Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет39/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162

113

Не қылсаң да, маған қыл, 

Бұрылға сірә қағылма, – 

деген  Құртқаның  сөзіндегі  қағылма  етістігін  «соқтықпа,  ұрынба» 

деген  сөз  деп  ұғынамыз.  Бұл  тұлға  осы  мәнде  жеке  тұрып  кемде-

кем  қолданылады.  Жоғарыдағы  ұғымда  қақтықпа  сөзі  кәнігі.  Ал 



қақы- (қақу) етістігі көне түркі тілдерінде «ашулану, өшігу» дегенді 

білдірген. Біздің контексіміздегі қағылу сөзінің мағынасы да «ашу-

лану»  дегенге  сай  келеді.  Біздіңше,  қақтығу  мен  қағылу  дегендер 

осы қақы- түбірінен өрбіген. Бірақ екеуі бір-біріне жақын екі түрлі 

мағынада  қолданылған:  қағылу  –  «ашулану»,  қақтығу  –  «соқтығу, 

ұрыну».


ҚАЗАҚ ШЫҒЫП КЕТУ. ҚАЗАҚТЫҚ. Ғылыми әдебиетте қазақ 

сөзінің бір кездерде берген мағынасы мен түптөркіні жөнінде көптен 

бері және көп айтылып келеді. Пікірлер алуан түрлі. Қазақ сөзінің 

этимологиясын тап басып, бір түйінге тоқайласқан таным жоқ, тіпті 

оның  қай  тілдің  немесе  тілдер  тобының  сөзі  екендігі  де  күңгірт, 

түбір тұлға екендігі де даулы. Сын көтермейтін халықтық этимоло-

гияларды, әрине, есепке алуға болмайды. Ал ғылыми талдаулардың 

ішінде  бұл  атауды  қас/қай+сақ  деген  этнонимдерден  құралған  бо-

луы  керек  деген  де,  Енисей  ескерткіштерінде  кездесетін  қазғақ 

(«бала етіп алған», орысша «приобретенный; усыновленный» деген 

мағынаны білдіретін) деген бір сөз болуы мүмкін деген де және осы 

сияқты ондаған жорамал бары белгілі. Бірақ әлі күнге дейін бірде-

біреуі  даусыз  деп  танылып  орныққан  емес.  Біз  бұл  кітапта  қазақ 

сөзінің  этимологиясын  айқындау  (зерделеу)  мақсатын  көздемейміз. 

Бізге  керегі  –  осы  сөздің  және  оның  қатысуымен  жасалған  қазақ 

шығу,  қазақ  шығып  кету,  қазақтық  сөздерінің  өте  ертеден  келе 

жатқан өлең-жырларымыздағы, ақын-жыраулар тіліндегі ертелі-кеш 

қолданысында білдірген мағынасын талдап таныту.

  ХV-ХVІІ  ғасырлардағы  (мүмкін,  бұл  кезеңнен  әлдеқайда  бұ- 

рынырақ және кейіндеу де) қыпшақ тобындағы түркі тілдерінде қазақ 

деп әміршісіне (ханға, бекке т.б.). ренжіп немесе кінәлі болып одан 

алшақтап шетке (өзге хандыққа, өзге жерге) шығып кеткен адамды 

не адамдар тобын (ауыл, туыстар, рулы ел сияқты) атаған деген пікір 

біршама дәлелді көрінеді. Ертеректегі өлең-жырларымызда қазақ сөзі 

нақты халықтың атауы ретінде емес, «шетке шыққан, бөлініп жүрген 

адам немесе жұрт» деген мағынада жиірек кездеседі. Мысалы, ХVІ ғ. 

жырауы Шалкиізде:

Жазыда мал іздеген қазақтың

Басы қайда қалмаған? 




114

Бұл жерде қазақ – халық атауы да емес, бір халықтың өкілі де емес, 

«жазыда  (яғни  кең  далада,  аулақта,  шетте)  жүрген  және  жай  жүр- 

меген,  «мал  іздеген,  яғни  тәуелсіз,  еркін  күн  кешуді  көздеген  жеке 

адам» дегенге меңзейді.

Қазақтың  батырлар  жырлары  мен  ХV-ХVІІ  ғасырдағы  ақын-

жырауларында  қазақ  сөзі  көбінесе  «шетке  шыққан,  іргелі  жұрттан 

бөлініп жүрген адам немесе адамдар тобы» деген мағынаны білдіреді. 

Сірә,  ХV-ХVІ  ғасырларда  ноғайлы-қазақ  одақтастығы  кезінде 

ноғайлардан бөлектене бастаған ру-тайпаларды қазақ деп атағандары 

байқалады. Мысалы, «Едіге» жырында: 

Он сан ноғай ішінде

Үш жүз алпыс отау қазағым

Сені тағы алдырттым, – 

деген  жолдарды  оқимыз.  Сондай-ақ  ноғайлы-қазаққа  ортақ  жырау 

деп саналатын Қазтуған (ХVғ.) бір жырда:

Қазақтың ұлы Қазтуған

Бір оралмай еліне

Тайлақты қуып кетер ме? – деп аталады.

Ертедегі қазақ өлең-жырларында да, ноғай жырларында да қазақ 

деген  жеке  сөзден  гөрі  қазақ  шығу,  қазақ  шығып  кету  тіркесі  мен 

қазақтық  деген  жинақтау  ұғым  беретін  абстракт  есім  сөз  жиірек 

кездеседі. Бұлардағы қазақ шығу тіркесі белгілі бір терминдік мәнде 

жұмсалған, ол мән (мағына) – «іргелі ұлыстан бөлініп кету, көбінесе 

сюзереніне (әміршісіне) өкпелі, наразы болып бағынбай кетіп қалу 

немесе кінәлі болып, бас еркіндігін ойлап қашып кету».

Ноғайлы-қазақ жұртына ортақ «Шора батыр» жырында: Шора кісі 

өлтіріп  қайда  барам  деп  жүргенде,  бір  түс  көреді.  Түсінде  Қазанға 

барған болады. Содан соң Шора Қырымнан қашып, бас сауғалаған 

Қазанға кетпекші болады. Сол ойын әкесіне былай жеткізеді:

Ал, ал атам, ал атам,

Саулықпенен қал, атам.

Ақтәжінің Әлібиін өлтірдік,

Басымызға кетпес пәле келтірдік,

Қазан деген ел бар деп,

Бой тасалар жер бар деп.

Қазыналы Қырымды қалдырып,



Қазақ шыға барамын.

Нәрікұлы  Шора  батыр  анасына  да,  алғанына  да  осыны  айтады: 

«қазақ шығып барамын», – дейді. 

Қазақ  шығып  кетудің  бір  себебі  –  кінәлі  болу.  Бұған  Мұсеке 

Мақанұлы деген ноғайлының қазақтықта жүрген батырының: 



115

Менің ием Борақан

Шатырын тауға көшірсін,

Бізден кеткен қазақтың 

Бір қатесін кешірсін! –

дегені мысал бола алады (Ноғай жырларынан алынған мысалдардың 

барлығы қазақша аудармасы бойынша келтірілді. Қара: Қарайдар мен 

Қызылгүл. Алматы, 1989. Бұлардағы қазаққазақ шығу сөздері ноғай 

жырларында да осы түрінде, осы мағынада қолданылғаны даусыз).

Сірә,  о  баста  қазақ  шығу-дың  екінші  мағынасы  да  (немесе 

мағыналық реңкі) болған болса керек. Ол – «мал іздеп (айдап кету, 

саяқ жүрген малды иемдену, шабуыл жасап олжалау сияқты) шетке 

шығып  кету».  Мұны  мына  мысалдар  көрсететін  тәрізді.  Мысалы, 

Шалкиіздің  жоғарыда  келтірілген  «Жазыда  мал  іздеген  қазақтың 

Басы қайда қалмаған?» деген жолдарын келтіруге болады. Сол сияқты 

«Қарайдар мен Қызылгүл» деген ноғай жырында: 

Ғаріп басым мал қайда,

Қазақ шығып кетпесем, – 

деген жолдарды оқимыз.

Ноғай жырларының ішіндегі «Қазақ жырлары» циклінен:

Еңістен шыққан жылқы шұбырса,

Азаудағы аш қазаққа жолығар, – 

деп келген жолдардан қазақ – төрт құбыласы түгел, ел ішінде жүрген 

жай адам емес, түзде (жазыда) жүрген, мал іздеп, аң аулап үй-күйсіз 

жүрген, қысқасы, жанкешті адам, оның суреті :

Тоғайды бұлан қашар етектеп,

Артынан қазақ қуар арғымағын жетектеп.

Бұл қуған қазаққа

Алла берер қызыл алтын етектеп.

Қызыл алтын Алла берген қазаққа 

Кімдер бермес ару қызын жетектеп… 

Бұл жердегі қазақ – халықтың өкілі емес, қай жұрттікі болса да, 

ол – ержүрек, батыр жігіт дегеннің атауы. Осыдан барып қазақтық 

деген дерексіз ұғым атауы да пайда болған:

Тумаластан несі кем

Қазақтықта бірге жүрген жан жолдас?! 

Қазақ шығу тіркесінің беретін мағынасы алғашқыда алаш мыңы, 

алты алаш деп аталып келген ру-тайпалардың одағын кейін қазақ де-

ген этноним арқылы атауға себепкер болуы мүмкін. Тарихшылардың 

айтуларына  қарағанда,  ХV  ғасырда  Узбекия  арасынан  бөлініп  кет-

кен көптеген тайпалық қауымдарды Дашт-и Қыпшақта «қазақ» деп 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау