Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет38/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162

111

Ат тұяғы тимеген

Ақ кіріш тас суда бар, – 

деп келеді. Кейбір басылымдарда дәл осы жол ақ кірпіш тас деп қате 

жазылып жүр. Кіріш сөзіне «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында «ақ, 

аппақ»  деп  біршама  дұрыс  түсінік  берілген.  Көне  түркі  тілдерінде 



кіршен  сөзі  «бетке  жағатын  ақ  нәрсе»  дегенді  білдірген.  Қазақтың 

ертеректегі  тілінде  де  кіріш  сөзі  ақ  деген  сөздің  синонимі  ретінде 

жұмсалған тәрізді. Оған ақ кіріш тасемшек сүті кіріш тарту деген 

тіркестер дәлел. Кириш сөзі «ақ балшық» мағынасында қазіргі ноғай, 

түрік  тілдерінде  қолданылады.  Кирәч  сөзі  әзірбайжан  тілінде  де 

«гипс, алебастр» деген мағынада жұмсалады. Бұлардың барлығында 

да  тастың,  минералдың  ақ  түсіне  қатыстылық  бар.  Сөз  төркініне 

үңілушілердің  бірі  –  Б.Сүлейменова  орыс  тілінен  енді  деп  жүрген 



кірпіш сөзінің өзін осы кіріш сөзімен жанастырады (Этимол. сөздік. 

109-111).  Ал  орыс  тіліндегі  кирпич  сөзі  бұл  тілге  түркі  тілдерінен 

енген деген пікір де айтылып жүр (Шипова, 183).

КІШІЛІК.  Жырларда  және  XVIII-XIX  ғ.  ақындарында  кішілік 

сөзі кездеседі. Мысалы, Алмажан Азаматқызында:

Алмажан сынды бейбақты 

Кішілікке алуға, – 

деген жолдар бар. Сырт қарағанда, мұндағы кішілік сөзі кіші деген 

сөзден  жасалған  (кіші  әйел,  тоқал)  сияқты  болып  көрінеді.  Ал, 

шындығында,  бұл  сөздің  түбірі  –  көне  түркі  тілдеріндегі  кіші  /кіс 

сөздері. Махмұт Қашқаридің көрсетуі бойынша, кіші сөзі «біреудің 

әйелі»  дегенді  білдірген,  «үйлену»  дегенді  кіші  алу  деген  (қазақ 

тіліндегі қатын алу, қазіргі әйел алу дегендермен салыстырыңыз).

Демек,  кішілікке  алу  «әйел  етіп  алу»  деген  мағынада.  Сірә, 

«кішкентай» мағынасындағы кіші сөзінің актив қолданылуына бай-

ланысты  және  қатын,  әйел,  зайып,  жұбай  сөздерінің  тіл  кәдесін 

әбден атқаруына орай «біреудің әйелі, жұбайы» деген ұғымдағы кіші 

сөзі  қазақ  тілінен  мүлде  ығысып  кеткенге  ұқсайды  да  тек  кішілік 

тұлғасында  көненің  көзі  ретінде  некен-саяқ  жұмсалып  келгені 

байқалады.  Е.Жанпейісов  кішілік  сөзі  бір  кезде  тіпті  еркекке  де 

қатысты  айтылған  болу  керек  деп  топшылайды  да  бұл  сөз  «құл» 

мағынасын берген болу керек дейді (Жанпейісов, 44).



ҚАҒАНАҒЫ  ҚАРЫҚ,  САҒАНАҒЫ  САРЫҚ.  Бұл  фразео- 

логизмдегі  қағанақ,  сағанақ  сөздері  –  бұл  күнде  қалың  көпшілікке 

бейтаныстау,  күнделікті  қолданыста  жеке  кездеспейтін  тұлғалар. 

«Түсіндірме  сөздікте»  қағанақ  сөзіне  «малдың  іштегі  төлін  орап 




112

тұратын,  жұқаша  қабық»  деген  түсінік  берілген.  Мұның,  әрине, 

жоғарғы тұрақты тіркестегі қағанақ-қа еш қатысы (жақындығы) жоқ. 

Қағанақ  Будагов  сөздігінде  де  «послед  от  ягненка»  (Будагов, 

ІІ  том,  18-бет),  ал  Радлов:  қағанақ  –  қазақ  тілінде  «уызды  пісіріп 

жасаған тағам» (вареное первое молоко после отеления) деп береді 

(Радлов,  ІІ  том,  часть  1,  1899,  73-бет).  Мұны  бір  халық  өлеңіндегі 

қолданысы дәлелдейді:

Қойым жайып келемін бозғанаққа,

Өзім тойып келемін қағанаққа

Ал  қарық  болу  сөзінің  мағынасы  «бір  нәрсеге  жарыды,  кенеліп 

қалды, жетісті» екендігі мәлім. Демек, қағанағы қарық – «піскен уыз 

сияқты тәтті тағамға кенелді (әбден тойды)» деген ұғымда айтылған 

бейнелі тіркес. Енді сағанақ сөзінің мән-мағынасын іздесек, бұл сөз- 

дің мағынасын «Түсіндірме сөздік»: «керегенің қоспасындағы шолақ 

ағаштар», – деп береді (ҚТТС, 8-том, 92-бет). Демек, сағанақтың сары 

деп  бейнеленуі  сары  (көне  тұлғасы  –  сарығ,  одан  «қазақшалануы» 



сарық)  дегеннің  сөз  тіркестеріндегі  әр  алуан  мағыналарының  бірін 

көздегендік болар және ол тіпті де түске қатысты болмауы да мүмкін, 

ол бейнелі мағына «тұтас» дегенді де, «ұзын» дегенді де тағы осындай 

семалық сипаты (мағыналық реңкі) бар қолданыс болар. Ал тұтас фра-

зеологизм, «Түсіндірме сөздік» біршама дұрыс көрсеткендей, «мәз-

мейрам, мәре-сәре» деген ыңғайда жұмсалады, тіпті, дәлірек айтсақ, 

«үйі берік, тамағы тоқ» немесе «көйлегі көк, тамағы тоқ» дегеннің 

синонимдік қатары деуге болады, яғни «тұрмысы жақсы, бар керекке 

кенелген»  деген  ұғымда  жұмсалады.  Бұл  бейнелі  фразеологизмдегі 

қағанақ та, сағанақ та – бұл күнде ұмыт бола бастаған сөздер немесе 

тұлғаның (сөз пішінінің) өзі болғанмен, мүлде басқа мағына беретін 

диалектизм (жергілікті сөз) ретінде көрінеді. Мысалы, диалектолог 

мамандардың мәліметтеріне қарағанда, қағанақ – Семей, Абай аудан-

дары тұрғындарының тілінде «лампаның шынысы» дегенді білдіреді 

(ДС, 1969, 180-бет). Орта Азия халықтары тілінде сағана/согана сөзі 

де бар, ол – «мазардың алдыңғы бетінде кішкене төрт бұрышты етіп 

қалдырған кішкентай көздері (одан өліктің аруағы шығып кетуі ке-

рек) (Г.П.Снесаров Реликты домусульманских верований и обрядов у 

узбеков Хорезма, М., 1969, 110-бет).

Біз  талдап  отырған  сағанақ  сөзінің  осы  сағана/согана  сөзіне 

қатысы болуы да мүмкін: кереге де – төрткөзденген зат қой. Мұны 

этимологтер іздестіре жатар. 

ҚАҒЫЛУ. Бұл күнде қағылу сөзін қағу етістігінің ырықсыз етіс 

түрі деп ұғамыз. Сондықтан «Қобыланды» жырындағы:




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау