Терминологиялық хабаршы №1 (51) 2016



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет7/32
Дата25.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#17605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

16

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

таль жүйесі, газ қысымы, жуу секторы, шарошка тістері, мотор майлары, бұр-

ғылау рейсі, ротор ішпектері, газ торабын, т.б.

Біздің пікірімізше, кірме технология – әрбір кірген тілдің халықаралық лекси-

калық  қоры.  Оның  құрамына  ең  кемінде үш  бір-бірімен туыстық жақындығы 

жоқ тілдердегі жазылуы мен айтылуы лексикалық мағынасы бір сөздер жатады. 

Кірме терминдерінің сіңісіп кетуі жеңіл мәселе емес. Ол көбінесе өмір қажет-

тілігі, баламасының болмауы салдарынан біздің тілімізге енеді. Мұнай термино-

логиясында кірме терминдердің саны аз емес. Бұл техникалық кірме терминдер 

ғылым мен техниканың дамуына байланысты өндірісте қалыптасып, көпшілікке 

түсінікті сөздерге айналады.

Кірме  терминдердің  қолданылуы  жайында  М.Серғалиев:  «Қазіргі  термин 

қолдану практикасында негізгі үш түрлі бағыттың – интернационалдық термин-

дерді аудармай алу; шет ел немесе орыс тіліндегі сөздердің мағынасын дұрыс 

бе ре алатын қазақ сөздерін пайдалану; қазақ тілінің нормасына сай келетін жаңа 

тер миндер жасау күнделікті дәстүрге айналып отыр» дейді. Интернационалдық 

терминдер анықталушы сөзбен табыса, матаса байланысып келе береді. Кейбір 

мұнай  терминдерінің  терминкомда  бекітілген,  өндірісте  қолданып  жүрген 

қазақша баламалары бола тұра, орыс тіліндегі атаулары жарыса қолданылады.

Мәселен,  ұңғы  сөзінің  орнына  скважина,  құбыршек  сөзінің  орнына  шлан-

ка, шикізат қоры тіркесінің орнына шикізат базасы деген тіркестер қолданыла 

береді.


Ш.Біләловтың  «Батыс  еуропа  халықтары  тілдерінде  болып  келетін  жаңа 

ғылыми-техникалық атауларды түпнұсқада қабылдаған орыс тіліне нұқсан келе 

қоймайды, қайта сөздің бас-аяғын дұрыстап жөнге келтіргеннен соң, ол көптен 

көз көріп, құлақ естіген орыс сөзі сияқты болып шыға келеді. Бұл негізінен, орыс 

тілінің жасандылыққа аса бейімділігі. Ғылым мен техника жетістігін орыс тілі 

арқылы меңгерген, ғылымдар биігіне орыс тілі арқылы көтерілген қазіргі қазақ 

тілі  үшін  орыс  тілінің  осы  бір  «жасанды»  қылығы  кереғар  әсер  етуде.  Қазақ 

тілі  сөз  келбетін  сақтау  үшін,  өзіндік  заңдылықтарын  бұзбау  үшін,  ғылыми 

техни калық  атаулар  қазақ  тілінде  меңгерілуі  тиіс,  қазақша  сөйлеуге  тиіс»  де-

ген пікірін түбегейлі қостасақ, ғылым мен техника тілін әсіресе, өндіріс сала-

сын түгел қазақшалау бірден мүмкін бола қояр ма екен. Мәселен, каратаж де-

ген  терминнің  орнына  –  ұңғы  қабырғасын  құрастыратын  тау  жыныстарының 

физикалық қасиеттерін білуге арналған зерттеу әдісі деп қазақшалап айтуға да 

болар еді, алайда мұндай шұбаланқылықтан терминдік ұғым атаулық мән бере 

алмайды. Б.Әбілқасымовтың «Термин дегеніміз ғылым мен техника саласында 

қолданылатын арнайы лексика; оның басты белгілері: дәлдік, қысқалық, жүйе-

лілік» дегенін еске алсақ, терминге тән жинақылық, қысқалық сақталмайды.

