339
жаңа қолданыстарды жинап, саралап, анықтау сияқты жұмыстар) –
әлі қолға алынбаған зерттеу нысандары.
Қазақ тіліне келгенде, номинация мәселесін зерделеу барысында
ауыл және
қала лексикасы дегенге арнайы көңіл аудару керек. Бұл
– бізде қолға алынбақ түгіл, ойға да келмеген шаруа. Ал бүгінгі күні
ауыл халқының жұмыс іздеп қалаларға келіп қоныстанулары өте үлкен
қарқын алып отырғаны белгілі. Бүгінгі урбанизация құбылысының
ауыл адамдарының жаңа заттар мен ұғымдарды әсіресе сөйлеу
тілдерінде атау үлгілері (амалдары) мен олардың қалаға келгендегі
өзгерістерін мұқият тіркеп алу, сөз жоқ, өте қиын, машақаты көп іс.
Дегенмен бұл лексикалық қазынаны, әсіресе оның жаңа қабаттарын
тірнектеп жинап, зерттеу – кезек күттірмейтін міндет.
Жаңа лексикалық бірліктерді кеңінен сөз етуде оларды заттық
аталым, ұғымдық аталым деп айырып қарастыру керек. Бұл –
әсіресе ғылыми-техникалық терминдерді жасауда басты назар ауда-
ратын шарттылық. Орыс тіл білімінде «предметная и понятийная но-
минации» деген таным – неологияның ең басты теориясы.
Тілдің және оның лексика-грамматикалық құрамының даму жо-
лында белгілі бір кезеңдер болады, ол кезеңдер тарихи, өтпелі, бір
қалыпты, прогрессивті, регрессивті деп аталуы мүмкін. Ал тіл
дамуының мұндай кезеңдері, әрине, сол тілді иемденуші халықтың
әлеуметтік, саяси, мәдени өмірінде өтіп жататын өзгерістерге,
қозғалыстарға, дүмпулерге, төңкерістерге тікелей қатысты болады.
Бұл күндерде, яғни өткен XX ғасырдың соңғы онжылдығынан
бермен қарай қазақ тілі айрықша мәнді тарихи кезеңді басынан
кешіріп отыр. Ең алдымен, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құры-
лысының өзгеріп, өз алдына тәуелсіз мемлекет болғанына және
соның нәтижесінде мәдени-рухани дүниесінде үлкен өзгеріс-жаңа-
лықтардың пайда болғанына байланысты қоғам өміріндегі өзгеріс-
тер тілдің сөздік қазынасына жаңалықтар әкелді. Тілге қатысты ең
үлкен әлеуметтік, мәдени үні бар құбылыс – қазақ тілінің мемлекеттік
тіл статусын алуы болды. Мемлекеттік тіл статусы тек оның
қоғамдағы қызметі жағынан ғана емес, тіл құрылымының дамуы мен
жетілуі жағынан да атына сай болуын талап етеді.
Тілдің дамуы мен жетілуі дегендер – бір құбылыс емес, бұл
терминдер – сырт қарағанда, бір мағынадағы синоним сөздер бо-
лып көрінеді. Ал, шындығында, даму дегеніміз – қозғалыс пен
уақыт шеңберіне қатысты әрекет атауы, сондықтан даму-уақыт
жағынан ілгері қарай жылжу. Ал бұл жылжу – тек уақытпен таны-
латын қалыпты жай қозғалыс болуы да мүмкін, сондай-ақ сапалық,
сандық өзгерістерге ие болатын ілгері, оң (прогрессивті) немесе кері
(регрессивті) қозғалыс болуы да мүмкін. Ілгері, оң қозғалысы жай
даму емес, жетіле дамуы, жетілуі болып танылады.
340
Тілдің жалпы дамуын да, жетілуін де кезеңдерге қарай сөз ету ке-
рек, яғни қазақ тілінің қозғалысын өткен ғасырдағы, оның ішінде:
а) XIX ғасырға дейінгі;
ә) XIX ғасырдың соңғы ширегіне дейінгі;
б) XIX ғасырдың соңғы 25-30-жылдарындағы;
в) XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы;
г) XX ғасырдың 50-60-жылдарынан 90-жылдарына дейінгі;
д) XX ғасырдың 90-жылдарынан қазіргі кезеңге дейінгі даму си-
паты деп шартты түрде саралап тануды ұсынамыз. Өткен ғасырлар-
дағы дамуы, XX ғасырдағы дамуы, қазіргі кезеңдегі дамуы, соңғы 10-
15 жылдан бергі дамуы (жылжуы) деп жалпылап тануға болады.
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің бүгінгі қозғалысы прогрес-
сивтік даму – жетіле түсу процесі деп танылса, мұның көп белгісінің
бірі сөздік қазынасының сұрыпталуы мен толығуы болмақ. Қысқасы,
бұл жерде әңгіме жібі қазақ тілі лексикасының жаңа бірліктермен
толығуы, яғни қазақ тілінің баюы жайында өрілмек.
Жалпы тіл байлығы дегеніміз не? Әдетте байлық деп бір нәрсенің
молдығын, көптігін айтамыз. Ал біртіндеп санауға, салмақтап өл-
шеуге көп келе бермейтін құбылыстардың байлығы мен кедейлігін
қалай білуге болады? Тіл де – қолға ұстап санайтын, безбенге са-
лып өлшейтін деректі зат емес. Дегенмен оның бір-екі деп санауға
келетін құрамды бөлшектері де мүлде жоқ емес. Бұлайша санауға
болатындар – сөздер мен оларды құбылтатын кейбір амал-тәсілдер.
Сондықтан тіл байлығы дегенде әдетте ойымызға бірден оның сөз
қазынасы келеді.
Белгілі бір тілдегі жеке сөздер мен лексикалық тіркестері сан
жағынан неғұрлым көп болса, сол тіл бай тіл деп санаушылық бар.
Әрине, әр заманға сай барша зат аттары мен барлық дерексіз ұғым
атауларын білдіретін сөздердің жеткілікті болуын байлық деуге бола-
ды. Бірақ тілге келгенде, бірден-бір байлық – бұл ғана емес. Тіпті сөз
саны қанша көп болғанымен, ол сөздердің «сүйегін» – шыққан тегін
(төлтума немесе кірме сөз екендігін), тұлғалық «келбетін» (табиғи
немесе жасанды екендігін), жұмсауға қолайлы, тыңдауға жағымды
(айтпақ ойды дәл, дұрыс беретін) болуын ескергенде, кейбір тілдер
бір кезеңдерде санға бай болғанымен, сапаға жұтаңдау болуы және
мүмкін. Дегенмен тілдің лексикалық қабатын молықтыратын фактор-
ларды танудың, танытудың ерекше мәні бар.
Қазақ тілінде сөз қазынасының молаюы соңғы бір ғасыр бойында
ерекше көзге түсерліктей дәрежеде көрінді. Жоғарыда айтылды, мо-
лаю процесін тек сан жағынан толығу деп түсінуге болмайды. Тілге
келгенде, сандық көрсеткіштің мәні, біздіңше, бірден-бір шешуші
рөл атқармайды. Қолданыстағы сөздердің бәрі – сол тілдің түбегейлі
қазынасы болмауы мүмкін. Айталық, әр алуан себептермен пай-
да болып жататын лексикалық варианттар – жарыспа қолданыстар