Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет132/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162

345

басқыншылардан жер-суын қорғап  келген санғасырлық тарихының 

ең бір шешуші кезеңі – «Ақтабан шұбырындыдан» бастап жоңғарлар 

жаулап алған қазақ жерінің шығыс-оңтүстігіндегі өлкелерін қайтарып 

алу  жолындағы  ұрыс-соғыстар  суреттелген  бұл  көркем  туындыда 

әскери лексиканың көнелері де, сірә, сол кезде жанданған, сол кезең 

үшін  жаңа  болып  танылатын  сөздер  едәуір  мол  кездесетін  сияқты. 

Әрине, бұл кезеңдегі неологизмдер мыналар деп дәл көрсету қиын 

болар  (өйткені  алдыңғы  кезеңдердегі  лексикалық  қазынаны  толық 

білмейміз),  дегенмен  осы  романда  жиі  кездесетін  қонтайжы  (бас 

әмірші, хан), тәйжі (князь), лама, зайсаң, уан сияқты бөгде монғол-

манчжур  тілдік  әкімшілік  пен  діни  лауазым  атаулары,  бұрынырақ 

топ  деп  аталған  зеңбіректің  суреттеліп  отырған  кезеңде  жазай-

ыл  (жәзайыл)  деген  атауы  сияқты  сөздерді  де  XVIII  ғасыр  үшін 

лексикалық жаңалықтар болар деп шамалаймыз.

Тұтас  бір  ғасырдағы  (XVIII  ғ.)  қазақ  халқы  қолданған,  тілінде 

пайда  болған  жаңалықтар,  әрине,  тек  әскери  лексика  саласында 

ғана емес, күнделікті тұрмысқа, ел басқаруға, шаруашылыққа, тіпті 

жаңадан пайда бола бастаған әдет-ғұрыпқа қатысты да жаңа сөздер, 

жаңа  тіркестер  болғаны  даусыз.  Бірақ  дәл  қазір,  осы  жұмыста  біз 

оларды түстеп, түгелдеп таныта алмай отырмыз. Бұл – арнайы көп 

ізденіп, факті-мысалдар жинап, XVIII ғасырдың алдыңғы және одан 

соңғы кезеңдердегі қазақ тілі қазынасын біршама анықтап барып жа-

салатын жұмыс.

Ал қазақ тілі лексикасына жаңа атаулардың молырақ пайда болған 

(әзірге  біз  жақсы  білетін,  фактілермен  дәлелдей  алатын)  келесі  бір 

кезең – қазақ даласына капиталистік қарым-қатынастың там-тұмдап 

болса  да  ене  бастаған  дәуірі  –  XIX  ғасыр,  әсіресе  оның  екінші 

жартысы  деп  шамалаймыз.  Бұл  кезеңде  мұсылманша  оқу-ағарту, 

баспа  ісі,  алғашқы  баспасөз  үлгілері,  ислам  дінінің  едәуір  жанда-

нуы  сияқты  әлеуметтік  факторлар  қазақ  тіліне  ондаған-жүздеген 

жаңа атауларды әкелді, өзге тілдерден, әсіресе орыс тілінен сөз ау-

ысу процесі басталды. Бұл кезеңде сөздік қазынаға қосылған сөздер 

түгелімен  жаңадан  жасалған  жоқ:  бірсыпырасы  (және  көзге  бірден 

түсетіні)  өзге  тілдерден,  әсіресе  орыс  тілінен  енсе,  енді  бірқатары 

байырғы  сөздердің  мағына  ауыстыруы  арқылы  жасалды,  үшінші 

тобы  жұрнақтар  жалғау  арқылы  қолдан  жасалды.  Бұл  жайында 

Махамбет,  Дулат,  Шортанбай  сияқты  ақындардың,  Ыбырай  мен 

Абайдың,  алғашқы  қазақ  баспасөзінің,  XIX  ғасырда  жарық  көрген 

жазба  үлгілердің  (қиссалардың,  өлең-жырлардың)  тілін  талдап  сөз 

еткен  диссертациялардан,  монографиялардан,  оқулықтардан  біраз 

мағлұмат алуға болады.




346

XIX  ғасырдың  орта  тұсында  актив  қолданылған  пысық,  төре, 



елубасы, онбасы, атқамінер, аға сұлтан, сайлау сияқты әлеуметтік 

лексика  тобына  жататын  сөздер  осы  кезең  үшін  неологизмдер  бо-

лып танылады. Бұларды өмірге әкелген қазақ қоғамының әлеуметтік 

құрылымы  болды.  Қазақ  қауымының  сол  кезеңдегі  саяси-мәдени 

жағдаятын зар заман деп танып, осылайша атау да – неолексизм.

Қазақ  қоғамына  енген  жаңа  экономикалық  жағдайлар  қазақ 

тіліндегі шығын, қара шығын, алым, шаңырақ салығы, несие, өсім, 

жол  сауда,  қағаздату  сияқты  сөздерге  жаңа  мағына  үстеп,  олар-

ды неологизмдер қатарына шығарды. Осы кезеңдегі қазақ тіліндегі 

мәдени-рухани  өміріне  қатысты  жаңа  сөздерді  де  табуға  болады: 

мәселе  кітап  (ақыл-үгіттің  қағазға  түскен  нұсқасы),  насихат  айту 

(өмірден біліп-түйгенін баяндау).

XIX  ғасырдың  орта  тұсынан  бастап,  қазақтың  ақын-жыраулары 

өздерінің  өлең-толғауларында  абстракт  ұғымдағы  араб,  парсы 

сөздерін  еркіндеу  қолдана  бастайды  және  олардың  көбі  түпнұсқа 

тілдегі тұлғасын  сақтап  қолданылған  болып  келеді. Мысалы, араб-

ша  жазу  үлгісіндегі  арабтың  «ғайын»  деп  аталатын  дыбысының 

белгісі,  қазақтың  ғ  дыбысымен  бірдей  емес,  сондықтан  бұл  күнде 

араб  сөзінің  басында  не  ортасында  келген  ғайынды  қазақтар  не 

қазақтың  ғ  фонемасына  айналдырып  (ғашық,  ғылым,  йағни),  не 

мүлде алып тастап (ақыл, әділ, әдет) қалыптасып кеткені мәлім. Ал 

XIX  ғасырдағы  ақындардың  хатқа  түскен  мұраларында  бұлардың 

түпнұсқа  тілдегі  тұлғасы  да,  «қазақыланған»  тұлғасы  да  кездеседі. 

Әрине, бұл ғасырдағы қазақ тілінде араб-парсы сөздерінің барлығы – 

осы кезеңнің жаңалықтары емес, өйткені Орта Азия мен Қазақстанды 

мекендеген  түркі  халықтарының  тіліне  араб,  әсіресе  парсы  сөздері 

Ясауи  заманынан,  Ясауи  мектебінің  «Хикметтер»  атты  поэтикалық 

мұрасының, осы мектептің әрі қарай үзбестен дамып отырғанының 

нәтижесінде  көптеген  сөздердің  қолданыла  бастағаны  айтылып 

келеді. Бұл қолданыстардың ішінде де жаңа ұғым атауларын беретін 

кірме сөздердін болғаны даусыз. Оларды да түстеп атап көрсету – ар-

найы зерттеудің нәтижесі болуға керек.

Ал қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің бастаушылары Абай мен 

Ыбырайдың шығармашылығы арқылы көрінген неологизмдерді ар-

найы талдаған зерттеулерден оқып білуге болады. Ыбырай Алтын- 

сариннің  шығармалары  арқылы  XIX  ғасырдың  II  жартысындағы 

қазақ тілінің лексикалық жаңалықтары жөнінде де арнайы зерттелген 

еңбектерден біліп танысу мүмкіндігі бар.

Біздің  шамалауымызша,  қазақ  тілі  сөздік  қазынасының  келесі  

бір  орасан  толыққан  тұсы  XX  ғасырдың  алғашқы  онжылдық- 



тарында болды.


жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау