Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет87/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   162

239

астам сөз талданса, олардың ішінде едәуір тобы қазақтың батырлар 

жырлары мен лирикалық эпостарындағы, XV-XIX ғасырларда жасап 

өткен  ақын-жыраулары  тілдеріндегі,  мақал-мәтелдер  мен  тұрақты 

тіркестер  құрамындағы  көне  және  ескірген  бірліктер  болатын. 

Сол  себептен  бірқатар  ескіліктер  ұсынылып  отырған  жаңа  еңбекте 

қайталап  талданбауы  мүмкін.  Бұл  еңбекте  ескілік  деп  танылған 

бірліктер (сөздер мен фразеологизмдер) әр алуан тақырыптарға қарай 

топтап көрсетіледі. Ол тақырыптың басты-бастылары отан (ел-жұрт) 

ұғымына,  ұрыс-соғысқа,  ұрысқа  қатысушыларға,  қару-жарақ, 



құрал-жабдық,  сауыт-сайман  атауларына,  жорыққа  мінетін  ат 

атауларына,  ұрыс-соғыста  қолға  түсетін  тұтқындар  мен  олардың 

қамайтын (ұстайтын) орындарға, әр алуан іс-қарекеттер атаулары-

на,  киім-кешек  атауларына  қатысты  сөздер  мен  тұрақты  тіркестер 

деуге болады. Бұлардан тыс сөздер де ретіне қарай талдана береді.

Отан, ел-жұрт, мемлекет ұғымдарына 

қатысты атаулар

«Отан»  деп  отырғанымыз  –  қазіргі  ұғым  атауы.  Адамдар  қай 

кезеңде де, әсіресе, түркі халықтары қоғамдасып өмір сүруге көшкен 

ерте, кейінгі орта ғасырларда, айталық, XIII-XVII ғасырларда белгілі 

бір  этникалық,  территориялық  тұтастықтарға  (бірліктерге)  бөлініп 

өмір сүрген, оның ірі- ірілерін ғылымда хандық деп атап жүрміз. Ал 

ертеректегі  ата-бабаларымыз  бұл  ұғымды  отан,  мемлекет,  хандық 

деп  атамай,  ел,  жұрт,  байтақ,  ел-жұрт,  ел-күн  деген  сөздермен 

білдірген.  Бұлардың  ішінде  байтақ,  ел-жұрт,  ел-күн  варианттары 

XV  ғасырда  туған  «Едіге»  жырынан  бастап,  XIX  ғасырда  дүниеге 

келген өлең-жырларда жиірек кездеседі. 

Байтақ.  «Едіге»  жырында,  сондай-ақ  ноғайлы-қазақ  цикліндегі 

жырлардың барлығында дерлік жыр тақырыбының тірек сөздерінің 

бірі –байтақ. Бұл күнде қазақ әдеби тіліндегі байтақ сөзінің негізгі 

мағынасы – «ұшы-қиыры жоқ кең» (ҚТТС, 2-т., 41-бет). Он томдық 

түсіндірме  сөздікте  байтақ-тың  бір  ғана  мағынасы  көрсетілген, 

соңғы кезде түзіліп жатқан 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» 



байтақ сөзі үш омонимдік тұлға ретінде ұсынылған. Байтақ I. парсы 

тілінен енген сөз: «1) астана, бас қала; 2) көне мағынасы: мемлекет-

қала,  полис,  кішігірім  хандық;  3)  ауыспалы  мағынасы  «ел-жұрт» 

деп  түсіндірілген.  Қалған  екі  омонимдік  байтақ  сөзінің  біреуінің 

мағынасы географиялық термин – ерекшеленетін жер қабаты, ланд-

шафт,  екіншісінің  беретін  мағынасы  «ұшы-қиыры  жоқ  кең»  деп 

көрсетілген (ҚӘТС, 2-т., 2006, 604-605-беттер).