Ғылым  мен  техника  саласындағы  ұғымдарды  білдіретін  атаулар  терминдік 

жүйеге түсу үшін белгілі бір жағдай керек, яғни ең алдымен ғылым саласы, сол 

Терминжасам жән

е терминалмасым



17

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

ғылым саласын айқындайтын ұғымдар қалыптасу керек. Сонан кейін әрбір ұғым-

ды беретін сөздер пайда болады да, олар сол ғылым саласымен айналысатын 

ортада қолдау тауып, терминдік жүйе ретінде саналады. Сөйтіп терминді түсіну 

үшін  олардың  функционалдық,  құрылымдық-генетикалық  және  нормативті 

стиль дік  белгілерін  жан-жақты  зерттеу  қажет  болады.Терминдер  әдеби  тілдің 

бөл шегі ретінде жалпы халықтық негізде дамиды десек, терминдерді зерттеген-

де, оның негізгі көзі болып табылатын жалпы халықаралық тілді ешқашан ес тен 

шығармауымыз қажет. Оның қыр-сырын біліп, ондағы терминдік ұғымды біл-

діру мүмкіншілігі бар атауларды ажырата білу керек.

Қ. Жұбанов: «Термин – әр елдің сөзінен алынса да, мысалы, «еңбек» , «ақша» 

немесе  халықаралық  сөзбен  алынса  да,  мысалы,  «капитал»,  «валюта»  сияқты 

– қашан да халықаралық болады, өйткені бұлардың екеуі де жер жүзіне белгілі 

ортақ  ұғымдарды  білдіреді.  Өндіріс  бүкіл  жер  жүзілік  болып  стандарт  түрге 

көш кенін көреміз, осының белгісі болып халықаралық стандарт терминдер кө-

бейеді,  өзі  көбінесе  халықаралық  стандарт  сөзбен  айтылатын  болады»  деген 

ғы  лы ми  тұжырымдарына  сүйене  отырып,  мұнай  лексикасында  халықаралық 

стан дарт терминдердің көп болуына осы өндірістің халықаралық деңгейде да-

муы негіз болып отыр деуге болады. Олай дейтініміз, бұл шаруашылық – қазақ 

елінің ауыл шаруашылығындағы аграрлық кәсібі емес, қазіргі заманғы ғылым 

мен техниканың озық тәжірибесі мен терең ғылыми болжамдарының негізінде 

өркендеп отырған күрделі өндірістік сала.

Соған  қарамастан,  А.Байтұрсынұлы:  «Біз  сияқты  мәдениет  жемісіне  жаңа 

ау зы  тиген  жұрт,  өз  тілінде  жоқ  деп,  мәдени  жұрттардың  тіліндегі  сөздерді 

ал ғыш тап,  ана  тілімен  жат  тілдің  сөздерін  алмастыра,  ақырында  ана  тілінің 

қайда кеткенін білмей айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан, мәдени жұрттар-

дың  тіліндегі  әдебиеттерінің,  ғылым  кітаптарын  қазақ  тіліне  аударғанда  пән 

сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз ке-

рек. Сонда біздің тіліміз таза болады.» деген пікіріне сүйенсек, онда мұнай са-

ла сы ндағы терминдерді ұлт тілінде дамыта түсу керектігі тіл білімі үшін қазақ 

тілінің болашағы үшін, қала берді ғылым тілін қазақша сөйлету үшін аса қажет 

шаралардың бірі болып қала бермек.

Осындай пікірлерді жан -жақты ой елегінен өткізе отырып, мынадай қоры-

тынды жасаймыз. Жаңадан жасалған терминдер алғашында құлаққа тосаң есті-

леді. Олардың бәрі бірдей қолданысқа түсіп кетуде бейімді-ақ еді деп те айтуға 

болмайды.  Дегенмен  олардың  сәтті  шыққандарын  елеп-екшеп  алып,  төл  тер-

минологиямызды қалыптастыруымыз қажет. Жаңа терминдердің дүниеге келуі 

қалыптасқан ғылым тілін, терминологиямызды бұзу емес, керісінше дұрыс қа-

лып тасқан қазақ терминологиясын қалпына келтіруге ізгі қадам жасау. Қазіргі 

кезде ұлттық тіл байлығымызды жаңғыртып, мүмкіндігінше төл тілімізді сарқа 

пайдаланып, термин жасам бағыты дамып келе жатыр. Ғылымды қазақшалауға 

Терминжасам жән

е терминалмасым



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау