Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет156/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162

394

тұлға (бір сөз) ретінде ұсынылды: қойтас, малтатас, жақпартас, 



үйтас деген сөздердің біріккен тұлға ретінде ұсынылуы тас сөзінің 

аффиксоид  қызметін  атқарып  тұрғанын  көрсету  деуге  болады. 

Бұлардың  ішінде  соңғы  кезеңнің  неологизмдері  де  бар:  құйматас 

(бетон), гіртас (гири).

Бірді-екілі  сөздің  аффиксоитар  ғана  емес,  сөз  алдынан  келетін 

префиксоидтің  қызметіне  ұқсас  келетін  тұстар  да  бар.  Мысалы, 



ойтүрткі, ойтамызық, ойтолғам сөздерінде ой сөзі, түпсана (под-

сознание),  түпдерек  (источник),  түпнұсқа  (оригинал),  түптұлға 

(прототип)  деген  терминдердегі  түп  тұлғасы  жаңа  сөз  жасайтын 

префикс қызметін атқарып тұрған сияқты. Әрине, бұл сөздердің таза 

жұрнақтардан айырмасы үлкен, әсіресе семантикалық сипаттары екі 

бөлек. Соңғы 10-15 жылдың барысында тас сөзімен жасалған жаңа 

сөз жоқ. Тек бұрын бөлек жазылып келгендерінің біріктіріп берілуін 

лексика-орфограммалық жаңалық деуге болар. 



Жұрнақ  жалғау  арқылы  жаңа  сөз  жасау  бүгінде  де  күшін  жой-

майды,  керісінше,  толық  мағыналы  сөздерге  сөз  тудырушы  қызмет 

жүктеліп,  олар  семантикалық-морфологиялық  жаңа  статусқа  ие 

болып  отыр,  яғни  оларды  тілдің  өзі  жұрнақ  тақылетті  бірлік,  ал 

бір  терминмен  атағымыз  келсе  аффиксоид  деген  сияқты  қалыпқа 

түсіріп  отыр.  Бұл  –  қазақ  неологиясындағы  соңғы  кезеңдерде  бел 

алған жаңа құбылыс. Соңғы кезеңдерді аударма әдебиеттің әсерімен 

көптіктің қосымшасын жалғау арқылы жаңа сөз жасау да орын алып 

жүр.  Мысалы  ашылулар  (әлемдік  ашылулар  –  мировые  открытия), 

басымдықтар, бітімгерлер. Бұл әдіс термин жасауда қолданылады 

(сүтқоректілер,  буынаяқтылар,  жарғаққанаттылар),  бірақ  аса 

өнімді емес.

Өткен алғашқы онжылдықтардағыдай, соңғы 10-15 жылғы қазақ 

тілінің болмысында жаңа сөз тудырудың ең бір өнімді актив түрі сөз 

біріктіру болып отыр. Дербес мағыналы екі (өте сирек – үш) сөзді 

біріктіріп, жаңа ұғым, жаңа зат атауын жасау амалы қашан да, әсіресе 

соңғы 70-80 жыл барысында кеңінен қолданылып келді. Бұған қазіргі 

жазу  жүйеміздің  емле  ережелері  де  (қосып  жазу)  себепкер  болды. 

Грамматикада «біріккен сөз» деген статусы бар тұлғалар бір мағына 

беретін  дербес  лексикалық  бірлік  ретінде  әр  алуан  сөздіктердің 

сөзтізбесіне  (реестрге)  шығарылып  тіркелетін  болды.  Жаңа  сөз 

жасаудың  бұл  амалына  қатысты  көңіл  аударатын  бір-екі  тұсын  сөз 

етуге  болады.  Ол  –  нөлдік  морфемалардың  бірігу  арқылы  жаңа 

бірліктердің пайда болуы. Нөлдік морфемалардың бірігуі – олардың 

бірігуінің,  кейде  екеуінің  де  қосымшаларын  түсіріп  қолданылуы. 

Бұл  әдісті  ықшамдау  тәсілі  деп  те  қарауға  болады.  Бұл  әдіс  қазақ 

тілінде ежелден бар болатын балтасап (балта+ның саб+ы), қаламұш 




395

(қаламның  ұшы,  яғни  ұшы  бар  қалам),  кейін  XX  ғасыр  туындыла-

ры кәсіподақ (кәсіп+ші+лер+дің одағ+ы), қаламақы (қалам+ы+ның, 

яғни қаламмен жазғанының ақы+сы), шегара (бір нәрсенің, айталық, 

мемлекет жерінің шек+тері+і+нің ара+сы) т.т. Соңғы онжылдықтарда 

жиі  қолданыла  бастаған  субұрқақ  (су+дың  бұрқақ+тап  атылуы), 



бағдаршам (бағдар көрсететін, яғни бағдарлайтын шам), демеуқаржы 

(дотация,  демейтін  қаржы),  балабақша  (балалардың  бақшасы), 



мұражай (мұра+лар сақталатын жай-орын).

Бұл тәсілдің едәуір жандануына орфографиялық ережелерді тал-

дап-танитындар мен емле сөздіктерін түзушілер көңіл аударды. Нөлдік 

тұлғаларда біріккен сөздер деп изафеттік құрылыстар сөздердің ілік 

септігі мен тәуелдік жалғауын түсіріп айтылуы (жымдасуы) жатады. 

Сондай-ақ өзге де аналитикалық бірліктер де нөлдік морфемалардың 

бірігуіне бара алады. Тәуелдік семантикасының көрсеткіштері (-ның, 

-ы) түсіріліп айтылуы немесе өзге де қосымшалар түсіріліп бірігуі 

тілдің ішкі даму заңдылықтарының бірі – ықшамдау тәсіліне барып 

тіреледі. Бұл тіл білімінде атаудың нақтылана түсуі (актуализация но-

минация) деп аталады.

Біздің  байқауымызша,  бұл  амал  да  келешекте  жандана  түсетін 

сияқты. Сондай-ақ фразеологиялық тіркес іспетті келетін бірліктердің 

де жаңа мағына беретін тұтас бір сөз ретінде қалыптасуы да бел алып 

келеді.  Мысалы,  соңғы  жылдарда  жаңа  шыққан  туындыны  ресми, 

салтанатты  түрде  атап,  жұртшылыққа  таныстыру  үрдісі  етек  ала 

бастады,  ол  орыс  тілінде  презентация  деп  интертерминмен  атал-

са,  қазақша  бейнелі  фразеологизмнен  жасалған  тұсаукесер  сөзі 

эквиваленті болып отыр. Жазалы адамды тексеріс біткенше түрмеге 

отырғызбай,  үйінде  отыруын  талап  ету  орысша  домашний  арест 

деп құранды тіркеспен келген термин болса, қазақша үйқамақ деген 

біріккен бір сөзбен атау ұсынылып жүр, ал Қытай қазақтары мұны 

тіпті бейнелі тіркеспен мырзақамақ деп атапты. Мемлекеттік табы-

сты өндірістің бір ғана түріне сүйене берудің жемісті емес екендігін 

айту үшін баспасөзде сыңаржақ экономика деген сөздер пайдаланса, 

оны баспасөздің біреуінің бетінде мұнайжақ экономика деп атапты. 

Соңғы  атау  –  әрине,  ресми,  кәнігі  термин  емес,  бірақ  публицисти-

ка стилінде орын алатын жаңа қолданыстардың бірі болып таныла-

ды.  Ұлтаралық  мәселе  сөз  болатын  жерлерде  баспасөзде  қазақтар 

дегенді қаракөздер деп бейнелеп атау да – неологиялық қолданыс.

Жеке  сөздердің  бірігуі  арқылы  жасалған  неологизмдердің  біраз 

тобы суреттеме немесе экспрессивтік тіркестерден жасалған болып 

келеді.  Мысалы,  белгілі  бір  ресми  әкімшілік  орындарын  орынтақ 

деп  атау  соңғы  жылдары  пайда  болды,  мұнда  орын  –  жай  нейтрал 

мәнді сөз де, тақ – хан, «патша, император отыратын орын» деген 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау