109
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-
ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
ҚАРАҒАНДЫ
Қарағанды – облыс орталығы, республи-
ка бойынша жер көлемі жағынан ең үлкен,
экономикалық əлуеті жағынан жетекші қа-
ланың бірі. Халық арасында Қарағандыны
«Кеншілер қаласы» деп атайды. Тарихына
көз жіберсек, бұл жерде алғашқы елді
мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір қазып алуға
байланысты пайда болған екен.
Қарағанды атауының мағынасы «қара-
ғаны көп жер» дегенді білдіреді.
Кеңестік кезең жылдары қанат жайып
өркендеген жаңа қалалар қатарына жатса
да, оның 170 жылдай тарихы бар.
1833 жылы қазақ жігіті Аппақ Байжанов
суыр інінің жанынан жылтыр қара тас тап-
қан. Оның тас көмір екендігі анықталып,
кейіннен осы маңда қала көтерілді. Ал 1936
жылдан облыс орталығына айналды.
Қарағанды – ірі өнеркəсіп орталығы.
Мұнда «Қарағандыкөмір», «Көміринвест»,
«Қарағанды маргарин зауыты», «Қара ған-
1910 көл бар. Олардың ірілері – Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты,
Шошқалы, Балықтыкөл, Шыбынды, Тассуат, Ащысу.
ды нан», «Қарағанды кəмпиті», машина жасау-құю зауыты жəне тағы басқа көптеген
кəсіпорындар бар.
Облыс жеріндегі табиғаты көркем жерлердің бірі – қарағай жəне қайың ормандары
көздің жауып алатын Қарқаралы өңірі.
Қарағанды – Қазақстанның мəдени жəне ғылыми орталықтарының бірі. Қалада
демалыс саябақтары, аквапарктер мен этнографиялық парктердің орны ерекше. Сондай-
ақ республикалық Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі мен ғылыми-
зерттеу жəне жобалау институттары, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, медициналық, поли-
техникалық, педагогикалық, кооперативтік институттар, арнайы орта кəсіптік білім
беру орындары, өлкетану мұражайы бар.
▲ Қарағанды қаласындағы кеншілерге
арналған ескерткіш
110
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-
ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
ЖЕЗҚАЗҒАН
Жезқазған – Қарағанды облы-
сына қарайтын ірі қала, Қа зақ-
стандағы түсті метал
лур
гияның
негізгі орталығы. Қала Сары-
арқа ның батысында, Ұлытау жо-
та
сының оңтүстігіндегі Кең
гір
бөгенінің оңтүстік-батыс жаға-
лауында орналасқан.
Жезқазғанның іргесі 1939 жылы
3 мың халқы бар Кеңгір ауылының
орнында тұрғызылған. 1941 – 54
жылдары Үлкен Жезқазған кенті
БАЛҚАШ
Балқаш – Қарағанды облысында, Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай
487 км қашықтықта, Балқаш көлінің солтүстік жағалауында орналасқан өнеркəсіпті
қала. Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені
мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құры лы-
сына байланысты салына бастады. Қысқа мерзім ішінде салынған 10-нан аса жұмы с шы
қалашықтарының бірігуінің нəтижесінде 1937 жылы Балқаш қаласы пайда болды.
Балқаш – еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұн-
да мыс жəне түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен кү кірт
қышқылын алатын химия өнеркəсібі бар. Сонымен қатар асыл металдар (жылына 600 т
күміс, 3,5 – 5 т алтын өндіреді) зауыты, жаңа қондырғылармен жабдықталған мы рыш
зауыты, кірпіш, механикалық жөндеу зауыты, балық консервілеу комбинаттары жұ мыс
істейді. «Балқашмыс» комбинаты – республикадағы ең ірі кəсіпорынның бірі.
Қаланың атауы Балқаш көлінің атына байланысты аталған.
деп аталды, 1954 жылы ол қалаға айналды. Қала 1973 – 1997 жылдарда Жезқазған
облысының орталығы болды. Ал қазіргі уақытта Қарағанды облысының Жезқазған
қалалық əкімшілік орталығы.
Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кəсіпорны, «Кеңгір»
химия-өндірістік кəсіпорны, электр жабдықтарын шығаратын «Симпл» серіктестігі
жəне т.б. жұмыс істейді.
Қаланың атауы «жез» жəне «қазған» сөздерінің бірігуінен жасалған. Бұл – «жез
қазылып алынған, жез кені өндірілген» деген мағынадағы көне атау.
111
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-
ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
СƏТБАЕВ
Сəтбаев – Қарағанды облысы Жезқазған қалалық əкімдігі құрамындағы қала.
Қала Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Іргесі
Жезқазған кентінің мыс кенін игеруге байланысты 1954 жылы қаланған. 1973 жылы
Жезқазған кеніші мен оның төңірегіндегі кəсіпорындардың жұмысшылары тұратын
қалаға айналды.
Сəтбаев – республикадағы ірі кен орталықтарының бірі. Өндірістік кəсіпорындардың
көпшілігі түсті жəне сирек металдарды барлау жəне оларды өндіру ісімен шұғылданады.
Қалада шахта құрылысы тресі, геологиялық барлау экспедициясы, Жезқазған тоқыма
фабрикасының бөлімшесі, нан, сыра зауыттары жұмыс істейді. Сондай-ақ кен колледжі,
мəдени-ағарту мектебі бар.
Қалада 1928 – 41 жылдары академик Қаныш Сəтбаев тұрып, орасан зор еңбек
атқарған. Осыған байланысты қалаға əйгілі ғалымның есімі берілген.
ТЕМІРТАУ
Теміртау – Қарағанды облысындағы ірі өнеркəсіптік қаланың бірі. Жетекші саласы
– қара металлургия. Ол Қарағанды қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде,
Нұра өзенінің бойында орналасқан.
Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Мұнда Саратов губерниясынан қоныс
аударушылар келіп орнығып, елді мекеннің негізін қалаған. Олар ауылдың атын сол
▲ Балқаш қаласы