396
жоғарылықты, әкімшілікті, әміршілдікті меңзейтін семантикалық
реңкі (семасы) бар сөз, демек, атау көбінесе әңгіме сынау, наразы болу
эмоциясымен айтылған кезде орын алады. Қазақ елінің тәуелсіздік
алып, бірінші Президенті сайланып, еліне тән рәміздері пайда болған
күннен бастап қолданыла бастаған Елбасы сияқты жаңасөз ресми
терминнің экспрессивті сипаты күшті екінші метафоралық атауы
болғаны даусыз. Елбасы неологизмі осы мәнде, яғни Президент
терминінің бейресми суреттеме баламасы – экспрессоид болып
қолданылып жүр.
Бұл күнде елтаңба, әнұран, тәттідәм, ойтолғам, ойтүрткі,
тұсаукесер сияқты жиі қолданылатын неологизмдер сөз біріктіру
арқылы жаңа ұғым, зат атауларын жасайтын амалдың күшейе
түсетіндігінің дәлелі деуге болады.
Неологиялық тәсілдердің келесі түрі – сөз қысқарту амалы. Бұл
– қазақ тілінде орыс тілінің тікелей ықпалымен пайда болған амал,
дәлірек айтсақ, таза калька құбылысының көрінісі. Бүл тәсіл күні
кешеге дейін қазақ тілінде солқылдақтау, кейде қазақша аударылып,
кейде орысша қалыпта айтылып келген-ді. Мысалы, АҚШ, ҚазТАГ,
ҚазПИ, МТС, ауатком, обком сияқты санаулы сөздер ғана қазақша
қолданылып, қалған жағдайдың көпшілігінде орысша қысқарған
сөздер (комсомол, колхоз, совхоз) болатын. Соңғы кезеңде қазақша
тарқатылып айтылатын сөздерден қысқартып жазу жандана баста-
ды: ДНҚ, БҰҰ, ЖИТС, ҰБТ – ұлттық бірыңғай тестілеу, АТФ, ЮНЕ-
СКО, КТСП т.б. Санэпидбақылау – санитарлық эпидемиологиялық
бақылау сияқты бірді-екілі буындар мен тұтас сөздерден жасалған
бірліктер де орын ала бастады. Бұл тәсіл әлі де толық қазақша
бірліктер жасай алмай отыр. Оның себебі бар: алдымен ВИЧ, СПИД
мұны ЖИТС деп қазақша қысқартып атаушылық та көрініп қалып
жүргенімен, әлі сіңісіп кеткен жоқ, баспасөз беттерінде де, меди-
цина саласындағы қазақша әдебиеттерде де, әсіресе сөйлеу тілінде
СПИД деп қолданылып келе жатыр. Сірә, алдағы уақытта да мұндай
қысқартулардың орысша нұсқасын да (ВИЧ, СПИД, ЮНЕСКО
сияқты), қазақшаланған эквивалентін де қолдана беретін болар-
мыз. Өйткені СПИД, ВИЧ дегендер жеке кірме сөздер сияқты осы
тұрпатында қалыптасқан деуге болады.
Сөз мағынасының ауқымын пайдаланып, яғни семантикалық
деривация құбылысына барып жаңа сөз жасау әдісі де пайдаланы-
луда. Желі (интернет желісі), қол жинау (президенттікке үміткерді
қолдайтын), қарымта (кездесулер – спортта), сыбайлас жемқорлық,
(мұхит асып кетіп жатқан) қаракөздер, (рухани) кеңістік, (саяси)
ойын т.т. Мұндағы курсивпен терілген сөздер өздерінің байырғы
негізгі лексикалық мағыналарынан өзгеше жаңа зат, ұғым атаула-
рын білдіріп тұр. Мысалы, желі – мал баққан қазақтың байырғы
397
түсінігінде малдың төлін байлау үшін керілген ұзын арқан бол-
са, интернет желісі дегенде соңғы сөз біздің өмірімізге ең соңғы
онжылдықтарда дүниеге келген интернет дегенге қатысты неоло-
гизм болып тұр. Қалған мысалдарда да осылайша, негізгі, байырғы
мағынасы және оның мағыналық реңктерінің бірін пайдаланып
жасалған өзгеше жаңа ауыспалы мағынасы бар екенін түсіндіріп
танытуға болады.
Мұндай семантикалық-синтаксистік құбылулардың бірқатары-
ның метафоралық сипаты болады. Мысалы, қол жинау, сыбайлас
жемқорлық.
Сөз етіп отырған кезеңдегі тілдік жаңалықтардың келесі бір
тобы – белгілі бір ұғымды, затты, құбылысты атау үшін сөздерді тір-
кестіру арқылы жасалған құрылымдар. Әдетте бұлар лексикалық
тіркестер және
суреттеме тіркестер болып келеді. Бір ұғымды бір
сөзбен атау мүмкіндігі жоқ жерде ол тіркеспен аталады. Мысалы,
қазіргі күнде жиі қолданылатын жылжымайтын қор, тұтыну қор-
жыны, келісім шарт (договор) сияқты анықтауышты тіркестер бір
ұғымды атайды (олардың көбі орыс тілінде бір сөзбен де келеді: но-
востройка, хлебозаготовка. Бұндай құрылымдар
лексикалық тіркес
деп те, құрамды (қосынды, күрделі) тіркес деп те әртүрлі аталып
жүр.
Құранды тіркестердің қатарына жеңілу дегенді жеңіліс табу,
көріну дегенді
көрініс табу деп есім мен көмекші етістік құрамымен
айту үрдісі де жатады. Мұндай тіркестер – соңғы кезеңдердің
жемісі және орыс тілінің әсері мен аударма әдебиетте қалыптасқан
неологиялық бірліктер. Бұл сияқты құрама (қосынды) тіркестер
көбінесе баспасөз беттерінде, публицистикалық және ғылыми стиль
үлгілерінде қолданылады.
Лексикалық неологизмдердің жасалуындағы тағы бір түрі – би-
номдар деп аталатын қосарланған сөздер. Екі сөз қосарлана қолда-
нылып, жаңа мағынаға ие болады. Бұл тәсіл – біздің күндерімізде
аса өнімді емес, бірақ қазақ тіліне жат амал болмайтын. Айталық,
бұрынғы той-томалақ, көші-қон, құрт-құмырсқа деген қос сөздер
компоненттерінің жеке-жеке мағыналарынан өзгеше жаңа мағынаны
білдіреді. Мұндай қосарлар көбінесе жинақтау семантикасын ием-
деніп, жалпы атауға айналады. Мұндай биномдер – өте ертеде қалып-
тасқан бірліктер. Бүгінгі күнде ең өнімсіз амалдың бірі осындай
қосарлар құрылымы деуге болады. Бірен-сараны (вагон-ресторан,
парк-көрме, пресс-орталық т.б.) орыс тілінде қалыптасқандарды не
тікелей өздерін, не калька жолымен пайда болған үлгілерін атауға бо-
лады.
Алдыңғы онжылдықтарда (1970-1990) едәуір орын алған ақыл-
шы-ұстаз, таңдау-балама, күйме-бесік сияқты сөз қосарлау тәсілі-