Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет25/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92

 
57
тексереді,  ескереді  жəне  талдау  жүргізеді,  бұл  жөнінде  Мекеменің  басшылығына  
хабарлайды. 
151. Мекеме басшылығының атына түскен жəне орындау мен жауап беруді 
талап  ететін  құжаттарды,  сондай-ақ  Мекеме  басшылығының  ішкі  басқару 
құжаттарын  (бұйрықтарын,  өкімдерін)  жəне  жазбаша  тапсырмаларын  уəкілетті 
бөлімше бақылайды. 
Бөлімшеге келіп түскен жəне ішкі құжаттарды, сондай-ақ бөлімшеге қатысты 
бөлігіндегі  ішкі  басқару  құжаттарын  тиісті  бөлімшелердің  басшылары,  жауапты 
орындаушылары, жауапты адамдары бақылайды. 
          Жоспарлы,  жабдықтау,  қаржы  жəне  басқа  құжаттардың  орындалуын  тиісті 
бөлімшелердің басшылары бақылайды. 
152.  Электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесін  пайдаланушылар 
тиісті құжаттардың орындалғаны жөніндегі мəліметтерді шағын жүйеге өз бетінше 
енгізуге міндетті, осының негізінде орындалуын бақылайды. 
 
§ 1.  Уəкілетті бөлімшенің құжаттардың орындалуын 
бақылауды ұйымдастыруы 
 
153.  Уəкілетті  бөлімше  құжаттардың  орындалуын  бақылауды  ұйымдастыру 
мақсатында  құжатты  бақылауға  қояды,  бақылаудағы  құжаттардың  картотекасын 
жасайды,  басшылықтың  нұсқауы  бойынша  немесе  оның  орындалуы  нəтижесінде 
құжатты бақылаудан алады. 
154.  Құжаттардың  орындалуын  бақылайтын  бөлімше  электронды  құжат 
айналымының  шағын  жүйесінде  тіркелген,  Мекеменің  басшылығына  жіберілген 
хат-хабарларды  күн  сайын  қарап  отырады.  Құжаттың  мазмұнына,  басшылықтың 
оған  жазған  бұрыштамасын  қарай  отырып,  уəкілетті  бөлімшенің  қызметкері 
құжатты бақылауға алады.  
155.  Бақылау  картотекасы  құжаттардың  орындалу  мерзімі  бойынша 
жүйелендіріледі  жəне  мынадай  секцияларға:  орындалатын,  белгіленген  мерзімде 
орындалған, кешіктіріліп орындалған, орындалмаған құжаттар болып бөлінеді. 
156. Уəкілетті бөлімше құжаттардың орындалуын үнемі қадағалап отырады. 
Бақылау  нəтижелері  мен  орындау  мерзімінің  барлық  өзгерістері  тіркеу-бақылау 
карточкасына  белгіленеді.  Құжат  орындалғаннан  кейін  орындалуы  ресімделген 
сол  құжаттың  нөмірі  мен  күніне  сілтеме  жасала  отырып,  тіркеу-бақылау 
карточкасына белгі қойылады. 
157.  Құжат  осы  мəселе  бойынша  жауап  құжат  дайын  болғанға  дейін 
жəне\немесе  жіберілгенге  дейін  жəне  орындаушы  бөлімше  жауап  құжатының 
нөмірін,  күнін  жəне  жауап  құжатына  қол  қойған  адамды  көрсете  отырып,  тиісті 
түрде  толтырылған  тіркеу-бақылау  карточкасын    уəкілетті  бөлімшеге  бермейінше  
бақылауда болады. Егер мəселе ауызша шешілсе, онда орындаушы бөлімше осы 
құжатты бақылаудан алу туралы негізделген өтінішпен Мекеменің басшылығының 
атына хат жазады жəне құжат басшылықтың рұқсатымен ғана бақылаудан алынуға 
тиіс.  
158.  Орындау  құжаты  бойынша  тіркеу-бақылау  карточкасы  электронды 
құжат айналымының шағын жүйесінде екі жыл бойы сақталады. 
159.  Уəкілетті  бөлімшенің  қызметкері  құжаттың  бақылауға  алынуын, 
орындау  мерзімін,  оны  бақылаудан  алу  туралы  барлық  мəліметтерді  электронды 
құжат айналымының шағын жүйесіне енгізіп отырады. 
160.  Егер  бақылаудағы  құжаттарды  белгіленген  мерзімде  орындау  мүмкін 
болмаса, орындаушы тапсырма берген жəне мерзімін белгілеген тиісті лауазымды 
адамның немесе органның орындау мерзімін ұзарту туралы келісімін алуы керек. 


 
58
Орындаушы  немесе  бөлімшенің  жауапты  қызметкері  құжаттың  орындалу 
мерзімінің  өзгергені  туралы  уəкілетті  бөлімшеге    тіркеу-бақылау  карточкасына 
белгілеу үшін хабарлайды. Мұндай жағдайда құжат бақылауда қала береді. 
161.  Бақылауға  алынған  құжаттардың  мерзімінде  орындалуына  жəне 
олардың  мерзімінде  орындалуы  туралы  ақпараттың  дұрыс  болуына  көрсетілген 
құжаттарды  орындау  тапсырылған  бөлімшенің  басшылары  жəне  жауапты 
орындаушылары жауап береді.  
162.  Уəкілетті  бөлімше  мерзімі  ұзартылған  құжаттар  бойынша  орындау 
мерзімін  (орындалуын  алдын-ала  бақылау)  аяқталғанға  дейін,  сондай-ақ 
аяқталғаннан кейін де бақылайды (орындалуын соңғы бақылау).  
163.  Уəкілетті  бөлімше  үнемі,  тоқсанына  кемінде  бір  рет  бақылаудағы 
құжаттардың  орындалу  барысы  туралы  Мекеме  басшылығына  ақпарат  беріп 
отырады. 
 
§2.  Құжаттардың орындалу мерзімі 
 
164.  Құжаттардың  орындалу  мерзімі  ережеде  сияқты,  құжатқа  қол  қойған 
(бекіткен)  күннен  бастап  күнтізбелік  күнмен,  ал  басқа  заңды  жəне  жеке 
тұлғалардан  түскен  құжаттар  бойынша  –  Мекемеге  түскен  күннен  бастап 
есептеледі.  Мекеменің  басшылығы  (бөлімше  басшылығы)  орындаудың  нақты 
мерзімін  белгілеген  жағдайда,  ол  бірінші  бұрыштама  қойылған  күннен  бастап 
есептеледі.  
165.  Құжаттардың  орындалу  мерзімін  Мекеменің  (бөлімшенің)  басшылығы 
жіберуші белгілеген мерзімге немесе Қазақстан Республикасының жəне Мекеменің 
нормативтік  құқықтық  актілерінде  белгіленген  мерзімге  қарап  белгілейді. 
Орындалудың 
соңғы 
күні 
құжаттың 
мəтінінде 
немесе 
басшылығының 
бұрыштамасында көрсетіледі.  
166.  Құжаттардың  орындалу  мерзімін  осы  мерзімді  белгілеген  Мекеменің 
(бөлімшенің) басшысы өзгертеді (тоқтатады, ауыстырады). 
 
10-тарау. Азаматтардың өтініштерін қарау жəне оның орындалуын бақылау тəртібі 
 
167.  Мекеменің  бөлімшелерінде  азаматтардың  өтініштерін  қарау  тəртібі 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен,  Қазақстан  Республикасының 
нормативтік құқықтық актілерімен жəне осы Ережемен реттеледі. 
168.  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тəртіппен 
берілген  өтініш  осы  Ережеге  сəйкес  міндетті  түрде  тіркелуі  жəне    қаралуы  тиіс. 
Өтінішті қабылдаудан бас тартуға болмайды.  
169.  Шешу  тəртібі  əкімшілік  құқық  бұзушылық,  қылмыстық  іс  жүргізу, 
азаматтық  іс  жүргізу  жөніндегі  заңдарда  жəне  басқа  заңдарда  белгіленген 
азаматтардың  өтініштері,  сондай-ақ  аты-жөні  көрсетілмеген,  қолы,  мекен-жайы, 
жұмысы  жəне  оқу  орны  туралы  деректері  жоқ  арыз  иелерінің  өтініштері 
қаралмайды. 
170. Азаматтардың шағымын өздері шағым жасаған Мекеменің лауазымды 
адамдарының жəне бөлімшелерінің қарауына жіберуге болмайды.  
171.  Азаматтардың  өтініштерімен  жүргізілетін  жұмысты  ұйымдастыруға 
жəне  іс  қағаздарын  жүргізудің  жай-күйіне  Мекеменің  басшылары  жəне  уəкілетті 
бөлімше жауап береді.  
172.  Азаматтар  кез-келген  тілде  ұсыныстар,  өтініштер,  шағымдар,  пікірлер 
жəне сұранымдар беруге құқылы. Жауап мемлекеттік тілде беріледі.  


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау