296
әңгіме – келін боп түскен жас әйелдің қайын жұрты туралы, демек,
қалыңдықтың келін болуының этнографиялық бір белгісі – басына ақ
жамылғы (орамал) салуы (бүркенуі) дегенді білеміз. Сөз мағынасын
топшылауға ақ және басына орамал – ақ бүріншік салу, яғни басын
бүркеу, бүркену мағынасынан көрініп тұрғандығы да көмектеседі.
Бүріншік сөзінің түпкі тірегі –
бүрү етістігі, одан туындаған
бүркену
сөзінің семантикалық тірегі – жамылу (басына салу). Қазіргі қазақ
тілінде бүркеніш (көзден тасалап тұратын жамылғы), бүркеншік
(басқа салатын жамылғы) тұлғалары бар, оның бүріншік варианты
бұл күнде жоқ. Сірә, бұл осы заттың ескі атауы болар. Қазақ тілінде
«жамылу» ұғымы бүрү деп емес, бүркену деп аталатын болғандықтан,
бүріншік тұлғасы ескіріп,
бүркеншік деген түсінікті тұлға қолданылып
кеткен сияқты. «Едіге» жырының Шоқан жинаған нұсқасы, оның өзі
айтқандай, ең әрідегі жырланысы болғандықтан, талданып отырған
сөздердің орын алуы – заңды. Демек, бүріншік сөзін тұлғалық ескілік
деп санауға болады. Әйел баскиімінің бүріншектен басқа да атау-
лары біраз бар, олардың ертеректегі түрлері бүріншік/бүркеншік,
баутақ, бүгінде барлары –
орамал, кимешек, жаулық, тіпті бұлар да
мағыналары айқын болғанмен, олардың тұлғаларына этимологиялық
талдау жасауға болады.
Айталық, баутақ сөзін акад. Ә. Марғұлан «кимешек» мағына-
сындағы монғол сөзі» деп түсіндіреді (Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-
аңыздар. - Алматы, 1985. - 57-бет). Монғол тіліндегі богтах деген
сөздің қазақша (түрікше) тұлғасы дейді. Бірақ біз монғол сөздікте-
рінен бұл сөзді таба алмадық. Сірә, басқа бір еңбектерде бар бо-
луы керек. Ал кимешек сөзінің этимологиясын проф. К.К.Юдахин
жақсы көрсеткен: қырғыз тіліндегі елечек – «күйеуі бар әйелдің орап
байланған бас киімі (тюрбан)» деп талдайды. Елечек – парсы сөзі,
қырғыз тілінде «токол елечек (тоқал елешек – сәл аласалау ақ тюр-
бан). Қаз(а) елечек – үлкен елечек: «қаза елечек оронгон қатындары
танымал», сайма елечек – мандайына өрнек салған елечек» деген
түрлерін көрсете келіп, «киймелечек (кимешек) – қазақ әйелдері бай-
лайтын елечек» деп арнайы түсіндіреді. Киіме+елечек – кимечек,
қазақша – кимешек (Кирг.-русс.сл., 949-бет).
Сөйтіп, ақ бүріншік – қазақ, қырғыз, ноғай т.б. халықтардың
әйелдерінің «этнографиялық таңбасы» (көрсеткіші), ескі сөз, бірақ
түбірі түркілік және түсінікті сөз.
Бұғай/боғай. Бұл сөз тек қана «Едіге» жырының Шоқан нұс-
қасында кездеседі: Қырқада біткен қырық адыр Қырық басып
жүрер-ді боғай құбаша ұғыл. Осы тұлғамен Сыпыра жыраудың
Едігенің қауіпті батыр екенін Тоқтамысқа суреттеген сөзінде 14 рет
келген сөйлемдер түйдегі (блогы) бар, 14-інші блок:
297
Есен-аман кетсе сол,
Еділден арман өтсе сол,
Сәтемір ханға жетсе сол,
Осы өшін, сірә да,
Сенен алмай қалмас-ты боғай құбаша ұғыл! – деп аяқталады.
Бұл тұлға мүлде бейтаныс, ешбір сөздікте жоқ және боғай/бұғай
сөзімен келген сөйлемнің өзін анық түсіну қиын: боғай – анықтауыш
па (боғай құбаша ұғыл), жағымсыз мәнді атау сөз бе, етістік пе?
Мұны проф. П.М.Мелиоранский сусымалы, әлсіз л дыбысы түсіп
қалған болғай деген етістік тұлғасы деп түсіндіріпті, -ғай жұрнақты
етістік келер шақты білдіреді дейді.
Бұт сауырлы күреңше ат,
Бұтқа тартып мінер-ді боғай құбаша ұғыл –
деген жолдарын егер ондағы мінер-ді боғай дегенді мінер болғай
деп танысақ, қазіргі қазақ тілінше айтса, жырау бұтқа тартып
мінетін болар деп толғар еді.
Сөйлем мағынасының түсініктілігін қуаласақ, П.М.Мелиоранс-
кийдің талдауының дұрыстығына ойлануға тура келеді. Кәмілдікті
көрсететін -ды/-ді аффиксі күрделі етістіктің неге ортасында тұр.
Дұрысы – бұл қосымша күрделі етістіктің ең соңғы сөзіне жалғануы
керек сияқты. Демек, талданып отырған боғай/бұғай тұлғасын
әрі қарай іздестіру керек, ол – мағынасы бар жеке сөздердің бірі
ме, етістіктің құрамдас компоненті ме? Шоқан нұсқасындағы бұл
сөйлемдер Қ.Сәтбаев вариантында қазақша берілген, 7-8 буынды
өлең өлшемі де сақталған, сөйлемнің мағынасы да түсінікті: Сауыр-
лы бұт күреңше ат, Бұтқа тартып мінер ол. Ал Шоқан нұсқасында
өлең өлшемі де бұзылып тұр: Бұт сауырлы күреңше ат (7 буын)
Бұтқа тартып мінер-ді боғай құбаша ұғыл (11 буын). Қ.Сәтбаев
нұсқасында жоғарғыдай сөйлемдердің бірінде боғай сөзі жалғыз де-
ген сөзбен алмастырылған: Сонау бір жалғыз құбаша ұл, Әлі де ұзап
кеткен жоқ. И.Н.Березин жинағында бұл жолдар: Кешегі кеткен
еңсегей бойлы құбаша ұл, тағы бір жерінде: Кешегі кеткен жалғыз
ұл деп жазылған (Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996. - 360-361-бет-
тер).
Кіс/күс. Бұл сөз қазақ тіліндегі «Едіге» жырында ғана емес, өзге
батырлар жырларында да, лиро-эпостарда да жиі көздеседі. Кіс –
терісі бағалы аңның атауы. Бірақ терісі бағалы аңдар көп қой. Мы-
салы, орысша соболь деген терісі өте бағалы, қымбат «тышқанды»
қазақ тілінің сөздіктері көбінесе бұлғын деп, кейбіреуі кіс, ақкіс,
ақтышқан деп көрсетіпті.
1987 жылғы «Краткий русско-казахский словарь»-да соболь –
бұлғын,
горностай –
ақкіс, ақтышқан, арыс. 10 томдық түсіндірме