240

«Едігеден»  бастап,  батырлар  жырларында,  сондай-ақ  XV-XIX 

ғасырларда жасап өткен бірқатар Бұхар, Махамбет, Шернияз, Мұрат 

сияқты  сөз  зергерлерінде,  XVIII-XIX  ғасырда  Қазақстанның  батыс 

өлкелерінде  жасап  өткен  бірқатар  жыраулардың  тілдерінде  байтақ 

сөзінің  негізгі  мағынасы  –  «территориялық-этникалық  тұтастық, 

елдік құрылым, хандық». Тоқтамыс хан «Едіге» жырының бірқатар 

нұсқасында:

Хан Тоқтамыс қарланып,

Байтағым деп зарлайды, яғни иелігімдегі ел-жұртым, хандығым 

деп  толғайды.  «Әй,  байтағым,  байтағым,  Бастатып  сені  алдырт-

тым»  дегенінде,  «Қол  астымдағы  ел-жұртымды,  хандығымды,  ең 

алдымен,  жауға  бердім»  (алдырттым  –  қарсыласым  алып  қойды) 

дейді. Содан соң байтағының құрамындағы ел-жұртты атайды, олар: 

Байтағымның ішінде он сан елім ноғайлы, «он сан ноғай ішінде 360 

отау қазақ» болып ауызға ілінеді. Өкпелеп кеткен Едігені қайтаруға 

келген «парламентер» Кеңестің ұлы Кенженбай – Тоқтамыс хан саған 

(Едігеге):



Байтақ бөліп береді,

Падысалық  сүр-сана,  –  дейді,  яғни  жеке  хандық  құратын  ел-

жұртты бөліп береді, – деп бітімге шақырады. Бұл жолдарда да байтақ 

–  хандық,  белгілі  бір  мекендегі  белгілі  бір  құрамды  ел,  терминдеп 

айтсақ,  этникалық-территориялық  бірлік.  Батырлар  жырларының 

кейбірінде  бұл  ұғым  нақтылана  түседі.  «Ер  Тарғын»  жырында  да, 

сюзерініне  (хан  иесіне)  өкпелеп  кеткен  Тарғынды  да  кері  қайтара 

келген мәмілегер:



Бес жүз ауыл береді,

Өз алдына сұлтан боп,

Сүйген жерің жайлашы,

Не қыласың бір қызды, –

деп үгіттейді. Мұндағы «бес жүз ауыл» деп тұрғаны – баяғы байтақ 

құрайтын ел-жұрт.

Жырлардың көбінде байтақ сөзі ел, жұрт сөздерімен қатар түзіп, 

байтақ  ел,  байтақ  жұрт  тіркестерімен  де  келеді.  Бұл  тіркестер  – 

қазіргідей «барлық ел-жұрт» деген мағынада емес, жалпы «ел-жұрт 

бірлігі, ру-тайпа одағы» дегенді атайтын плеоназм, яғни бір мағынада 

екі сөздің қатарласа айтылып, жалпылық ұғымын беретін сөз тіркесі. 

Бұл құбылыс – қазақ тілінде, әсіресе ертеректегі сөзқолданыста жиі 

кездесетін амал, олардың көбі бұл күнде қос сөз ретінде дефиспен 

жазылып,  енді  бірқатары  тіркес  ретінде  бөлек-бөлек,  бірақ  қатар 

келтіріліп  жазылып  жүр.  Мысалы  некен-саяқ  екі  сөз  де  –  «жеке, 

жалғыз»  деген  сөздер,  телегей-теңіз  (екеуі  де  –  «теңіз,  үлкен  су» 



241

деген  мағынадағы  сөздер),  бекер  босқа  (екеуі  де  –  «бекер»),  құр-



текке  (екеуі  де  –  «текке»)  мағынадағы  бірліктер  екендігі  белгілі. 

Демек,  байтақ  ел  (ел+ел),  байтақ  жұрт  (жұрт-жұрт).  Мұндайда 

қапталдасқан сөздер бір мағынаны айқындап, күшейтіп көрсетеді. 

Байтақ – парсы сөзі: пай+тахт, «тақтың аяғы» (төменгі жағы), 

бұдан  тақтың  төменгі  жағында,  яғни  тақта  отырған  әміршінің 

аяғының астында (қазақша: қол астында) отырған ел, жұрт, ру, тайпа-

лар, олардың одақтары, қысқасы, «бағынышты ел» деген ауыспалы 

мағынасы  пайда  болған.  Байтақ  сөзінің  мағыналық  құбылысы  әрі 

қарай да ұласа берген. Заман өте келе, байтақ «ұшы қиыры жоқ, кең, 

үлкен» деген сындық мағынаға ие болып, оның жырлардағы «белгілі 

бір құрамды ел, этникалық бірлік, «территориялық тұтастық» деген 

мағынасы лексикалық ескіліктердің біріне көшкен.

Байтақ  сөзінің  «ел-жұрт»  мағынасында  жұмсалуы  қазақ  по-

эзия тілінің дәстүрлілік, жалғастылық үрдісінің нәтижесінде кейінгі 

XVIII-XIX  ғасырдың  бірқатар  ақын-жыраулары  тілінен  де  орын 

алған.  Бұл  дәстүрлі  жалғастылық  әсіресе  Қазақстанның  батыс 

аймақтарында  жасап  өткен  сөз  иелерінде  жақсы  сақталған.  Мыса-

лы,  Махамбет  ақын  (XIX  ғасырдың  I  жартысы)  «Біздің  Ер  Исатай 

өлген күн, Он сан байтақ бүлген күн» дегенде, байтақ деп нақты бір 

мемлекет не хандықты атап тұрған жоқ, өздерімен мұраттас ел-жұрт, 

көтерілісшілердің  бүлгенін  (жеңілгенін)  айтып  отыр.  Бұл  жердегі 

Махамбеттің он сан байтақ дегенді өлең жырына келтіруі – кәнігі, 

дәстүрлі  поэтикалық  штамптың  қолданылуы  болып  танылады.  Ал 

Бұхар жырау да (XVIII ғ.) Абылайға: «байтағың байып, мал беріп», 

– десе, мұнда жырау байтақ сөзінің «хандық» деген ескі мағынасын 

өз орнында жұмсап тұр.

Сөйтіп, байтақ сөзінің бір мағынасы – ескі, ол мағына атауыштық 

(терминдік)  сипаттағы  «белгілі  бір  территориялық-этникалық  бір- 

лік,  хандық»  деген  мағына.  Бұл  күнде  байтақ  негізінен  сын  есім 

қызметіндегі суреттемелік, сындық мағынада жұмсалады.



Ел-күн.  Шоқан  нұсқасындағы  «Едіге»  жырында:  «Баба  түкті 

Шашты Әзіз... Ніл дариясының басында Құмкент шаһарының қасын- 

да жібек орамалға ораулы баласын тауып алады. Елсіз, күнсіз туды 

деп атын Едіге қояды» деген қарасөз мәтіні бар. «Ер Тарғын» жы-

рында  мертігіп  айдалада  жатқан  Тарғын  батыр  атына:  «Елім-күнім 

Кәрібоз, Сөйлесетұғын тілің жоқ», – деп зарлайды. Ертеректе бүгінгі 



ел-жұрт  қос  сөзі  ел-күн  тұлғасында  қолданылған.  Мұндағы  күн  – 

көне түркі тілдерінде «адам», одан «жұрт, ел» мағынасын беретін сөз. 

Демек,  ел-күн  –  плеонастық  құрылым,  «ел-жұрт»  мағынасындағы 

екі  сөз  қосарланып,  жалпы  «адамдар»  (ел,  жұрт)  деген  мағына 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау