335
теориялық негіздері мен ізденіс принциптері қандай деген мәселелер
сөз болмақ. Сонымен қатар әр кезеңге қарай пайда болып жататын
жаңа қолданыстарды 1) әдеби тілге енген немесе ену әлеуеті (потен-
циалы) бар сөздер (олар нормативті сөздіктерге енеді немесе норма
ретінде ұсынылады), 2) ауызекі сөйлеу тілінде орын алып жатқан,
әдеби нормаға сай келмейтін жаңа қолданыстар деп ажыратып қарау
керектігі де айтылып келеді. Мысалы, француз тілінің неология-
сы әдеби норманы реттеуге, әдеби тілдің лексикалық қазынасының
толығу, жүйелену, даму процесін танытуға күш салса, Америка
зерттеуші-неологтары жаңа қолданыстар сөздігінің күнделікті, сөйлеу
тіліндегі бірліктерді тіркейтін түрін (сөздік типін) қош көреді екен
(бұлар – XX ғасырдың 70-80-жылдарының мәліметі, ал қазіргі, яғни
соңғы 10-15 жылдардағы шет тілдердегі неологиялық ізденістер мен
сөздік типтері туралы арнайы танысып, жеке сөз ету керек болады).
Осыған орай жаңа сөз қолданыстарын тіркейтін сөздіктер көбінесе
екі түрлі: а) тіркеп отыратын (фиксирующий); ә) нормативтік, яғни
әдеби нормаға енген бірліктерді көрсететін болып келеді. Сондықтан
тіркеуші сөздіктердегі бірліктер көбінесе шартты және тарихи
сипатта болады, дәлірек айтсақ, ол жаңалықтар жаңа сөз дегеннен
гөрі жаңа қолданыс дегенге саяды, өйткені олардың әдеби нормаға
ену-енбеуі әлі шартты: не сәтсіз, не көп ұзамай қоғам өмірінен
ығысып кететін зат, құбылыс сияқты реалийлерді атайтын ескірген
сөз (историзм) болуы мүмкін. Мұндай сөздіктердің екі түрі де әр
тілдің қажеттігіне қарай азды-көпті айырмашылықтармен келеді. Мы-
салы, қазақ тілінде әзірге түзіліп жатқан сөздіктер тіркеуші типінде
және түсіндірме сипатында, яғни орыс тіліндегі баламасы көрсетіліп,
беретін мағынасы түсіндіріледі. Бұлар жөнінде барша фактілерімен
толығырақ әрі қарай сөз болады.
Қазақ неологиясын зерттеуде үлкен әңгіме өзегі болатын мәселе
– аударма, оның ішінде орыс тілінен аударма проблемасы, бұл тек
ғылыми терминология жайттарына ғана қатысты емес, бір ұшы
күнделікті қоғам тіршілігіне, мәдениетіне, тіпті саясатқа барып
тірелетін мәселелер (тақырыптар) екенін баса көрсету керек. Әдетте
белгілі бір тіл тіршілігінде, екінші тіл қатар және басты рөл атқаратын
болса, әлеуметтік, саяси, ғылыми әдебиет негізінен бөгде тілден ауда-
рылатын болса (мысалы, Үндістанда ағылшын тілінен, қазақ тілінде
орыс тілінен), тілдік жаңалықтар, алдымен, осы басты рөл атқаратын
тілде пайда болады да, үндіше қазақша баламасы жасалады немесе
бөгде сөз қабылданады.
336
Тақырыптың теориялық негіздері мен принциптері
«Тіл – қоғамдық құбылыс» деген қағиданы ескерсек, тілдің негізгі
қызметі қарым-қатынас құралы болу, яғни коммуникативтік қызметі
саналады. Демек, тіл қоғам өмірімен байланысты, сол қоғамның
тіршілік-болмысының кезеңдеріне, ахуалына қарай әр сипаттағы
өзгеріс, жаңалықтармен өмір сүреді. Әсіресе оның лексикалық қабаты
– ең бір «жанды» жері; дыбыстар әлемі мен грамматикалық бітіміне
қарағанда, тілдің сөздік қазынасы сол халықтың әлеуметтік, рухани,
мәдени, саяси өмірінде болып жататын өзгеріс, жаңалықтарды бойы-
на тез сіңіреді, соған орай кейбір сөздер қолданыстан ығыса түседі,
көнере бастайды, енді біреулері жаңадан пайда болады, сөздердің
тағы бір тобы байырғы мағынасын өзгертеді не үстемелейді. Сөздік
қабаты «кірме» деп аталатын шеттілдік сөздермен толығады. Ұмыт
бола бастаған бір алуан сөздер дүниеге қайта оралады, сондай-
ақ азын-аулақ сөздер тобы «төменгі дәрежеден» (ауызекі сөйлеу
элементі немесе қарапайым сөз деген «атақтан») «жоғары дәрежеге»
(«әдеби нормадағы қолданыс» деген «лауазымға») көтеріліп жатады.
Қысқасы, тілдің лексика қаттауы үздіксіз қозғалыста болады және
ол қозғалыс, дүниедегі өзге де құбылыстар сияқты, бір қалыпты, бір
ыңғайда, бір бағытта болмайтыны тағы аян.
Әрине, тілдің грамматикалық, фонетикалық бітімі де өзгеріссіз
қалмайды. Оның өзге тілдермен қарым-қатысына, ықпалына байла-
нысты бөгде тілдік сөздермен сол тілге бұрын жат кейбір дыбыстар
күнделікті сөйлеу дағдысында да, әсіресе жазба үлгілерінде орын
алып кетеді. Мысалы, ф, х, в, ч, ц дыбыстары қазақ тілінің табиғи
фонетикалық жүйесіне тән болмаса да, қазақтың төл сөздеріне енбесе
де, қазіргі қазақ тілінде сөйлеушілердің ауызекі сөйлеу үрдісі мен жазу
тәжірибесінде бұл дыбыстар кездесетін сөздер жиі қолданылады және
олар көбінесе бұзылмай (өзгермей) орыс, араб, парсы тілдеріндегідей
дұрыс дыбысталады. Бұл – әрине, қазақ тілінің ішкі табиғатына ен-
бегенмен, қолданысында орын алған жаңа құбылыс. Осы сияқты
мәселелерді шешудің де теориялық негіздері болуы керек. Тілдегі
жаңалық, өзгерістер, әрине, тілдің даму, жетілу процестеріне тікелей
қатысты. Бұлардың барлығы да белгілі бір теориялық танымдар мен
лингвистикалық талдауларға сүйеніп, іске асырылады.
Тілдегі жаңа лексикалық бірліктерді сөз еткенде, оның теориялық
негіздерін тіл білімінің «номинация» деп аталатын тармағымен бай-
ланысты қарастыру керектігі белгілі. Номинация (атауыш, атау,
аталым, орысша – наименование) – болмыстағы заттар мен ұғым-
дардың атауларын зерттейтін таным саласы. Номинация термині
атауыштық әрекеттің актілерін де сөз ететіндіктен, тіл біліміндегі