242
беріп тұр. Күн сөзінің «адам>адамдар>ел-жұрт» мағынасында
жұмсалуы қазақ тілінде өте ертеде-ақ ұмыт болған. Сондықтан ол
жұрт сөзімен ауыстырылған (ел-жұрт). Бұл күнде ай-күн аманда
деп жиі айтылатын тұрақты тіркестің пайда болуы да күн сөзінің
көне мағынасының күңгірт тартуына байланысты. Қосарлықта күн
сөзі тұрғандықтан, оның серігі ай-ды қосақтай салу – үйреншікті
құбылыс. Халық мақал-мәтелдерде, сөз тіркестерінде өзіне түсініксіз
сөзді ыңғайы келсе, таныс сөзбен ауыстырып айтуға бейім тұрады.
Логикаға сайсақ, ай мен күннің амандығы адамдарға қатысты емес,
адамзат үшін олар әрқашан аман, ал ел-жұрттың, яғни ел-күннің
амандық-жамандығы – әрдайым болып жататын құбылыс. Демек,
дұрысы – ел-күн аманда болуы керек. Бірақ ай-күн аманда сияқты
алогизмдер тілде орын алатынын ескерсек, бұл қолданысты узустық
құбылыс деп танимыз да ел-күн тұлғасын ескіліктердің бірі деп са-
наймыз. Бұл құрылымның көнелігі сондай, жырлардың өзінде сирек
кездеседі. М.Әуезов, С.Бегалин сияқты қазақтың әрбір сөзін аса зор
білгірлікпен, өз орнында, өз тұлғасында, өз мағынасында қолданатын
бүгінгі жазушылардың тілінде ғана ел-күн қос сөзін таба аламыз.
Жұрт сөзі ғылыми әдебиетте термин ретінде танылады,
сондықтан орыс тіліне аударылмай, юрт тұлғасында беріліп жүр. Бұл
атау жеке өзі де және аса жұрт, асыра жұрт, астана жұрт, ауыр
жұрт, байтақ жұрт деген тіркес түрінде де эпостық жырлар мен
XV-XVIII ғасырдың ақын-жыраулары тілінде жиі қолданылған. Енді
осылардың әрқайсысын жеке-жеке талдап көрелік.
Жұрт. Аса Жұрт. Асра жұрт. Астана жұрт. Ауыр жұрт.
Байтақ жұрт. Ескі өлең-жырларда жұрт сөзі де жиі кездеседі.
Бұларда жұрт – терминдік қызметте, яғни «ел, белгілі бір этникалық
құрам және оның көшіп-қонып жүретін мекені, белгілі атымен ата-
латын халық». Демек, жұрт – осы күнгі халық сөзінің синонимі.
Мағынасын айқындай түсуде ел сөзімен қосарланып та келеді: ел-
жұрт. Мұнда жұрт-тың таза синонимі – ел. Соңғы варианттың
өте ескі синонимі тағы бар, ол – күн сөзі. Ол қазақ тілінде жеке
қолданыстан әлдеқашан айрылған, тек ел-күн тіркесінде сақталған.
Аса жұрт деп бабаларымыз туысқан адамдар қауымын, өз жұр-
тын атаса керек. Аша (қазақша аса) сөзі көне түркі тілдерінде
«туысқан» дегенді білдірген (ДТС, 4-бет). Атақты түркітанушы
К.К.Юдахин қырғыз тілінің солтүстік диалектісінде «туысқан адам,
отбасы мүшесі» дегенді білдіретін араб тілінен келген сөз деп табады
(Киргизско-русский словарь», 1965, 74-б.). Қазақ тілінде аса жұрт,
аса ру деген тіркестерде ғана келеді:
Асудан келген қоңыр қаз
Аса жұрттың елінде...
243
Аса жұртқа барғанда,
Елдің көркі мал дейді...
Баласы аса жұрттың мейман келді («Қыз Жібек», «Айман-Шол-
пан» лиро-эпостарында).
Аса жұрт тіркесін көрсетілген мағынада Махамбет те қолданған:
Аламанға жол бердік,
Аса жұртты меңгердік.
Аса жұрт тұрақты құрылымындағы
аса сөзі түркі тілдеріне ен-
ген араб сөзі ме, әлде араб тіліне өте ертеде түркі тілдерінен ауысқан
сөз бе – ол жағын әлі де этимологиялық ізденістермен анықтай түсу
керек, ал бұл сөз қазақ жырларында «туысқан жұрт, өз жұрты» де-
ген мәнде келеді. Бұл сөздің мағынасы заман өткен сайын ұмытыла
келіп асра жұрт, астана жұрт, байтақ жұрт деген тіркестердің
қатарын түзіп тұрғаны сезіледі. Бірақ бұлар тепе-тең синонимдер
емес. Асра (асыра) сөзі көне түркі тілінде «бағынышты» дегенді
білдіреді (ДТС, 61-б.). Қазақ жырларында қолданылған асра (асыра)
жұрт «бағынған, бас иген жұрт, ел» мағынасында келетін сияқты.
Асыра қыпшақ баласы,
Жатқаннан соң байлауда («Қобыланды батыр»).
Ал кейбір жырларда мәнмәтінге қарап бұл тіркесті аса жұрт
дегеннің синонимі түрінде қолданылған ба деп те ойлауға болады.
Арыстан туған екен деп,
Асыра жұрты қуанды («Қобыланды батыр»).
Осы жырлардан келтірілген «бағынышты, қыпшақ елі» деген
мағынадағы қолданыс деп отырғанымызды да «өз елі» деп тануға бо-
лады. Сондықтан көне түркі тілдерінде екеуі екі түрлі мағына беретін
аса және
асра (асыра) сөздерінің о бастағы көне мағынасы қазақ
тілінде ұмытылып, жаңа «туысқан» мағынасында жұмсалып кеткен
деп топшылауға да мүмкіндік бар.
Ал астана жұрт тіркесінің түсіндірмесі бұл екі тіркестің та-
нымынан бөлектеу түседі. Астана жұрт дегеннің мағынасы
парсы тіліндегі астан/астана сөзінің «табалдырық, есік» деген
мағынасынан «әміршінің сарайы» деп ауысқан алғашқы семантикасы
деривацияланып, «сарайға (хан ордасына) қараған жұрт», яғни белгілі
бір әміршінің (ханның, сұлтанның, патшаның, бектің) қоластындағы
(«табалдырығындағы») ел, жұрт дегенді білдірсе керек. XIX ғасыр-
дағы кейбір екі тілдік сөздіктерде (мысалы, А.Старчевскийдің 1878,
1897 жылғы «Спутник русского человека в Средней Азии», СПб.,
1878 атты сөздігінде) қазақ тіліндегі астана жұрт деген тіркесті
«көп, сансыз көп халық» деп түсіндіруі – жаңсақтық.
Қазіргі қазақ тілінде астана сөзі жұрт, халық сөздерімен тір-
кеспей жеке қолданылып, «мемлекеттің, яғни елдің орталық қаласы,