285
нұсқасынан басқалары Шоқан нұсқасының қазақша варианты емес
екендігі, олардың сюжеті де, кейіпкерлері де, оқиғалары да көп тұста
өзгеше болып келетіндігін фольклортанушылар әбден нақтылап
дәлелдеген болатын. Бір ескертетін жайт – «Едіге» тақырыпты жыр-
лар Шоқан мен Қаныш нұсқаларынан өзгелерінің барлығында дерлік
лексика-морфологиялық ескіліктер (ескі сөздер мен өзге түркі тілдік
морфологиялық көрсеткіштер) мүлде аз, тіпті жоққа тән деуге бола-
ды. Мұрын жыраудың (XX ғасыр) «Қырымның қырық батыры» атты
жырларындағы «Едіге» нұсқасында да ескі сөздер кемде-кем. Мұнда
біз алғаным (жұбайым), тоғысу (айқасу, ұрысу, соғысу), астана де-
ген 3-4 ескі сөзді ғана таптық. Жырдың XX ғасырдың II жартысында,
яғни біздің заманымызда жырланғаны анық байқалады. Мұнда тіпті
сүрегі біткен күніміз деген жыр жолында орыстың срок сөзі де кіріп
кеткен. Кейінгі ғасырларға тән әскер, мылтық сияқты сөздер бар. Де-
генмен біз төмендегі тізіп алып, түсіндірмесін жасап отырған мате-
риалдарда Едігеге қатысты қазақ жырларының мәтіндерін біршама
сүзіп шықтық. Бұл тұста байқалғаны – Ә.Диваев нұсқасы негізінен
қара сөзбен айтылған, өлеңмен келген мәтін 4 жерде, бірақ олар да өте
қысқа: 1-рет келгені – 12 жол, 2-ретте – 8 жол, 3-ретте – 28 жол, соңғы
үзік – 9 жол. Эпостың өлеңмен берілген тұстарының поэтикалық
сындарлығы жоқ, тым қарапайым баяндау стилімен келген. Жыр
нұсқасы кейінгі кезеңдерде пайда болған, мұнда отты қару құралдары
мылтық, бердеңке болып келеді, ілгері ХV-XVII ғасырлардағы өлең-
жырлардағы толғамалы ақ найза, қылыш, сүңгілер жоқ. Жыр тілінде
жиналған ортаның ізі байқалады: Ташкентте қызмет еткен Ә.Диваевқа
жырды жинап бергендердің ауқат шегу, қандай қылайын, һәм, нешік,
ауға кеткенде, қандай қылып жұмсайын сияқты өзбек тілінің (сірә,
өзбек арасындағы қазақтардың) ізі (сөзқолданыс машығы) байқалады.
Ә.Диваев нұсқасында лексикалық ескіліктер мүлде жоқ.
Мәшһүр Жүсіп нұсқасының өлеңмен келген тұстары көп және
өлең тілі көркем, қазақтың поэтикалық тілінің табы байқалады,
мұнда да Шоқан мен Қаныш нұсқаларында кездесетін ескіліктер
жоқ. Алдыңғы варианттарға қолданылған Үкім, сен тұра тұр деген
жол Ботам, сен тұра тұр деп берілген. Демек, жыр қазақ тілінде
туған. Араб, парсы сөздерінің көбі түпнұсқаға жуық орфограммамен
келеді (ғақыл, ғәзіз т.б.).
Нұртуған Кенжеғұлұлының XIX ғасырдың II жартысында
жырлаған «Мәулімнияз Едіге» дастаны – тілі жағынан Едіге туралы
жырлардың өзге нұсқаларынан ерекшеленіп тұрады, жыр көлемді,
таза қазақ тілінде нағыз ақын жырлаған. Мәтінде араб, парсы тілінің
ислам дініне қатысты сөздері баршылық. Дастан мұсылманшылық
286
идеясын ұстанған, оның өзінде де Сыр бойында, Қазақстанның батыс
өлкелерінде ұзақ уақыт күшін жоймаған Ясауи мектебінің (діни оку
мен поэзияда) үлгісі байқалады: мұндағы шайх, шарапат, мүрит,
зікір айту деген сөздер басқа жырларда мүлде кездеспейді.
Қорыта келгенде, «Едіге» цикліндегі жыр, дастандардың ең
әрідегі қазақша нұсқалары – Шоқан Уәлиханов пен Қаныш Сәтбаев
жинап, жариялаған варианттарында лексикалық, морфологиялық,
орфограммалық ескі бірліктер арнайы сөз ететін, зерттейтін, талдай-
тын, түсіндіретін материал деп табамыз.
«Едіге» жырының Шоқан жинаған нұсқасында орын алған
төгерек (шеңбер, дөңгелек, айнала, төңірек), жазы/йазы (дала), шому
(сүңгу, суға түсу), сөзлесу (сөйлесу), бота екенінде (бота кезінде), су
(өзен), ноғайлының ауыр жұрт, айлану, кеше (түн), алдырту (жау
қолына беру) сияқты сөздер – сірә, сол кезеңдегі ноғай тіліне тән
бірліктер болар. Бұл қатарға арап-сарап (арақ-шарап), үкем (қарағым,
айналайын) сияқты 5-10 сөзді де қосуға болар, мұны күмәнмен айтып
отырған себебіміз – олар қазіргі ноғай тілі сөздіктерінде тіркелмеген
(қазақ тілі сөздіктерінде де күні бүгінге дейін жүздеген ескіліктер
орын алмай келе жатқаны белгілі, сол сияқты қазіргі түркі тілдерінде
«ескілік» болып табылатын көне, ескі сөздерді таба алмаймыз).
Ал жырдағы қалған ескіліктер түптөркінін іздеуге тура келетін өте
көне тұлғалар болуы мүмкін. Мысалы, сұп/сұб, суб, ұшан/учан [теңіз],
ел-күн дегендегі
күн, қоллық, өкіліне түспеу, қосалықтап үй тігу,
бұгай/боғай, [төсі]
артынды/арсынды,
ал иіндік, қасқайлау, ібін-сібін
екі нақ, тоғысу, қыдыра/қыдырау, шәуілжі, толықсу (толықсыма
тұнық су) ойлығу т.б. сөздерді бүгінгі қазақ оқырмаңдарына түсіндіріп
беру қажет деп отырмыз.
Аға. Жырдың Шоқан нұсқасында «Төбеге шыққан төртеуге Төре
берер күндер туғай ма? Арқада тұрған алтауға Аға болар күндер
туғай ма?» деген жолдар бар. Аға сөзі бүгінде әбден түсінікті, қазіргі
кезеңдегі қолданыста негізгі номинатив мағынасы – «туыстас ер
адамдардың жас жағынан үлкені» (ҚӘТС, I т., 2006, 58-б.) Бұдан
басқа да «ер адамның өзінен кішілерге қарата айтылғанда жасы
үлкені, сондай-ақ «үлкендік» семасы (мағыналық реңкі) сақталған
«қызмет дәрежесі үлкен адам» (аға жылқышы, колхоздың басқарма
ағасы деген сияқты) қосымша мағыналары бар сөз. Ал ертеректе
аға
сөзі «белгілі бір қауымның: ошақтың (отбасының), әр алуан қостың,
ауылдың, рудың, әкімшілік не әскери топтың басшысы, бас адамы»
деген терминдік (нақты атауыштық) мағынада да қолданылған.
Жоғарыда «Едіге» жырындағы жолдарда «арқада тұрған алтауға
аға болу», «белгілі бір топқа басшы болу» деген идеяны бейнелеп