Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет22/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92

 
51
95. Материалдарды аудару үшін мынадай мерзімдер белгіленеді: 
1) көлемі 5 бетке дейінгі материалдарды аударуға екі жұмыс күні ішінде; 
2) көлемі 10 бетке дейінгі материалдарды аударуға бес жұмыс күні ішінде; 
3) көлемі 10 беттен көп материалдарды аударуға он жұмыс күні ішінде. 
Жекелеген жағдайларда, аударуға берілген материалдардың маңыздылығы 
мен  шұғылдығын  ескере  отырып,  Мекеменің  басшылығы  аударма  жасаудың  өзге 
мерзімдерін белгілеуге құқылы. 
Аударманы  орындау  мерзімін  есептеу  материалдарды  уəкілетті  бөлімшеге 
аударуға берген күннен бастап жүргізіледі. 
96. Аударылған материалдарды Мекеменің бөлімшесі қажетті дана санымен 
қағазға шығарып жəне электронды түрде береді. 
97.  Соңғы  парақтың  сыртқы  бетіне  аударма  файлының  атауын,  аударма 
орындалған  күнді  көрсете  отырып,  аударылған  материалдың  əр  бетіне 
аудармашы қол қояды. 
Мекемеде  іс  қағаздарын  жүргізу  толығымен  мемлекеттік  тілге  көшірілген 
кезде  тиісті  бөлімше  мемлекеттік  тілде  əзірленген  құжаттардың  мəтіндеріне 
сараптама жасаумен жəне редакциялаумен айналысады.  
 
6-тарау. Құжаттарды тіркеу 
 
98. Мекемеде құжаттарды тіркеу былайша жүргізіледі: 
1) уəкілетті бөлімшеде келіп түскен хат-хабарлар, бұйрықтарды, өкімдерді; 
2)  Басқарманың  жəне  Директорлар  кеңесінің  шешімдерін  ресімдеуге 
жауапты  қызметкерлер  -  Басқарма  мен  Директорлар  кеңесінің  мəжіліс 
хаттамаларын; 
3)  Мекеменің  бөлімшелерінде  -    тиісті  бөлімшелердің  жіберілетін  жəне  ішкі 
хат-хабарларын тіркейді. 
Конкурстық ұсыныстары бар құжаттарды конкурстық комиссияның хатшысы 
Қазақстан  Республикасының  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  сатып  алу 
мəселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес тіркейді. 
99.  Келіп  түскен  құжаттар  түскен  күні,  ал  жіберілетін  жəне  ішкі  құжаттар  – 
жөнелтілген күні тіркеледі. 
 
§ 1. Келіп түскен хат-хабарларды тіркеу тəртібі 
 
100.  Электронды  құжат  айналымы  шағын  жүйесінен  тыс  қабылданған 
жəне/немесе  электронды  қол  қойылмаған  не  электронды  қолға  сəйкестігін 
тексеруден  өтпеген  электрондық  хабарламаларды  қоспағанда,  Мекемеге  келіп 
түскен  барлық  хат-хабарлар  Мекеменің  электронды  құжат  айналымы  шағын 
жүйесіндегі  уəкілетті бөлімшеде тіркелуі тиіс. 
101. Мекемеге келіп түскен, хат-хабар болып саналмайтын барлық құжаттар 
ілеспе  хатпен  бірге  жүруі  тиіс.  Мекемеге  ілеспе  хатсыз  келіп  түскен    жəне  хат-
хабар болып табылмайтын құжаттар кері қайтарылады. 
Осы  тармақтағы  талаптар  есепшот-фактураларға  жəне  сот,  құқық  қорғау 
органдары,  сондай-ақ  сот  шешімін  орындау  жөніндегі  органдар  жіберген 
құжаттарға қолданылмайды. 
            102.  Белгіленген  тəртіппен  тіркелмеген  хат-хабарды  бөлімше  орындауға 
қабылдамайды, ол келіп түскен күні тіркеу үшін уəкілетті бөлімшеге беріледі. 
103.  Мекемеге  келіп  түскен  қағазға  шығарылған  құжаттар  шағын  жүйеде 
тіркелгенге  дейін  сканерленеді.  Қағазға  шығарылған  құжаттың  түпнұсқасы  құжат 
атап  жіберілген  Мекеменің  бөлімшесіне  беріледі  жəне  ол  орындалғаннан  кейін  іс 
номенклатурасына сəйкес іске тігіледі. 


