Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет106/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   162

287

айту: алтау – көп адам, топ және жай топ емес, белгілі мақсатпен 

ұйымдасқан топ.

Аға  сөзінің  «басшы,  жетекші»  мағынасы  отағасы,  қосағасы, 

тетағасы деген біріккен атаулардың өте ертеде жасалғанын көрсетеді. 

Бұлардың  отағасы  (отбасының  басшысы,  үйдің  иесі),  қосағасы 

– жорыққа, аң аулауға, басқа бір жерге белгілі бір шаруамен жолға 

шығуға жиналған топ – қостың басшысы, ал тетеағасы>тетағасы 

–  Н.И.Ильминскийдің  көрсетуі  бойынша,  «қосағасынан  кейінгі 

басшы». Бұл күнде бұл үш сөздің үшеуінің де алғашқы номинатив 

(атауыштық)  мағынасы  ескіре  түскен:  отағасы  –  көбінесе  қаратпа 

сөз  қызметінде  жасы  үлкен  (ересек,  егделеу)  ер  адамға  айтылады 

не  әйелі  өзінің  күйеуі  (ері,  шаңырақ  иесі)  туралы  әңгіме  айтқанда 

қолданады (отағасым жол жүріп кетті дегендегі сияқты), қосағасы 

сөзінің мағынасын қос және аға сөздеріне қарап, әйтеуір топшылауға 

мүмкіндік бар, ал тетағасы деген сөздің болғандығын XIX ғасырдың 

II  жартысында  жиналған  (Н.И.Ильминскийдің)  материалдарынан 

біліп отырмыз.

Демек, аға сөзінің қазақ тілінде, кейбір өзге де түркі тілдеріндегі- 

дей және «басшы, бастаушы» деген бір нақты атауыштық (номина-

тив) мағынасы болғанын айтамыз. Мұны XV-XVI ғасырларда жасап 

өткен Қазтуған, Шалкиіз (Шәлгез), Доспамбет жыраулардың тілінен 

табамыз: Азаулыда аға болған ерлер көп еді (Доспамбет). Батыр жігіт 

жау бастар, Аға жігіт қол бастар (Шалкиіз). 



Аға – әскери термин іспетті, яғни жаугершілікте қолды (сарбаз-

дарды)  бастайтын  адам  (ер,  батыр).  Аға-ның  «басшы,  бастаушы» 

мағынасы  болғанын  күні  кеше  (XIX  ғасырда)  жырлап  өткен  Сүгір, 

Махамбет,  Шернияз,  Мұрат  және  басқа  ақындардың  тілі  дәлелдей 

түседі: «Кешегі өткен Ер Сырым Кіші жүздің ағасы» (Сүгір); «Рулы 

елге жарасар Үлгі айтатын ағасы» (Байдалы би); «Исатай деген ағам 

бар, Ақ кіреуке жағам бар» (Махамбет). Бұл жерде Махамбет ақын 

сардар Исатайды аға деп жасы үлкендігіне қарап атап отырған жоқ, 

көтеріліске шыққан қарулы «топтың басшысы» деп танып отыр.

Аға  сөзінің  «бас,  басшы»  мағынасы  оғыз  тілдерінде  де  айқын 

көрінеді. Бұл атаудың әскери титул ретінде жұмсалуы түрк янычар- 

ларының  коменданттардың  аттарына  тіркесіп  айтылған.  «Шейба-

ни-наме»  ескерткішін  зерттеген  орыс  ғалымы  –  И.Березин:  Осман 

түріктері  аға  сөзіне  «әскери  мырза  (әмірші),  бастық  мырза  (госпо-

дин)» деген мағына берген», – деп жазады

7

.

Аға сөзінің ноғайлы-қазақ одағында да әскери-әкімшілік титулы 



ретінде қолданылғандығын оның жалқы есімнен (адам атынан) кейін 

7

 Библиотека восточных историков, изд. И.Березиным. - Т.І. - СПб, 1849. - С. 212.




288

келіп айтылатындығы дәлелдейді. Мысалы, «Ер Доспамбет ағаның 

Хан ұлынан несі кем?» Бұл жерде жалқы есімнен бұрын келген ер 

сөзі – кісінің (Доспамбеттің) қасиетін көрсететін эпитет (Ер Тарғын, 



Ер Сайын деген сияқты). Ал жалқы есімнің соңынан келіп тіркескен 

сөздер эпитеттен гөрі белгілі бір атақты, дәрежені білдіретін сияқты. 

Демек, «Ер Доспамбет басшы» деп атап тұр.

Аға  сөзінің  бұдан  4-5  ғасыр  бұрынғы  қазақ  қоғамының  тек 

ауыз  әдебиеті  («Едіге»,  «Ер  Тарғын»  сияқты  батырлар  жырла-

ры)  үлгілерінде  ғана  емес,  жазба  үлгілерінде  де  орын  алғанын 

XVI  ғасырдың  соң  кезінде  жасап  өткен  тарақ  таңбалы  жалайыр 

руының  биі  –  Қадырғали  Қосымұлының  «Жами’ат-тауарих»  атты 

жылнамасының  мәтіні  көрсетеді.  Мұнда  белгілі  бір  өлкені,  әскери 

бөліктерді, рулар мен тайпа басшыларын үш сөзбен (терминмен) бер-

ген: әмір, бек (би), аға. Бұл үш атау тепе-тең синоним ретінде бірінің 

орнына бірі айтыла берген: мыңбегі, мыңағасы: «Уа Мүгеті баһадур 

мық кішінің бегі ерді, йа’ни мың ағасы». Бұл орайда әмір/ әмірші – 

парсы тілінің, бек – түркі тілдерінің, аға – қазақ, ноғай, қарақалпақ 

тілдерінің баламалары деуге болады. Бұл қазақ жазбасында бек сөзі 

сияқты аға сөзі «әмірші, билеуші, басшы» деген титул ретінде жалқы 

есімнің  соңынан  келіп  жұмсалғаны  тіпті  көп  ұшырасады:  Бүйінчік 



аға, Абдулла аға, Булад аға т.б.

8

 



Сөйтіп, бүгінгі оқырмандар сүйіп оқитын батырлар жырлары деп 

аталатын эпостарда да, жазба түрде сақталған жылнамаларда да, ХV-

ХІХ ғасырларда жасап өткен ақын-жырауларда да кездесетін аға сөзі 

«бас,  басшы,  әмірші»  мағынасындағы  семантикалық  ескілік  болып 

танылады. Аға сөзінің «басшы» деген ескі мағынасын XV ғасыр ту-

ындысы  –  «Едіге»  жырынан  бастап  танимыз.  Бұл  –  семантикалық 

ескілік.

Айлану.  Бұл  сөз  ескі  жырларда  жиі  кездеседі.  Мұны  көбінесе 

метатезаға  ұшыраған  айналу  сөзі  деп  танушылық  басым,  өйткені 

мәнмәтінге  қарағанда,  бұл  таным  (түсіндірме)  дұрыс  келетін 

сәттері бар. Ал кейбір тұстарда, мысалы, «Едіге» жырының Шоқан 

мен  Қаныш  Сәтбаев  нұсқаларында  «айналу»  мағынасынан  гөрі, 

«жәбірлену, қорлану» деген семантикалық реңкі бар сөзге ұқсайды.

Тоқтамыс хан айналасындағы жақсылардан Едігені қолға түсіру- 

дің айла-амалын сұрағанда, ешқайсысының берген ақылының байы- 

бына  бармайды,  өкіліне  түспейді  (ақылына  қонбайды),  сонда 

«ноғайлының ауыр жұрты абдырады, айланды, Айланып кеңес тап-

пады» дейді. Мұндағы айлану – «айналу» мағынасындағы сөз емес. 

Біз  бұл  тұлғаны  бұрынырақ  бір  талдағанда,  айла-  етістігі  көне 

түркі  тілдерінде  «жәбірлену,  қорлану,  кемсіну»  мағынасын  беретін 

8

 Сыздыкова Р.Г. Язык «Жами´ат-тауарих» Джалаири. - Алма-Ата: Наука, 1989.




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау