Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет84/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162

232

өте ертедегі бабаларымыздың тілінен қалған қом (толқын) сөзі тек су 

сөзімен тіркесте ғана сақталыпты.

Батырлар жырында жиі кездесетін толғамалы деген сөз негізінен 



толғамалы  ақ  найза,  толғамалы  ала  балта,  толғамалы  ақ  сүңгі, 

толғамалы найза деген тіркестерде кездеседі. Бұлардағы толғамалы 

сөзі – «оралған» дегенді білдіретін өте көне сөз, яғни найза, сүңгі, 

ай  балта  (ала  балта)  сияқты  ұрыс-соғыс  құралдарын  ұстағанда 

(жұмсағанда)  саптары  қолдан  сусып,  жылжып  кетпеуі  үшін  оны 

былғары,  қайыс,  жіп  сияқтылармен  орап  тастайтын  болған  неме-

се  олардың  ағаш  саптарын  орама  (спираль)  түрінде  кертіп  қоятын 

болған. Мұндай қарулар толғамалы (саптары оралған, орама түрінде 

кертілген) болып келген. Демек, өте ертедегі бабаларымыз бір нәрсені 

«орау, үйіру, иіру» дегенді толғау деген екен: ol jun tolyadi – он мотал 

шерсть (ДТС, 1969,573-бет).

Міне, лексикалық ескіліктер сақталған көздер – осындай. 

Лексикалық бірліктердің көнеру, ескіру уәждері мен кездері

Жеке сөздердің және сөз тіркестерінің ескіру уәждері (себептері) 

тіл дамуы мен сол тілді пайдаланушы халықтың әлеуметтік-мәдени 

тарихының  әр  кезеңіне  қарай  әртүрлі  болып  келеді,  яғни  тілдік 

бірліктердің ескіруіне себепкер болатын факторлар орын алады. Ал-

дымен, жеке бір халықтың тілі ретінде қалыптасу барысында ертедегі, 

арғы бабалар кезеңіндегі бірқатар қолданыстар ығысып, жаңаларына 

жол  береді.Айталық,  көне  түркілер  деп  аталатын  замандарда  сөз 

(речь) дегенді бабаларымыз саб/сап/сеп/сау деп атаған екен. Уақыт 

өте келе, оның түркілік тұлғасы бүгінгі қазақ тілінде сөз саптау (сөз 



сөйлеу),  сауын  айту  (сөз  айту)  сияқты  тіркестерде  ғана  сақталып 

қалған. Бірқатар сөздердің өте әрідегі бабаларымыздың тілінде, яғни 

көне түркі тілдерінде қолданыста болып, ғасырлар өткенде олардың 

мағынасы, кейде тұлғасы да ұмытылуы – лексикалық ескіліктердің 

пайда болуының бір уәжі. Мысалы, эпостық жырларда және кейбір 

өлең-толғауларда кездесетін алаулау етістігінің мағынасы «соғысу» 

болса, оның себебі ала сөзінің өте ертедегі «өлтіру, қырып-жою» де-

ген семасы (мағыналық реңкі) болғандығына байланысты. Айталық, 



ала балта (ұрыс қаруы), ала қырғын, ала топалаң, ала сапыран (ұрыс-

төбелеске қатысты қолданыстар) сияқты сөздер осыны көрсетеді. Де-

мек, Қобыланды батыр:

Алаулаған қалмақтан,

Кегімізді барып алармын, – дегенінде, Махамбеттің: 

Алты күндей алаулап,



233

Он екі күндей ой ойлап, – дегенінде қолданылған алаулау сөзі – 

«соғысу» мағынасындағы өте көне сөз.

XV-XVI  ғасырлардағы  қазақ  жыраулары  қолданған  қоғалы 



көлдерқом сулар деген тармақтардағы қом сөзі де бұл күнде қазақ 

тілінде  ұмыт  болған,  өте  ертеде  түркі  бабаларымыздың  толқын 

дегенді  осылайша  атаған  екен,  сонда  қом  су  –«толқыны  бар  өзен» 

дегенді білдірген болып шығады. Қом «толқын» – бұл күнде мүлде 

ұмытылған, мағынасы күңгірт тартқан көне сөз (архаизм), сондықтан 

оны жаңылысып құм сулар деп те жазып жүр.

Өте-өте  ертеде,  мүмкін  тіпті  «алтай  теориясы»  бойынша  түркі-

монғол  тіл  бірлестігі  кезеңіне  баратын  сөздердің  көнеру  уәжі  тіпті 

түсінікті.  Олардың  көнергендігі  соншалық  –  тек  бірен-саран  «це-

менттелген» тіркестерде ғана сақталып қалған сияқты. Мысалы, тас 



қараңғы, тас түйін, тас қып байлау, тас табандау деген тіркестер 

бар.  Осылардағы  тас  компонентінің  тау-тас,  тас  көмір  деген 

тіркестердегі тасқа еш қатысы жоқ. Тас деген сөз – монғол тілдерінде 

«мүлдем, әбден, нағыз, тым, өте» деген мағынаны білдіретін сөз екен. 

Алдыңғы тіркестердегі тас-тың семантикалық реңкі монғол тіліндегі 

сөзге  келеді:  тас  жетім  –  нағыз  жетім,  тас  қараңғы  –  мүлдем 

қараңғы т.т. Бұл, сірә, тілдердің генезистік табиғаты жағынан «алтай 

теориясына», яғни түркі мен монғол тілдерінің о баста бір кіндіктен 

тараған деген ғылыми болжамға алып баратын сияқты. Әрине, мұндай 

талдаулар  негізінен  этимологиялық  ізденістерде  болады.  Дегенмен 

қазақтың ертедегі өлең-жырларында, мақал-мәтелдерде, әсіресе қос 

сөздер  құрамында,  тұрақты  тіркестерде  кездесетін  ескіліктердің 

бірқатарының пайда болу уәждерін монғол, парсы, араб, тіпті бірен-

саранын  қытай  халықтарымен  болып  отырған  аралас-құраластық 

факторларынан іздеуге тура келеді.

Қазақ халқын құраған ру-тайпалар өзінің қалыптасу, әрі қарай да-

раланып даму (өмір ауру) тарихында бүгінде өзге түркі халықтары 

болып  кеткен  ру-тайпа  одақтарымен  «күні  кешеге»  дейін,  яғни 

XVI-XVIІ  ғасырларға  дейін  аралас-құралас,  жегжат-жұрағаттас, 

құдандалас, көш-қоныстас болып келгені белгілі. Демек, бүгінде өзге 

түркі  халқына  кіріп  кеткен  туыстардың  тілінен  ауысып  сақталған 

бірліктер де бұл күнде ескілік болып танылатын себебін осы аралас-

құраластықтан іздеуге болады. Бұған ноғайлы цикліндегі эпикалық 

жырларда кездесетін ноғайлық, құмандық (кумандық) т.б. сөздер мен 

тіркестер куә. Мысалы, сақыну (сақтану), төгерек (дөңгелек), сақсыр 

(ішкиім),  шапшақ  (күбі),  су  (өзен),  сұб  аяқты  (ұзын,  арық  аяқты), 



миық (мұрт) сияқты сөздерді қазіргі ноғай тілінен ұшыратамыз. Ал 

бұлар «Едіге», «Ер Сайын» жырларында сақталған.




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау