Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


Қазақ тіліндегі жаңалықтардың әр кезеңдегі



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет131/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162

343

Қазақ тіліндегі жаңалықтардың әр кезеңдегі 

көрінісіне қысқаша шолу

Тілдегі жаңалықтарды, әсіресе неологизмдерді тек қана кезеңдер- 

ге қарай әңгіме ету керек, өйткені бір кезеңдегі, тіпті алдыңғы 10-15 

жыл ішіндегі жаңалықтар келесі кезеңде «жаңалық» сипатынан ай-

рылып,  не  әдеби  нормаға  (тілге)  еніп,  етене,  кәнігі  элементке  ай-

налады,  яғни  жаңалығы  сезілмей  кетеді,  не  «жарамсыз»  болып, 

қолданыстан  шығып  қалады.  Есесіне  келесі  5-10,  10-15  жылдықта 

тағы да жаңа қолданыстар дүниеге келеді. Бүгінгідей дүниежүзінде 

ғылым  мен  техниканың  қауырт  дамыған  кезеңдерде,  дүниежүзілік 

информация  мен  компьютерлену  дәуірі  туған  заманда,  космосты 

игеру, термоядролық күштерді бейбіт өмірге, әрине, кейбір елдерде 

орайы келгенде соғысқа да пайдаланудың қам-қарекеті жүріп жатқан 

бүгінгі  күндерде  тілдердің  лексикалық  қазынасы  жыл  сайын,  тіпті 

ай  сайын  түгіл,  күн  сайын  толыға  беретіні  даусыз.  Жаңа  зат  атау-

лары  ғана  емес,  іс-әрекет,  қимыл-қарекет  аттары  да,  сындық  жаңа 

ұғым-танымдар да туа бермек. Мысалы, дәл бүгінгі күндерде жыл-



жымайтын  мүлік,  еншілес  кәсіпорын,  қол  жинау  (сайлауда),  сы-

байлас  жемқорлық,  бағаны  ырықтандыру,  атаулы  көмек,  тұтыну 

қоржыны сияқты жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерде етістік 

тұлғалары да, сындық есімдердің де беретін мағыналары жаңа.

Демек, соңғы 10-15 жыл барысындағы қазақ лексикасының жаңа 

сөздермен  толығуын  сөз  етпес  бұрын,  оның  алдыңғы  кезеңдердегі 

көрінісі қандай болғандығына қысқаша шолу жасау артық болмай-

тын сияқты.

Экстралингвистикалық  күштердің  ықпалымен  лексикалық 

өзгерістердің,  оның  ішінде  прогрестік  (ілгері,  оң)  дамудың  да, 

регрестік көріністердің де болып жататын тұстары сол тілді пайда- 

ланған қоғамның өміріндегі әлеуметтік, саяси, мәдени өзгерістерге, 

тіпті  саяси-әлеуметтік  дүмпулерге  қатысты  болып  келетіндігі  ай-

тылады.  Осы  тұрғыдан  қазақ  лексикасының  диахрондық  сипатын 

жүйелі  түрде,  нақты  фактілерді  көрсете  отырып  зерттеу  жұмысы 

айтарлықтай  дәрежеде  (мөлшерде,  сапада)  әлі  жүргізілген  жоқ. 

Әзірге үзік-үзік шолулар мен жалпы топшылаулар ғана бар.

Біздің  байқауымызша,  сыртқы  факторлардың  ықпалымен  қазақ 

тілінің сөздік қазынасы молығуының қауырт жүрген үш-төрт үлкен 

кезеңі  болғанға  ұқсайды:  бір  кезеңі  (әзірге  бірінші  кезеңі  десек  те 

болар  ма  еді)  қазақ  халқы  тарихында  қан  жосыған  жорықтар  за-

маны,  яғни  елдігін  қорғап  қалу  үшін  шығысы  мен  батысындағы, 

түстігі  мен  терістігіндегі  сыртқы  жаулармен  ұрыс-шайқастардың 



344

күшейген тұсы – XVIII ғасыр болар. Бұл кезеңде қазақ тілі әсіресе 

жаугершілік,  әлеуметтік  тақырыптарға  қатысты  атаулармен  толыға 

түскен  болу  керек.  XVIII  ғасырда  жасап  өткен  ақын-жыраулардың 

өлең-толғауларында  қару-жарақ,  сауыт-саймандардың  атаулары, 

ұрыс-соғысқа қатысты қимыл-қарекетті білдіретін сөздер, қысқасы, 

атажұрт,  оны  қорғау  идеясы,  сірә,  бұрыннан  келе  жатқан  сөздік 

қазынаны толықтыра түссе керек.

XVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ тілінде орын алды-ау деген лексика- 

лық  жаңалықтар  жөнінде  аса  шағын  мағлұмат  беруге  тура  келеді.  

Алдымен, бұл кезеңдерде қазақ тілінде пайда болған жаңалықтарды 

айту  үшін  тіл  тарихының  сол  кезеңдеріндегі  тұтас  лексикалық 

суретін білу керек, ал оны біз білмейміз, яғни дәл не бар, не жоғын, 

яғни жоқтың жаңалық болып енгені туралы жазба туындылар шағын 

(негізінен  ақын-жыраулардың  өлең-толғаулары,  олардың  өзі  ауыз-

ша  сақталған),  ал  XVIII,  XIX  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы 

қазақ халқының күнделікті сөйлеу тілін де, оның сөздік қазынасын, 

өлең-жырлар  тілінен  айырмашылығын  және  көрсете  алмаймыз. 

Сондықтан  қазақ  тілінің  XVIII  ғасырдағы  тіліне  жаңа  сөздер 

қосылған  болса,  олардың  сол  кезеңдердегі  қоғам  өмірінде  болған 

өзгеріс-жиңалықтарға  қарай  ғана  топшылауға  болады.  Мысалы, 

жоғарыда  айтылғандай,  XVIII  ғасыр  қан  жосыған  ұрыстар  мен 

шайқастардың,  ел  мен  жұртты  қорғау  жолындағы  соғыстардың  за-

маны  болды,  сондықтан  бұл  кезеңде  әскери  лексика  біраз  өзгеріп, 

бірнеше  қару-жарақ  аттарының,  ұрыс  қимылдарының  әр  алуан 

атауларының (сөз тіркестері мен етістіктер) бірқатары ескеріп, сирек 

қолданылса  (мысалы,  алабалта  т.б.),  бірқатар  жаңалары  қосылған 

болар.  Мысалы,  жазушы  Әбіш  Кекілбаевтың  «Үркер»  романында 

XVIII ғасырда қазақ әскері қолданған мылтықтың түрлерін атайды, 

олар: күлдірмамай, жекеауыз, бірауыз, қандыауыз, жездіауыз, шиті 

сияқты от қаруларының осы XVIII ғасырдағы жоңғарлармен болған 

жойқын ұрыстарында жиі қолданылып, олардың атаулары жаңалық 

ретінде таныла бастаған болар.

Сол сияқты ұрыс-шайқасқа қатысты шыңдауыл, ертеуіл, шығауыл, 



айдауыл,  торуыл,  тосқауыл  сияқты  көне  түркі-монғол  (әлде  таза 

монғол) сөздері де қолданылу жиілігі жағынан осы кезеңде жаңалық 

сипат  алуы  мүмкін,  яғни  таза  неологизм  болмағанмен,  бейбіт 

кезеңдерде  көп  қолданылмай,  ұрыс-соғысы  көбейген  кездерде  жиі 

айтылатын сөздер аэлогизмдер болған болар деп топшылаймыз. Бұл 

пікірімізді Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» романы бойынша лексикалық 

ерекшеліктерді талдау барысында да байқаған фактілер де растайды. 

Мысалы,  XVIII  ғасырдың  орта  тұсындағы  қазақ  халқының  сыртқы 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау