер алаш оқығандарының 1920-1925 жылдар арасында жасап, өздері жаппай
қолданған атаулар еді. Олардың авторлары мен ұлттық сипаттағы термин жасау
бағытын ұстанушылар қуғындалып, кеңес үкіметінің жаулары саналып жүрген
30-жылдарда олардың жасаған еңбектерінің өзгеріссіз жалғасын тауып жатуы
жаңа бағытты ұстанушыларға ұнай қойған жоқ. Сол себепті бұл сөздік сол жыл-
дары Е.Кротевич, М.Қайыпназарұлы сынды кеңестік терминжасам үрдісіне
бет бұрған авторлар тарпынан қатты сын айтылды. Халық ағарту комиссари-
аты Білім кеңесінің термин комиссиясы бекіткен терминдердің бұлайша алаш
зиялылары шығарған алдыңғы сөздіктегіден еш өзгеріссіз қайта басылуының
басты себебі білім беру, халық ағарту саласында алаш қайраткерлерінің ық-
палы әлі күшті екенін көрсетеді. Олардың ықпалы тек өздері қуғын-сүр гін
құрбаны болған сол отызыншы жылдардың ортасында (1935-37 жылдары) ғана
толық жойылды. Осы сөз болып отырған тілдік-тарихи деректер алаш қай рат-
керлерінің өз ұстанымдарынан өмірлерінің соңына дейін бас тартпағанын көр-
сетеді. Екіншіден, Кеңес одағы әлі ұлттық республикалардағы терминология-
ны қалыптастыру бағытын белгілеп бере қоймаған еді. Сондықтан да термин
шығармашылығы мен терминологиялық сөздіктер түзудегі сабақтастық үзіле
қоймаған еді. Кеңес Үкіметі күшейіп, то лық үстемдігін орнатқаннан кейін тіл
Терминжасам жән
е терминалмасым
саясатын да қатайтып, ұлт тілдерінде тер мин жасау, терминқорды қалыптастыру
бағытын да отызыншы жылдардың орта шеніне қарай белгілеп берді. Сол
кезеңнен бастап ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алаш оқығандары жасаған
терминдердің көпшілігі ғылымның әр түрлі саласынан негізсіз аласталды. Қанша
қаламаса да қолданыстан шығара алмаған да атаулар болды. Біз ел тәуелсіздігін
жариялаған 90-жылдардан кейін ғана олардың мұрасымен танысып, кезінде
сыңаржақ саясаттың салдарынан орынсыз шеттетілген көптеген терминдерді
қайта қажетімізге жарата бастадық. Бүгінгі ісқағаздарын жүргізу саласындағы
негізгі тірек терминдердің көбісі алаш зиялыларының қаламынан туындаған
атау лар. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары іс қағаздарын қазақша жүргізу
қажет болғанда алаш мұрасына жүгіндік. Бүгінгі ісқағаз атаулары мен осы салада
қолданылып жүрген терминдер жасалған жоғарыда атап көрсетілген негізгі екі
терминүлгі де алаш оқығандарынікі. Бүгінгі ең өнімді саналып отырған
-ма/-ме
үлгісі де «
хат» сөзін қосып жасау 20-жылдардағы терминжасам тәжірибесінің
нәтижесі. Қазіргі қолданыстағы анықтама, мәлімдеме, тізбе, тізімдеме сынды
атауларды да, жеделхат, қолдаухат, ұсынысхат сияқты терминдеріміздің алаш
білімпаздары салып берген ізбен, солардың қаламынан туындаған билік хат,
баян қат, шақыру қат, мәжіліс қат, сақтық қат қалауқат терминдерінің
үлгісімен жасағанымызды ашық та анық айтуға міндеттіміз. Бұл біздің ресми
ісқағаз жүргізу саласындағы терминжасам тәжірибеміз бен терминқорымызды
қалыптастырудағы мәжбүрлі түрде үзіліп барып қайта жалғасын тапқан дәстүр
сабақтастығымыздың айқын дәлелі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы, 2014. 265-б.
2. Пән сөздері. Құрастырған: Қаратышқанов Н. Екінші басылымы. Араб гра-
фикасынан кириллицаға көшіріп, сөздікті шығарушылар: Ш.Құрманбайұлы,
О.Жұбаева. –Алматы, 2004. – 128 б. (Бірінші басылымы 1927 жылы Қызылордада
араб әліпбиімен жарық көрген).
3. Атаулар сөздігі. (Екінші басылымы. Араб графикасынан кириллицаға
көшіріп, сөздікті шығарушылар: Ш.Құрманбайұлы, О.Жұбаева). –Алматы, 2004.
– 184 б. (Бірінші басылымы 1931 жылы Қызылордада араб әліпбиімен жарық
көрген).
4. Дүйсембекова Л. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. –Алматы, 2010. 297-б.