 
52
Сканерлеуді уəкілетті бөлімше жүзеге асырады. 
104.  Электронды  түрде  алынған  хат-хабарларды  шағын  жүйеде  тіркеу 
электронды қолдарды тексергеннен кейін жүргізіледі. 
105.  Электронды  түрде  келіп  түскен  құжаттар  автоматты  түрде  вирусқа 
қарсы сканерленеді. 
106.  Уəкілетті  бөлімше  почтамен  келген  хат-хабарларды  қарап,  іріктейді, 
содан кейін құжаттың бірінші бетінде төменгі оң жақ бұрышында құжаттың түскені 
туралы  (тіркеу  мөртаңбасы  түрінде  қойылуы  да  мүмкін)  келіп  түскен  күнді,  парақ 
санын жəне электронды құжат айналымы шағын жүйесінде құжатқа берілген тіркеу 
нөмірін  көрсете  отырып  белгі  қойылады.  Тіркеу  мөртабаны  құжаттың  негізгі 
мəтінінің үстіне қойылмауы тиіс. 
Шет тілдердегі  хат-хабарды тіркеген кезінде құжаттың түскені туралы белгі 
түпнұсқаға да жəне аударылған мəтінге де (егер ол болса) қойылады. 
Ашылуға  тиісті  емес  хат-хабарға  құжаттың  келіп  түскендігі  туралы  белгі 
конвертке қойылады. 
 
§2.  Жіберілетін жəне ішкі хат-хабарларды тіркеу тəртібі 
 
107.  Жіберілетін  жəне  ішкі  хат-хабарды  Мекеменің  тиісті  бөлімшесінің 
жауапты адамы тіркейді. 
108.  Ішкі  құжаттың  электронды  қол  қойылған  электрондық  нұсқасы 
бөлімшенің  ішкі  құжаттарын  тіркейтін  электронды  журналында  тіркеу  үшін  негіз 
болып табылады. 
109.  Электронды  қол  қойылған,  жіберілетін  құжаттың  электрондық  нұсқасы 
қағазға шығарылған құжат болғанда ғана бөлімшенің жіберілетін құжаттарын тіркеу 
журналында тіркеуге негіз болып табылады. 
 
7-тарау. Келіп түскен құжаттарды қабылдау,  
өңдеу жəне өткізу тəртібі 
 
110.  Мекемеге  келіп  түскен  құжаттар  бастапқы  өңдеуден  өткізіледі  жəне 
тіркеліп,  Мекеменің  басшылығына  немесе  бөлімшелерге,  содан  кейін 
орындаушыларға беріледі. 
111.  Келіп  түскен  хат-хабарларды  қабылдауды,  өңдеуді  (ашу,  тапсырысты 
хат-хабардың,  сондай-ақ  құжаттар  көрсетілген  қосымшалардың  салынғандығын 
тексеру,  белгілеу,  мөртаңба  қою),  тіркеуді,  бөлімшелер  арасында  бөлуді,  оларға 
жеткізіп  беруді,  жіберілетін  хат-хабарларды  өңдеу  мен  межелі  жерлерге  жіберуді 
уəкілетті орган орындайды. 
Мекеменің  орталық  аппараты  бөлімшелеріне  келіп  түскен  хат-хабарларды 
уəкілетті бөлімшеге тіркетпей қабылдауына тыйым салынады. 
112.  Келіп  түскен  хат-хабарларды  сақтау  мақсатында  бөлек  бөлмелерде 
өңделеді. 
 
§1. Келіп түскен хат-хабарларды қабылдау жəне өңдеу тəртібі 
 
113.  Мекеменің  хат-хабарлары  байланыс  бөлімшесі,  Мемлекеттік 
фельдъегер  қызметі,  республикалық  арнайы  байланыс  қызметі,  хат-хабарларды 
жеткізу жөніндегі курьерлік қызметті орындайтын фирмалар (бұдан əрі – байланыс 
кəсіпорындары),  электронды  почта  жəне  факсимильді  байланыс  жəне  курьерлер 
арқылы келіп түседі. 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау