341
тілдің сөздік құрамын сан жағынан молайтады, бірақ ол қатарлардың
барлығы түгел нормативтік (нормалық) статусқа ие болып, әдеби
тілден берік орын алмайды, өйткені нақты бір зат әдетте бірнеше
сөзбен аталмайды (бұл жерде номинатив, яғни нақты затты атай-
тын немесе денотатив, яғни тура, негізгі мағынасын айтып отыр-
мыз). Сондықтан орыс тілінде каток деп аталатын спорт орны өткен
ғасырдың 70-90-жылдары айнамұз ~ мұзайдын ~ мұзойнақ ~ каток
деп аталып жүрді, демек, бір атаудың орнына 3-4 сөз дүниеге келіпті.
Бұл не? – сөздік қазынаның баюы ма, толығуы ма, дамуы ма әлде тек
сан жағынан көбеюі ме? Мұндай көбею процесі тілдің ілгері, сапалы
дамуына жата ма? деген сауалдар өз-өзінен туады.
Дегенмен тілдің сөздік қабатында сандық ұлғаю процесі сандық
кему процесінен жоғары тұрады: өткен XX ғасыр мен алдағы уақытта
тіл тіршілігіне ішкі-сыртқы факторлардың тигізетін ықпалының
түрлене түсуіне орай, адамзат қоғамы өмірінде пайда болып жатқан
өзгерістер мен жаңалықтардың көптігіне және кейде олардың қауырт
етек алатын сипатына қарай тілде лексикалық (атауыштық) жаңа
сөздердің орын алатындығы түсінікті.
Қазақ лексикасында, айталық, XIX ғасырдың орта тұсында
жарық көрген Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі сөздігіндегі сөзтізбеге
шығарылған сөздер қазіргі сөздіктегілерден әлдеқайда аз болуы –
XIX ғасырда қазақ сөзінің сан жағынан аз болып, қазір орасан өсіп
кеткендігін танытпайды: бұл айырмашылық сөздіктердің сипаты-
на (мақсатына), материалдың жиналу дәрежесіне т.т. қатысты екені
даусыз, әйтпесе қазақ тілінің лексикалық қоржыны ертеден-ақ бай
болған. Осылай дей тұрсақ та, заман өткен сайын сөздік қазынаның
сан жағынан молая түсу тенденциясын жоққа шығаруға болмайты-
нын мойындау керек.
Фрагментарлық түрде немесе өзге тақырыпты зерттеу үстінде
жол-жөнекей сөз болып келе жатқанымен, бұл тақырыптар бойын-
ша өз алдына монографиялық зерттеу еңбектері әлі де жоқ. Ең үлкен
ғылыми нысан (ізденіс) – нақты фактілерді: жаңа сөздерді, жаңа
тұлғаларды, жаңа қолданыстарды тіркеп, оларды саралап алу болмақ.
Бұл ретте соңғы 20-30 жыл барысында нақты жұмыс жүргізіле ба-
стады: 1973-1983 жылдарындағы қазақ баспасөзі беттерінде, ішінара
өзге де әдебиеттерде қолданылатын жаңа сөздер немесе жаңа мағына
үстелген байырғы сөздер, қысқасы, жаңа ұғым атаулары жинасты-
рылып, түсініктерімен, мысалдарымен, орыс тіліндегі баламала-
рымен тіркелген «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» де-
ген басылымның алғашқы кітабы 1985 жылы жарық көрсе, оның
толықтырылған, яғни кейінгі жылдарда орын алған жаңа сөз бірліктер
жиналған 2 және 3-басылымдары 1990, 1992 жылдары көпшілік на-
зарына ұсынылды.
342
Бұл басылымдардың «жаңа сөздер» деп емес, «жаңа қолданыс-
тар» деп берілуінің мәні бар. «Қазақ лексикасының жаңа сөздері»
деп аталуы үшін олар әдеби тіл нормасына сай келіп, жазба әдебиет
үлгілері мен ауызша жұмсалатын әдеби тілімізде жалпыға ортақ
түрінде айналымға (қолданысқа) түсуі керек. Ал баспасөз беттері мен
радио, теледидар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында, әр алу-
ан оқулықтар мен көпшілікқолды ғылыми әдебиетте көріне бастаған
жаңа тұлғалардың бәрі сол күйінде сіңісіп кетпейді. Бұған жаңа
атаулардың екі-үш (кейде одан да көп) варианттары қатар түзілетіні
де себепкер болады, яғни жаңа ұғымның немесе бұрыннан бар
ұғымның жаңаша аталуының, әсіресе бұрын қолданып келген орыс
сөздерін қазақшалаудың бірнеше варианты болды. Ол варианттар
біраз уақыт әр жерде қатарласа қолданыла береді. Мысалы, бұрын
«некролог» деп келген сөзді қазақшалап, бір жерде «азанама», тағы
бірде «қазанама», келесі бір жерде «мынақып», тағы бір орындарда
«некролог» деп осы күнге дейін қатарласа аталып келеді. Сол сияқты
«овощъ» дегенді «жасылша», «көгеріс», «көкөніс» деп атап жүрміз.
Ал енді бірқатар сөздің варианттары жоқ болғанмен, аса сәтті
еместігі оларды «жаңа сөз» деп тануға болмайтындығы байқалады.
Мысалы, «газет» дегенді «үнқағаз», «стюардесса»-ны «аспансерік»,
«пассажир» дегенді «жүрісші», «включатель» дегенді «шыртет-
пе» деп жаңаша атаудың қаншалақты сәтті екенін айту қиын. Сол
сияқты «робот»-ты «құлтемір» (тіпті «көктемір» деген варианты да
кездесіп қалды) деп жаңаша атау да – сәтті емес. Роботтар – жалаң
темірден жасалатын «дене» емес және олардың қызметі құлдық емес,
әдетте жаңа атау жасап тұрған сөздердің түпкі номинатив мағынасын
сақтауы – шарт емес, дегенмен жаңа атау мүмкіндігінше беретін
ұғымды сипаттайтындай, дұрыс танытатындай болуы керек.
Жаңа қолданыстарды өзге де тілдер тәжірибесіндегідей: мысалы,
орыс тіліндегідей: «Новые слова и значения» (Словарь-справочник
по материалам прессы и литературы 60-х годов. - М., 1971); «Новые в
русской лексике» (Словарные материалы-77. - М., 1980, 1981, 1982);
«Новые слова значения» (Словарь-справочник по материалам прес-
сы и литературы 70-х годов. - М., 1984) сияқты басылымдардағыдай,
қазақ дүниесінде де жаңа қолданыстарды тіркеп, түсіндіріп, мы-
салдарын келтіріп ұсынып отыруды бастағанымыз да, әрі қарай
жүргізіле беретіндігі де – құптарлық іс. Және жаңа сөздер мен жаңа
мағыналарды жинастыруды кезеңдерге орай, айталық, әрбір 10-15
жыл барысындағы лексикалық жаңалықтар деп жүргізген тиімді.
Мұндайда ең соңғы жаңа бірліктермен қатар, мұның алдындағы
онжылдықтарда пайда болғандарының орнығу немесе ығысу процесі
көрінетін болады, бұрын сәтсіз шыққандарының алмастырылғаны,
кысқасы, «қозғалыс» сипаты айқындала түседі.