Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІ



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет9/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

130

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІ

Жеңіс күні

1945 жылы мамырдың 9-ы күні кеңес əскері гитлерлік Германияның ошағы – Берлинді 

алды. Сөйтіп, адамзат тарихындағы қанқұйлы Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталды. 

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғысқа қазақстандықтар да өз үлестерін қосты. 497 

қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болып, 4101 мыңы қаза тапты. 

Миллиондаған жастардың өмірі қыршын кетті. Əйелдер мен қарттар жапа шекті.

Соғыстан қасірет көрген əрбір адам үшін бейбіт өмірдің маңызы зор. Бір тілек – 

жерімізде соғыс болмасын! Міне, бұл күннің Ұлы мереке ретінде тойлану тарихы осы.



Республика күні

1990 жылғы қазанның 25-і – біздің 

Отанымыз үшін айтулы күн. Осы күні 

Қазақстан Республикасының егемендігі 

туралы Декларация қабылданды. Қазақ 

халқы туған тілі мен мəдениетін, салт-

дəстүрін дамытуға мүмкіндік алды.

1992 жылы Қазақстан Республи 

ка-

сының рəміздері белгіленді. Бұлар: ту, 



елтаңба, əнұран. Қазақстан халқының 

бос 


тандығы мен тəуелсіздігін дүние 

жү зі халықтары танып білді. Əлемдік 

қауымдастыққа біздің ел де тең дəреже-

лі мүше болды.




131

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІ

Тəуелсіздік күні

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі туралы Заң 

қабылданды. Мемлекеттік тəуелсіздіктің жариялануы – Қазақстан халқы үшін маңызды 

оқиға.


1993 жылғы қарашаның 15-і күні мемлекетіміздің ұлттық валютасы – теңге 

айналымға енді. Тəуелсіздік жарияланғаннан кейін республикада Қарулы күштер: 

Жалпы əскери жасақ, Əскери əуе күштері, Шекара əскері құрылды. Ал 1997 жылы 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығымен біздің 

Отанымыздың астанасы – Астана қаласы (Ақмола – Целиноград) болды. Тəуелсіз 

Қазақстан Республикасы жаңа даму кезеңіне өтті.




132

ҚАЗАҚСТАН АҚШАСЫ 

Монеталар

Бүгінде отандық ақша сарайы қолданып отырған технология əлемнің тек бірнеше 

ақша сарайында ғана бар. Екі түрлі металдан, көгілдір глазурь орнатылып жəне гауһар 

тастармен (бриллианттармен) əшекейленіп жасалған қазақстандық монеталарды нағыз 

өнер туындылары деуге болады. Мұндай қымбат металдардан жасалған монеталарды 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің кассаларынан сатып 

алуға болады. Оларды тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлемде де 

сатуға немесе сатып алуға болады. 

Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 190-нан аса топтамалық

мерейтойлық жəне ескерткіштік монеталар соғылды. «Қа-

зақстанның тарихи-сəулет ескерткіштері жəне қолданбалы 

өнер», «Көшпенділер алтыны», «Ескіше соғылған монеталар», 

«Жібек жолы инвестициялық алтын монетасы», «Əлемнің ең 

шағын алтын монеталары», «Қазақстанның Қызыл кітабы» 

жəне т.б. монеталар топтамалары жарық көрді. Сонымен қатар, 

«Абайдың 150 жылдығы», «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 

жылдығы», «ҚР ұлттық валютасына 10 жыл», «Түркістанның 1500 

жылдығы», «Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан шимайтастары» 

жəне т.б. сияқты жекелеген мерейтойлық монеталар жасалынды. Монеталардың беткі 

жағының ортасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген.

Енді солардың бірнешеуін қарастырайық.

ТОПТАМА БОЙЫНША 

ШЫҒАРЫЛҒАН МОНЕТАЛАР

► «Көшпенділер алтыны» 

топтамасы бойынша жарық көрген 

монеталардың бірі – 500 теңгелік 

«Шабандоз» монетасы. Бұл монета 

айналымға 2006 жылы 10 сəуірде 

шықты. 925 сынамалы күмістен 

əзірленген. Салмағы – 31,1 грамм, 

диаметрі – 38,61 мм. 

Таралымы – 5 мың дана.

Авторы: Басенов А.Ғ.

Суретшісі: Золотухин А.П.



133

ҚАЗАҚСТАН АҚШАСЫ

 Қазақстанның сирек кездесетін жəне 

жойылып бара жатқан жануарларына арналған 



«Қазақстанның Қызыл кітабы» топтамасы 

бар. Бұл топтамаға жататын монетаның бірі 

– 500 теңгелік «Ителгі» монетасы. Монета 

айналымға 2004 жылы 20 қаңтарда шықты. 925 

сынамалы күмістен əзірленген. Салмағы – 24 

грамм, диаметрі – 37 мм, қалыңдығы – 2,7 мм. 

Таралымы – 3 мың дана. 

Сондай-ақ бұл топтамаға 500 теңгелік 

«Алтай ұлары» атты монета кіреді. Монета 

айналымға 2006 жылы 10 қазанда шықты. 

Таралымы – 3 мың дана.

Авторлары: Басенов А.Ғ., Ивженко В.П.

Суретшілері: Золотухин В.П., Ивженко В.П.

 “Қазақстан мешіттері мен 

шіркеулері” топтамасы бойынша 500 теңгелік 

«Орталық мешіт» (Алматы қаласындағы) 

монетасы шықты. Ол айналымға 2006 жылы 

22 желтоқсанда шығарылды. Монета 925 

сынамалы күмістен соғылған, диаметрі – 38,61 

мм, салмағы – 31,1 грамм етіп жасалынған. 

Таралымы – 4 мың дана.



► «Қазақстан салт 

дəстүрлері, ұлттық ойындары» 

топтамасы бойынша жарық 

көрген монетаның бірі «Бесікке 

салу» (500 теңгелік) деп аталады. 

Бұл монета айналымға 2006 жылы 

22 желтоқсанда шықты. 925 

сынамалы күмістен əзірленген. 

Салмағы – 31,1 грамм, диаметрі 

– 38,61 мм, 4 мың данамен 

таралымға шықты.

Авторлары: Басенов А.Ғ., Ивженко В.П.

Суретшісі: Ивженко В.П.



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау