134
ҚАЗАҚСТАН АҚШАСЫ
► «Қазақстан шимайтастары»
топтамасы бүгінгі күнге дейін жеткен
шимайтастарға арналған. «Арба»
монетасы айналымға 2006 жылы
1 шілдеде шықты. Монетаға қола
дəуірінің б.з.б. ІІ мыңжылдығының
екінші жартысындағы арбаның кескіні
бейнеленген (Оңтүстік Қазақстандағы
Қаратау жотасындағы
Арпаөзен шатқалынан табылған
тастағы суретке негізделген).
Таралымы – 3 мың дана.
Авторы: Басенов А.Ғ.
Суретшісі: Золотухин А.П.
◄ «Қолданбалы өнер» топтамасы
бойынша шыққан 500 теңгелік
«Жетіген» монетасы айналымға
2004 жылы 11 қарашада жіберілді.
Жетіген – өзінің алғашқы түрін
бүгінге дейін сақтап қалған қазақтың
шекті музыкалық аспабы.
Таралымы – 3 мың дана.
Суретшілері: Басенов А.Ғ.,
Ивженко В.П.
“олданбалы нер”
топтамасы бойынша 2004
жылы 11 қарашада 500 тегелік
«Асатаяқ» монетасы айналымға
шығарылды.
Таралымы – 3 мың дана.
Асатаяқ – қазақ халқының
ежелден келе жатқан шайқау
арқылы түрлі дыбыстар
шығаратын ұлттық
музыкалық аспабы.
Суретшілері: Басенов А.Ғ.,
Ивженко В.П., Золотухин А.П.
135
ҚАЗАҚСТАН АҚШАСЫ
ЕСТЕЛІК ЖƏНЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МОНЕТАЛАР
► «Қызыл қасқыр» – 500 теңгелік
монета. Айналымға 2005 жылы 23
желтоқсанда шығарылды. Монета
999 пробалы алтыннан жасалынған.
Салмағы – 7,78 грамм, диаметрі – 25 мм.
Монетаның артқы бетінде қызыл
қасқырдың басы бедерленіп, көздері
2 дана гауһар тастан (бриллианттан)
жасалынған. Бриллианттардың
əрқайсысының диаметрі – 1 мм.
Таралымы – 4000 дана.
Авторы: Ахвардян А.С.
◄ «Ғасырлар белесі» – Қазақстанның
үшінші мыңжылдықпен салтанатты
қауышуына арналған естелік монета.
Монета номиналы – 100 теңге. Айналымға
1999 жылы 21 желтоқсанда шығарылды.
Салмағы – 24 грамм, диаметрі –
37 мм, қалыңдығы – 2,7 мм.
Таралымы – 2 мың дана.
Суретшілері: Ивженко В.П.,
Ахвердян А.С.
► «Ең кішкентай алтын монеталар»
топтамасы бойынша жарық көрген
монетаның бірі – 100 теңгелік «Ежелгі
Түркістан» монетасы. Монетаның
сыртқы жағында Қожа Ахмет Иасауи
кесенесі жəне сауда керуені бейнеленген.
Ол айналымға 2005 жылы 16 сəуірде
шығарылды. Монета 999 пробалы
алтыннан жасалынған. Салмағы – 1,24
грамм, диаметрі – 13,92 мм.
Таралымы – 15 мың дана.
Авторлары: Ахвардян А.С., Кривец А.С.
136
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРДЕНДЕРІ
МЕН МЕДАЛЬДАРЫ
Қазақстанның ордендері
мен медальдары
Орден – латын тілінен аударғанда «сап, дəреже, топ» деген мағынаны білдіреді.
Батыс Еуропада орта ғасырларда монахтық, діни-əскери ұйымдар, құпия бірлестіктер
“Орден” деп аталған. Олардың əрқайсысының өзіндік айырым белгілері болған. Бұл
белгілер уақыт өте келе мемлекеттік сыйлық сипатын иемденіп, нəтижесінде сан
алуан ордендер жасалынды.
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін алғаннан кейін, мемлекет жəне қоғамға
еңбек сіңірген тұлғаларға құрмет белгісі ретінде өз ордендерін тағайындай
бастады. Мұндай мемлекеттік ордендердің кімге берілетіндігін Елбасы анықтап,
марапаттайды. Сондай-ақ, орден иегеріне орденмен қоса, оның аты-жөні жазылған
кітапша тапсырылады.
Мемлекеттегі ең жоғарғы марапат «Алтын Қыран» мен «Халық Қаһарманы»
атағы болып табылады.
Медаль белгілі бір даңқты оқиғаның, көрнекті қайраткердің, жердің құрметіне
шығарылатын металл белгі болып табылады. Ол екі жағынан (кейде бір жағынан)
бедерленеді. Көбіне медаль дөңгелек, кейде тік бұрышты, көп бұрышты, сопақша
немесе басқа да пішінде жасалады.
Медаль соғу ісі алғашқыда Ежелгі Римде, кейіннен, XIV – XV ғасырларда Италияда,
Византияда жасалып, онымен марапаттау кеңінен тарала бастады.
Орден мен медальді мемлекет басшылары ерекше қызмет көрсеткен мемлекет
қайраткерлеріне береді.
Қазақстан Республикасының наградаларымен республикаға еңбегі сіңген шет ел
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да марапатталуы мүмкін.
Орден мен медальдар республика мүддесін қорғау жолында ерлік, батылдық пен
қаһармандық көрсеткен азамат қайтыс болып кеткен жағдайда кітапшасымен бірге
оның туыстарына тапсырылады.
Орден не медальмен марапатталған адам қылмысы үшін сотталған жағдайда
соттың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті шешімімен
қайтарылып алынады. Сондай-ақ, заңсыз сотталып кеткен жəне толық ақталған
азаматтардың мемлекеттік наградалары соттың ұсынысы бойынша Қазақстан
Республикасының Президенті шешімімен иесіне қайтарылады.
Солардың ең негізгілерін сендер де біліп жүрулерің керек.
137
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРДЕНДЕРІ
МЕН МЕДАЛЬДАРЫ
ОРДЕНДЕР
► «Алтын Қыран» – Қазақстан Респу бликасындағы
ең жоғары дəрежелі ерек шелік белгі. «Алтын Қыран»
орденімен республикаға зор еңбегі сіңген азаматтар
марапатталады. Бұл орден жұлдыз пішімінде ақ, қызыл
жəне сары түсті алтын құймасынан жасалады. Оның
ортасында, шеңбер ішінде қыран құс бейнеленген.
Төменгі жағында, қыранның айналасында «Алтын
қыран» деген жазу бар. Жоғары жағына 3 лағыл тас
орнатылған.
«Алтын қыран» орденімен бірқатар елдердің
басшылары да марапатталды.
◄ «Халық Қаһарманы» – еліміздің бостандығы
мен тəуелсіздігі жолында азаматтық жəне жауынгерлік
ерлік көрсеткендерге берілетін атақ. Оған ие болған
адамдарға айрықша ерекшелік белгілері – «Алтын
Жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылады.
«Отан» орденімен экономиканы, əлеуметтік
саланы, ғылым мен мəдениетті дамытуға үлес қосқан
мемлекеттік жəне қоғамдық қызметтегі адамдар
марапатталады. Сонымен қатар, демократия мен
əлеуметтік үрдісті дамытуға ерекше үлес қосқан
мемлекеттік, құқық қорғау жəне əскери қызметтегі
азаматтарға да беріледі.