283
жырының 1996 жылғы басылымына «Түсініктемелер» жазған фоль-
клортанушы ғалым – Оразгүл Нұрмағамбетова да әкелі-балалы
Уәлихановтар жырды қашан (қай жылдары) кімдерге жаздырып
алғанын, ең соңғы вариантын кімнің көшіріп бергенін ашық көрсетіп
берген (Едіге батыр. Алматы: Ғылым, 1996. - 352-бет).
Жыр мәтінін қолжазба бойынша берілгенін дәлелдейтін (көрсе-
тетін), біздіңше, және бір штрих бар. Ауыз әдебиеті үлгілерін сақ-
тап таратуда олардың өлеңмен берілген тұстарын жаттап, дұрыс
(өзгертпей) жеткізуге болады («өлең шығармайтын қазақ болмай-
ды» дегендей, қазақтар поэзияға табиғатынан бейім,оны тез жаттап
алатындықтары айтылып келеді), ал қара сөзбен айтылатын прозалық
бөліктерді өлең мәтініндей дәл жаттап алудың мүмкіндіктері бола
бермейді, оны ауызша жеткізуде әркім мазмұнын бұзбағанмен, өзінше
айтып береді, сондықтан көбінесе олардың қолжазба нұсқалардағы
(егер, әрине, қолжазба болса) мәтіні бойынша хатқа түсіреді деп топ-
шылаймыз. «Едіге» жырында қазақ тіліне тән емес жеке сөздер мен
морфологиялық тұлғалардың көбі жырдың прозалық бөліктерінде
(1996 жылғы басылымында бұл бөгде сөздер мен тұлғалардың біразы
«қазақшаға» көшіріліп (түзетіліп) жіберіпті, соған қарамастан, біз
қазақ тіліне тән емес тілдік бірліктерді тауып, «күреп алып отырмыз».
Жырдың мазмұнын түсінуде, архитектоникасын сақтауда біз сөз
етіп отырған бұл қазақша емес бірліктердің, яғни өзгешеліктердің
айтарлықтай зияны (кері әсері) жоқ, өйткені мәнмәтінге қарап та,
түсініксіз сөздердің түбіріне қарап та әңгіме мазмұнын ұғуға бола-
ды. Бұлардың бірқатарының қазақ тілі ескіліктерінің статусымен
аталып отырған себебі – олардың бұл күнде қазақтың ауызекі не
жазба әдеби тілінде қолданылмайтындығы. Ал бірақ қазіргі кезде
көпшілік қауым оқитын әдебиеттерде: фольклорлық шығармаларда,
әсіресе мектеп бағдарламасына енген батырлар жырлары мен ли-
ро-эпостарда, күнделікті сөйлеу барысында да, жазба дүниелерде
де, жиі қолданылатын мақал-мәтелдерде, бейнелі фразеологизм-
дерде, тарихи ғылыми еңбектер мен тарихи көркем шығармаларда
кездесетін бейтаныс, күнделікті қолданыста жоқ сөздер мен сөз
тіркестерін тұлғасы жағынан өзгеше болып келетін сөздерді көрсету,
олардың сол жердегі (эпостағы, мақал-мәтелдегі, қос сөздегі, күрделі
тіркестердегі) беріп тұрған мағынасын, ол мағынаның эволюциялық
қозғалысын (заман өткен сайын өзге мағыналарды білдіруін) таны-
тып, баяндап беру – бүгінгі қазақ тілтаным ғылымының маңызды
шаруаларының (міндеттерінің) бірі болып отыр. Осы мақсатпен
әуелі «Едіге» жырының жарық көрген нұсқалары бойынша, одан соң
ноғайлы цикліне кірмейтін эпикалық туындылар мен XV-ХІХ ғасыр
284
ақын-жырауларының тілдері бойынша кездесетін ескі бірліктердің
бірқатарын талдаймыз. Олардың біразы «Сөздер сөйлейді» атты
еңбегіміздің нысаны болған-ды, мұнда оларды негізінен ескілік
ретінде танытудан гөрі семантикалық қозғалысын (өзгерісін) көр-
сетіп, этимологиясын ашу көзделген болатын.
Шоқан Уәлиханов (XIX ғасырдың I жартысында жиналып, 1905
жылы жарық көрген) пен Қаныш Сәтбаев 1927 жылы Мәскеуде
жариялаған нұсқаның бір-біріне жақындығы айтылып келеді. Ара-
ларына 70-80 жыл салып, екінші адамдардан жинап (жаздыртып)
алған жыр мәтіндерінің жақындығына қарамастан, ерекшеліктері
бар екені де зерттеушілер назарында болды. Басты айырмашылық –
«проф. П.М.Мелиоранский 1905 жариялаған «Едіге» жырында Казақ
түсінігіне қиын көне сөздердің, татар сөздерінің (?) көптігі. Қаныш
Сәтбаев жариялаған «Едіге» жыры осы көне түсініксіз сөздерден, та-
таршыланып кеткен жерлерінен тазартылып, қазақтың таза әдеби
тілінде жазылған» – деп жазды фольклортанушы О.Нұрмағамбетова
(Едіге батыр. - Алматы, 1996. - 353-354-беттер). Бұл түсіндірмеде
«татар сөздері», «татаршыланып кеткен жерлер» деген мәлімет сәл
жаңсақтау, өйткені мұндағы көне сөздер – татардікі емес, ноғай
тілінікі не көне түркі мен Алтын Ордаға кірген өзге туыс түркі
тілдерінікі екендігін төмендегі талдау-түсіндірмелеріміз көрсетеді.
Ал емлесіндегі «татаршаланған жерлері» дегенді де ортаазиялық
түркі емле жүйесі деп білу керек болады. Шоқан мен Қаныш нұс-
қаларының жақындығы тек жырдың композициялық құрылымы
мен жалпы мазмұнында ғана емес, 1927 жылғы вариантта да Шоқан
нұсқасында кездесетін ескіліктердің біразы бар. Мысалы, айлану,
сұб аяқты сұб бөрікті, екі түгей торыша ат, торылы жылқы то-
быншақ, суға шомып кетті, атан екенінде, бота екенінде, тобыншақ,
қыдыру, қыдыр, ал қара кіс тон, үкем, алғаштан, өкіліне түспеді, ал
елдігін солдырып, қара кіске бөлеттім, бала кіске бөлеттім, ыбын-
сыбын екі нақ, ұйлықты/ойлықты, жыйлықты/сылықты.
Ал «Едіге» жырының бұл екі нұсқасына қатысты түсініктеме
берушілердің екінші Қ.Сәтбаев вариантында «татар сөздері» қазақ-
шаға өзгертіліп берілген дегені – мұнда қазақ тіліне тән емес морфо-
логиялық тұлғалардың (йақын йеткеш – жақын келгенде; бас терісін
алдына алып тарап олтұр – тарап отыр, нешік үлкен боласың –
қалайша үлкен боласың; менден артық – менен артық; баршала-
ры жыладылар – бәрі де жылады) қазақшаға көшіріліп берілген-ді.
Әрине, бұл – жырдың ноғай тіліндегі нұсқасының қазақ тіліне
ыңғайланған үлгісі екенін көрсетеді. Мұндай адаптациялар «Едіге»
жырының өзге нұсқаларында да бар, бірақ «Едіге» жырының Сәтбаев