Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет7/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

123

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ПЕТРОПАВЛ

Петропавл – Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ 

қонысының орнында орналасқан қала. Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің 

қазақ жерін отарлау саясатына сəйкес Петр І-нің əскери бекінісі ретінде қаланған. 1825 

жылдан бастап қала санатында. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір мен Түркістан 

сауда жолының бойына орналасуына байланысты ірі сауда орталығына айналады. 

ХХ ғасырдың басында ауыл шаруашылығы жəне өнеркəсіп орталықтарының біріне 

айналды. 1936 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының орталығы болып табылады. 

Бүгінде қаладағы ірі кəсіпорындарға «Еуразия», «Вита», «Молочный союз» 

акционерлік қоғамдары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты жəне т.б. жатады. 

Мұнда екі мемлекеттік жоғарғы оқу орны: Солтүстік Қазақстан университеті жəне 

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің əскери мектебі бар.

Облыстың аумағын Есіл өзенінің орталық бөлігі, Аққанбұрлық жəне Иманбұрлық 

өзендері, Шағалалы өзенінің төменгі ағысы, Ащықарасу, Ащысу өзендері, сондай-ақ 

Сілеті өзенінің төменгі ағысы басып өтеді. Шаруашылық үшін Есілдің маңызы ерекше. 

Солтүстік Қазақстан облысы – көлдерге өте бай облыстардың бірі. Ең ірі көлдері: 

Толыбай, Үлкен Қарақамыс, Тоқты, Қақ, Ақсуат, Ұлыкөл, Тораңғыл, Үлкен Қоскөл, 

Саумалкөл, Шағалалытеңіз, Қалыбек, Теке, Көксеңгірсор, Сілетітеңіз, т.б. 

Өнеркəсіптің басты саласы машина жасау болып табылады. Екінші орынды тамақ 

өнеркəсібі алады. Өнімнің қалған түрлеріне жеңіл өнеркəсіп, электр энергетикасы, т.б. 

салалар жатады. Ірі өнеркəсіп орындарына Петропавл вагон жəне локомотив депосы, 

шағын литражды қозғауыштар зауыты, Петропавл прокат (қақтау) жабдықтары мен 

бөлшектері зауыттары жатады. Тамақ өнеркəсібі саласында Петропавл ет комбинаты-

ның, сүт-май зауыты, ұн тарту зауыттарының маңызы зор. Олар сапасы жоғары 

өнімдерін шет елдерге шығарады. 




124

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. 1932 

жылы 10 наурызда құрылған. 1997 жылы құрамына Семей облысы енгізілді. Облыс 

құрамында 15 əкімшілік аудан, 10 қала, 24 кент бар. Облыс орталығы – Өскемен 

қаласы.

Шаруашылығының басты саласы – өнеркəсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті 



металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдары өнеркəсібі, ағаш өңдеу, 

тамақ жəне жеңіл өнеркəсіптер дамыған. 

Облыс өнеркəсібінің негізін кен өндіру өнеркəсібі құрайды. Негізгі өндірілетін 

өнімдері – түсті металл (мыс, мырыш, күміс), алтын, титан, көмір. Кентасты, негізінен, 

Риддер жəне Зырянов полиметалл кен аудандарындағы «Қазақмырыш» АҚ-на қарасты 

кеніштер, Ертіс маңы полиметалл кенді ауданындағы «Қазақмыс корпорациясына» 

қарасты кəсіпорындар өндіреді.

Асыл металл өндіру саласы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 27 кəсіпорын 

бар. Оларда 17,3 тонна алтын өндіріледі. Негізгі алтын өндірушілерге «Бақыршық» кен 

кəсіпорны, «ФИК», «Алел», «Алтынтөбе» АҚ-ның, «Андас Алтын», «Даңқ», «Жерек» 

ЖШС-терінің кеніштері жатады.

Облыстағы көмір өндіру 6 нысан бойынша жүзеге асырылады. Олар – Қаражыра, 

Кендірлік жəне Алакөл кен орындары.

Облыс өнеркəсібінің басты түсті металлургиясы «Қазмырыш», «Өскемен 

таган-магний комбинаты», «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-дары, «Қазақмыс 

корпорациясы» АҚ-ның «Шығыс Қазмыс» бөлімшесін, «Қазниобий Ертіс химия-

металлургия зауыты», «Ертіс сирек элементтер компаниясы», «Қазмырыш-тех» ЖШС-

терін қамтиды. Бұл кəсіпорындар өздерінің шығарған сан алуан бағалы өнімдері 

бойынша дүние жүзіне белгілі. 

ӨСКЕМЕН 

Өскемен Қазақстанның шығысында Алтай тауы Үлбі жотасының түбінде Ертіс 

өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қаланың іргесі 1820 жылы əскери қамал ретінде 

қаланып, Усть-Каменная бекінісі аталған. Ертеректе қазақтар Ұлба, Тұңғиық тұмсық, 

Қараөзен деген атауларды да қолданған. Өскемен «Усть-Каменная» сөзінің дыбыстық 

өзгеріске ұшырауынан пайда болған. 1939 жылы бұл қала Шығыс Қазақстан облысының 

орталығына айналады.

Қала ірі қорғасын-мырыш, титан-магний кəсіпорындарымен, құрылыс материалда-

ры комбинаттарымен, арматуралар, құрал-жабдықтар, цемент, минералды заттар за-

уыттарымен, жібек маталар жəне жиһаз жасау фабрикаларымен əйгілі. Сонымен бір ге 

машина жасау, жеңіл жəне тамақ өнеркəсіптері де кең дамыған.




125

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

СЕМЕЙ

Семей – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 

1939 – 97 жылдары Семей облысының орталығы болған. 

Қаланың ХVІ – ХVІІ ғасырлардағы аты – Доржынкит. Доржынкит қазіргі Семей 

қаласы тұрған жерден сəл жоғары, Ертістің оң жағасындағы дөңестің үстіне орналасқан. 

Түмен қаласының мұрағатынан табылған дерек бойынша, 1600 жылы Асма тархан 

Доржи деген кісі осы жерде жеті сарай салдырғандықтан, қаланың аты «Доржынкит» 

аталған. Семей қаласының орнында орналасқан жеті шатыр (Доржынкит) сарайлары 

патша үкіметінің ресми құжаттарында «Тас мешіт» деген атпен ХVІ ғасырдың басынан 

белгілі. 

Ертіс өзеніне ТМД елдері бойынша ең үлкен аспалы көпір салынған. Семей – еліміз-

дегі ірі ғылым-білім орталығының бірі. Онда Радиациялық медицина жəне экология 

ғылыми-зерттеу университеті, Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, 

М. Əуезов атындағы «Семей» университеті, Мемлекеттік медицина академиясы, Мем-

лекеттік заң институты, Қаржы-экономика институты, т.б. жоғарғы оқу орындары бар.



РИДДЕР

Риддер – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Риддер Өскемен қаласынан солтүс тік-

шығысқа қарай 101 км жерде, Үлбі өзенінің жағасында орналасқан. Қала мəртебесі 1932 

жылдан бастап берілген. Қаланың іргесі 1784 жылы орыс инженер-технигі Ф.Риддер 

осы маңнан полиметалл кенін ашуына байланысты қаланды. 1941 жылға дейін Риддер, 

1941 – 2002 жылы Лениногорск деп аталған.

Риддер – Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі. «Қазмырыш» 

акционерлік қоғамына қарайтын қорғасын, мырыш жəне сирек металдар өндіретін 

Сокольный, Быструшин, Андреев, Тишинский кеніштері бар. Екі кен байыту комбинаты, 

балқыту зауыты жұмыс жасайды.

Қалада дəрілік өсімдіктерді жинау жəне оларға селекция жүргізумен айналысатын 

ботаникалық бақ жұмыс істейді.

Өскеменде спорт сарайы мен кешені, этнографиялық жəне өлкетану мұражайлары, 

Шығыс Қазақстан мемлекеттік жəне техникалық университеттері, түсті металдардың 

ғылыми-зерттеу орталығы бар.

Қала аймағының табиғаты көз тартарлықтай əсем. Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай 

ұлттық саябағы, қарағайлы, шыршалы ормандары, Алтай таулары бұл өңірге ерекше 

көрік береді. Бұл аймақтың халқы марал өсірумен айналысады. Маралдың мүйізінен 

дəрі-дəрмек жасалады.




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау