Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет92/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92

 
230
Қ
ОСЫМША
 
 
 
І. Іс қағаздарының қысқаша түсіндірме сөздігі 
 
А   
АДРЕСАТ - алушы. 
АДРЕСАНТ – жөнелтуші. 
АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ  ҚОР  –  салалық  ақпараттық  қызмет 
көрсету  мақсатында  пайдаланылатын  баспаның  жүйелендірілген 
шығармалар  жəне  жарияланбаған  ғылыми,  техникалық  құжаттар 
жиынтығы.   
АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ  –  басқа  кəсіпорындарды  немесе  мүдделі 
адамдарды  болған  факт  немесе  жоспарланған  іс-шара  туралы  дер 
уақытында ақпараттандыратын хат.   
АННОТАЦИЯ – түпнұсқаның қысқаша сипаттамасы. 
АНЫҚТАМА  - 1. Сол немес басқа фактіні немесе оқиғаны сипаттайтын 
жəне анықтайтын құжат. 2. Биографиялық немесе қызметтік сипаттағы 
фактіні анықтайтын құжат.   
АСПЕКТ  –  құжатты  іздеуге  немесе  одан  қажетті  мəліметтерді  алуға 
түрткі болған жайт. 
Б  
БАҒДАРЛАМА    -  ұйымның  немесе  кəсіпорынның  белгілі  бір  мерзімде 
жұмыстың  негізгі  бағытын  немесе  ауқымды  жұмыс,  тəжірибені  жүзеге 
асырудың кезеңі жəне мерзімі көрсететін құжат.  
БАҚЫЛАУ  ПАРАҒЫ    -  қарар  жəне  хаттың  тақырыбы    енгізілген 
құжаттарды жеке тіркеуге арналған талон. 
БАСТАМАШЫ  ҚҰЖАТ  –  белгілі  бір  мəселені  қарауға  түрткі  болған 
құжат. 
БЛАНК – анықтамалық сипаттағы мəтін жəне бос жерлері бар арнайы 
үлгідегі ақ қағаз. 


 
231
БҰЙРЫҚ -  1. Негізгі жəне жедел тапсырмаларды орындау мақсатында 
жеке  басшылық  негізінде  əрекет  ететін  мемелекеттік  басқару 
органының  (оның  құрылымдық  бөлімшелерінің)  басшысы  шығарған 
құқықтық акт. Кей жағдайларда  бағыну тəртібіне қарамастан ұйымның 
барлық  ортасына  жəне  лауазымды  тұлғаға  да  қатысты  болуы  мүмкін. 
2.  Мемлекеттік  орган  жəне  ведомстволық  арбитраждың  шешімін 
міндетті түрде орындауға беретін құжаты.   
БҰЙРЫҚ  БЕРУ  -  əскери  жəне  кейбір  басқа  мекемелерде  командир 
(басшының) жариялайтын құжат.  
БҰРЫШТАМА  –  лауазымды  тұлғаның  құжатпен  танысу  фактісін 
растайтын қолы. 
Г 
ГРИФ – іс хат-хабарларының ерекше сипатын немесе ерекше тəсілмен 
жөнелтілуін  көрсететін  белгі  (мысалы  «құпия»,  «шұғыл»,  «жариялауға 
болмайды», «жеке өзіне» т.б.). 
Д 
ДАТА  –  құжат  жасалған  күн,  ай  жəне  жыл,  ол  араб  санымен 
көрсетіледі. 
ДƏЛЕЛДЕУ  ХАТ  –құжаттың  жөнелтілгенін  анықтайтын  факт,  бұрында 
қозғалған мəселе жəне т.б. туралы хат.  
ДИРЕКТИВТІК  ҚҰЖАТ  –  жоғары  тұрған  органның  орындауға  міндетті 
нұсқауы бар құжаты. 
ДУБЛЕТТІ ҚҰЖАТ – көбейтілген құжат даналарының бірі. 
ДУБЛИКАТ (телқұжат) – түпнұсқасының орнына жасалған құжат, заңды 
күші бірдей болады. 
Е 
ЕРЕЖЕ  –  1.  Ұйымның  жəне  мемлекеттік  органдардың,  оның 
құрылымдық  бөлімшелерінің,  сондай-ақ  бағынышты  мекеменің, 
ұйымның,  кəсіпорынның  негізгі  ережесін  бекітетін  құқықтық  акт.  2. 
Мемлекеттік,  саяси,  қоғамдық,  мəдени  немесе  шаруашылық  өмірдің 
белгілі бір саласын реттейтін ережелер жинағы.  
ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР – құжатты орындау жеделдігі, құпиялық дəрежесі.  


 
232
ЕРКІН  ҰСЫНЫС  -  еш  міндет  жүктемейтін  ұсыныс.  Егер  тапсырыс 
беруші  мұндай  ұсыныс  шартын  қабылдаса,  онда  келісім  бекітілген 
болып саналады.  
ЕСКЕРТУ  ХАТ    –  қандай  да  бір  факт  туралы  ақпарат  екінші  рет 
берілетін хат. Мұндай хат телеграммаға ұқсас болады. 
ЕСЕП  –  жоғары  мекемеге  немесе  лауазымды  тұлғаға  ұсынылатын 
жоспарлар,  тапсырмалар,  іссапарлар  жəне  шараларды  дайындау, 
өткізу жəне орындау нəтижесін (қортындысын)  туралы мəліметтер бар 
құжат.  
Ж 
ЖАЗБА  –  қандай  да  бір  мəселенің  қысқаша  баяндалуы  не  қандай  да 
бір  құжаттың,  фактінің,  оқиғаның  қысқаша  баяндалуы  (мысалы, 
қызметтік хат, еске салу хат, баяндау хат, түсіндірме хат). 
ЖАРНАМАЛЫҚ  ХАТ  -  өнімді  алуда  немесе  көрсетілген  қызметте 
жетіспеушілік, ақаулардың болғаны жайлы арыз.  
ЖЕКЕ  АДАМДАРДЫҢ  ІС-ҚАҒАЗДАРЫ  –  қандай  да  бір  адамның 
құжаттары  енген  іс-қағаздары  (өмірбаяны,  білімі,  еңбек  немесе 
қоғамдық қызметі туралы).  
ЖЕКЕ  ШОТ  -  ұйыммен  немесе  тұлғамен  анықталған  жəне  олармен 
ақшалай есебі бар қандай да бір нақты құрал түрінің (материал, құрал-
жабдық, өнім, тұрақты т.б.) берілуін көрсететін бухгалтерлік құжат. 
ЖЕКЕ  ҚҰРАМ  БОЙЫНША  КАРТОТЕКА  –  жеке  тұлғалардың  еңбек 
стажы,  білімі,  еңбекақысы,  əскерде  қызмет  етуі,  əлеуметтік  жағдайы 
жəне т.б. бар құжаттамалық материалдар каталогы. 
ЖЕКЕ ТҰЛҒА – азаматтық құқықтық қатынасы бар азамат. (азаматтық 
құқық жəне міндетті адам).  
ЖІБЕРІЛГЕН ХАТТАР НӨМІРІ – жіберушінің құжатты тіркеу нөмірі. 
ЖІКТЕМЕЛІК  ИНДЕКС  –  жіктеу  схемасына  жіктемелік  бөлгіш  беретін 
жəне  жүйелік  жəне  басқа  каталогтардың  карточкаларына  қойылатын 
шартты  белгі  (сандық,  əріп,  аралас).  Ол  құжаттарда  да,  сол  секілді 
істерде де қойылуы мүмкін. 
З 


 
233
ЗАҢДЫ  ТҰЛҒА  –  азаматттық  құқық  жəне  міндетті  мекеме,  кəсіпорын, 
ұйым.  
И 
ИНДЕКСТЕР  –  есепке  алу  (тіркеу)  жəне  орындау  кезінде  құжаттарға 
берілетін шартты белгілер. 
ИНДЕКСТЕУ – индекстер қою. 
К 
КЕЛГЕН ХАТТАР НӨМІРІ – алушының құжатты тіркеу нөмірі.  
КЕПІЛДІК ХАТ – кепілдік білдіруден тұратын хат. 
КЕРІ  БАЙЛАНЫС  ТАЛОНЫ  –  бір  нəрсені  (ақпаратты,  материалдық 
құндылықты, құжатты) алғандығын куəландыратын құжат. 
КЕСТЕ  –  бір  нəрсені  жүзеге  асырудың  уақыты,  орыны  жəне  кезеңі 
туралы хабарлама.  
КӨШІРІЛГЕН  ҚОЛЖАЗБА  (ФАКСИМИЛЕ)  –  1.  Қолжазбаның  немесе 
қолдың (мəтіннің) нақты үлгісінің техникалық құралмен  көбейтіндісі. 2. 
Клише, мөр, ресми құжатта жеке қолды бірнеше рет жазып шығару.  
КІЛТ  СӨЗ  –  қажетті  сөздер  жиынтығы,  барлығы  бірігіп  құжаттың 
мазмұнын білдіреді.   
КІРІС ҚҰЖАТ – мекемеге келіп түскен құжат. 
КӨРСЕТКІШ  –  атаулар;  заттардың,  анықтамалық  мəліметтердің 
жүйелендірілген тізімі.  
Қ 
ҚАРАР  –  жиналыс,  съезд,  конференция  т.с.с.  талқыланған  мəселе 
бойынша қабылдан шешім.  
ҚОЛ  ҚОЙЫЛҒАН  ҚҰЖАТ  –  құжаттың  көшірмесін  растайтын, 
куəландыратын  лауазымды  тұлғаның  немесе  автордың  қол  қойған 
құжат.  
ҚҰЖАТ – заңды күші бар материалдық тасымалдаушыдағы ақпарат. 
ҚҰЖАТ  АЙНАЛЫМЫ  –  1.  –  құжаттардың  мекеме  ішінде  олар 
алынғаннан  немесе  жасалған  сəттен  бастап  орындалғанға  немесе 


 
234
жөнелтілгенге  дейінгі  қозғалысы.  2.  –  мекеменің  белгілі  бір  уақыт 
кезеңі ішінде кірген, ішкі жəне шыққан құжаттарының саны.  
ҚҰЖАТ  ДЕРЕКТЕМЕСІ  –  сол  немесе  басқа  жазбаша құжатқа  қатысты 
міндетті ақпараттық элемент (автор, күні жəне т.б.). 
ҚҰЖАТ  ЖОБАСЫ  –  қарауға  берілуге  арналған  құжаттың  алғашқы 
нұсқасы.   
ҚҰЖАТТАҒЫ  ҚАРАР  –  басшының  атқарушыға  құжаттың  сипаты  жəне 
орындау мерзімі туралы жазбаша бұйрығы.  
ҚҰЖАТТАНДЫРУ  ЖҮЙЕСІ  –  мекемеде  қабылданған  құжаттарды 
жасау, толтыру жəне орындау тəртібі.  
ҚҰЖАТТАРДЫ  ДЕПОНИРЛЕУ  –  оларды  анықтамалық-ақпараттық 
қорда сақтаудың белгіленген тəртібі.  
ҚҰЖАТТАРДЫ  ТІРКЕУ  –  құжатта  іс-қағаздарын  жүргізу  индексі  жəне 
тіркеу күні қойылған қысқаша мəліметтердің есептік үлгідегі (журналда, 
карточкада жəне т.б) жазбасы.  
ҚҰЖАТТЫ  КОНСЕРВАЦИЯЛАУ  –  құжатты  ішкі  ортаның  қаупінен 
сақтау.  
ҚҰЖАТТЫҢ  ТҮПНҰСҚАСЫ    -  1.  Құжаттың  алғашқы  данасы.  2. 
Көшірмеге берілетін материал болып табылатын құжат данасы.   
ҚҰЖАТТЫ  ІЗДЕУ  МƏЛІМЕТІ  –  архивтік  шифрі  жəне  құжаттың  парақ 
нөмірлеріне сілтеме көрсетілген, құжатты сақтау орны туралы мəлімет.  
ҚҰЖАТТЫ  ТІРКЕУ  НӨМІРІ  –  іс-қағаздарын  жүргізу  индексінің  бөлігі 
болып  табылатын  келген  немесе  жөнелтілген  құжаттарды  тіркеу 
кезіндегі нөмір тəртібі.  
ҚҰЖАТ  ФОРМУЛЯРЫ  –  құжат  деректемелерінің  белгіленген  жəне 
бекітілген жүйесі  (автор, мекен-жай, күні, атауы, мазмұны жəне т.б.).  
ҚЫЗМЕТТІК  ХАТ  (ЖАЗБА)  –  лауазымды  адамға  жəне  басқа  қызмет 
адамына бағыттылған қандай да бір жұмысты орындалғандығы туралы 
жазба хат.  
М 
МƏТІНДІК ҚҰЖАТ – кез-келген хат түріне ұқсас жазылған құжат.  
Н 


 
235
НАРЯД-ТАПСЫРЫС  –  мекеме  жетекшісінің  кəсіпорын  бағынушысына 
немесе кəсіпорынның қойма жетекшісіне белгілі бір жұмысты орындау 
жайлы жоспарлы тапсырмасы.    
НЕСИЕ  –  белгілі  бір  қажеттілікке  рұқсат  етілген  шығын  сметасына 
кіретін жалпы сомма.   
НОМЕНКЛАТУРА – іс атауларының тізімі.  
НОРМАЛАР  –  бір  нəрсенің  (мыс.,  бір  нəрсені  өңдеу,  шығару) 
белгіленген көлемі туралы мағлұмат бар құжат. 
НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР – қандай да бір ереже, нормалар келісілген 
құжат. 
НҰСҚАУ  ҚҰЖАТТАРЫ  –  мекемеде  əкімшілік  жəне  ұжымдық 
мəселелердің шешімі көрсетілетін құжат.  
Ө 
ӨКІМ – 1. Мемлекеттік алқалық басқару органының, бірінші басшының 
шұғыл  мəселелерді  шешу  мақсатында  шығаратын  құқықтық  актісі. 
Əдетте,  қолданылу  мерзімі  шектеулі  болады  жəне  лауазымды 
тұлғалар пен азаматтардың шағын тобына қатысты болады. 2.Бұйыру. 
ӨНДІРІСТІК КЕСТЕ - өнімді шығарудың күнтізбелік жоспары. 
ӨТІНІШ  –  мекемеге  немесе  лауазымды  тұлғаға  өтінішпен  немесе 
сұраныспен  хабарласқан  құжат  (мысалы,  кезекті  еңбек  демалысын 
беру туралы, жұмысқа қабылдау туралы, жəрдемақы беру туралы т.б. 
өтініштер). 
П 
ПƏНДІК  КӨРСЕТКІШ    -  əліпби  тəртібі  бойынша  негізгі  пəндік  белгінің 
көрсеткіші.  
Р 
РЕКВИЗИТТЕР  (деректемелер)  –  қызмет  құжатының  міндетті 
элементтері.   
РЕСМИ  ҚҰЖАТТАР  –  мекеме  немесе  лауазымды  тұлға  дайындаған 
жəне белгіленген тəртіп бойынша ресімделген құжаттар.    
РЕФЕРАТ – қысқаша  алғашқы жазба деректерді мəлімдеу.  


 
236
С 
СТЕНОГРАММА  –  Жиналыстардағы,  жиындар  мен  мəжілістердегі 
баяндамаларды,  сөйленген  сөздерді  жəне  басқа  да  пікірлерді 
стенография əдісі арқылы сөзбе-сөз жазу. 
СҰРАТУ  –  бір  мəселені  түсіндіру,  сол  туралы  егжей-тегжейлі  ақпарат 
беру туралы өтінішпен хабарласуды білдіретін құжат. 
Т 
ТАБЕЛЬ  –  белгілі  бір  тəртіппен  құрылған  бір  нəрсенің  көрсеткішінің 
тізімі (мысалы, есепшот табелі, үлгерім табелі).  
ТАЛАП  ХАТ  –  келісім-шартты  жəне  басқа  да  түрлі  міндеттерін 
орындамаған жағдайда кінəлі жаққа жіберілетін хат.   
ТАҢБАЛАУ - техникалық құжаттар немесе тауардың көрсеткіші.  
ТАПСЫРУ ТІЗІМІ– мекеменің жұмысты мұрағатқа тапсыру барысында 
жасалған құжаттық материалдар тізімі. 
ТЕЗИСТЕР – құжаттың немесе сөз сөйлеу мəтінінің қысқаша мазмұны.   
ТЕЛЕГРАММА – телеграф арқылы берілетін мазмұны жағынан əртүрлі 
құжаттардың жалпы атауы.    
ТЕЛЕКС – телетайп арқылы жіберілетін телеграмма.  
ТЕЛЕТАЙП  –  жазба  машинкасы  секілді  клавиатуралы  телеграфтық 
аппарат.  
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ЖҮРГІЗУ – мекеме құрылысы жəне өндірістік 
бұйымды  дайындау  жұмыстары  бойынша  құрылыс  жəне  техникалық 
жобалау,  құрастыру  жəне  басқа  инженерлік  іздеу  нəтижелерін 
көрсететін құжаттардың жалпы атауы.  
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАУ – технологиялық процестерді сипаттау 
жəне  бейнелеу  арналған  құжаттың  жалпы  атауы  (сызу,  ерекшелік, 
карта, құрал-жабдық жəне т.б.). 
ТӨЛҚҰЖАТ ҚҰРАМЫ – қол жəне мөр.  
ТРАФАРЕТТІ  ҚҰЖАТ  –  алдын  ала  стандартты  басылып  жазылған 
мəтін (мəтіннің бөлігі) жəне нақты мазмұнын толтыратын құжат.  


 
237
ТҮГЕНДЕУ  ТІЗІМДЕМЕСІ  -  (ведомость)  –  мекеменің,  кəсіпорынның, 
ұйымның  немесе  жеке  тұлғаның  мүлкінің  тізбесі,  онда  олардың 
анықталған саны, заттың жай-күйі, құны көрсетіледі. 
ТІЗБЕ  -  бухгалтерлік  есепте  жəне  іс-қағаздарын  жүргізуде 
қолданылатын бір нəрсенің тізімі.   
ТІЛДІК  ФОРМУЛА  (құжаттың)  –  негізгі  мəтінді  құрайтын  (құжаттың) 
жəне  нақты  құжат  түріне  бекітілген  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем,  жоғары 
фразалы бірлік. 
ТІЗІМ – құжаттардың заңды түрде ресімделген тізбесі.  
ТІРКЕУ  ШТАМПЫ  –  құжатқа  енгізілетін  мынадай  мəліметтері  бар 
мөртабан: мекеменің атауы,  тіркеу күні, тіркеу индексі, жұмыс нөмірі.  
ТІРКЕУ  КАРТОЧКАСЫ  –  мекеме  іс-қағаздарын  жүргізуде  құжаттарды 
тіркеуге арналған карточка. 
ТҮСІНІК ХАТ – 1. Негізгі құжаттың жеке қосымшаларын (жоспар, есеп, 
жоба)  түсіндіретін  құжат.  2.  Жоғары  лауазымды  тұлғаға  ұсынылатын 
қандай  да  бір  əрекет,  факт,  оқиғаны  түсіндіретін  қызмет  адамының 
хабарламасы. 
І 
ІС  –  жеке  папкаға  салынған  жазбаша  құжаттардың  бір  данасы, 
мұрағатта сақтауға арналған.  
ІСКЕРЛІК  ХАТ  –  екі  корреспондент  арасында  ақпарат  алмасу  үшін 
пайдаланылатын құжат. Олар заңды жəне жеке тұлға болуы мүмкін. 
ІС  ИНДЕКСІ  –  істің  номенклатура  бойынша  реттік  нөмірі  жəне  іс 
мұқабасына  қойылатын  мекеменің  құрылымдық  бөлімін  көрсететін 
шартты белгі.  
ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ – кеңсе істерін жүргізу, мекеменің қызметін 
құжаттандыру  жəне  онда  құжаттарды  ұйымдастыру  жөніндегі 
жұмыстардың жиынтығы.  
ІС НОМЕНКЛАТУРАСЫ – мекеменің іс-қағаздарын жүргізуде жасалған 
іс атауларының жүйелендірілген тізбесі немесе тізімі.  
ІШКІ  ҚҰЖАТ  –  кəсіпорынның  ішінде  жасалып,  өз  іштерінде 
пайдалануға арналған құжат. 
Ү 


 
238
ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ – құжат мəтінінің бір бөлігінің көшірмесі.  
ҮЛГІ  ҚҰЖАТ  -  1.  Бір  текті  сұрақтарды  көрсететін  жəне  бірдей  үлгімен 
құралатын  құжат.  2.  Мекеменің  жұмыс  тəртібін  (типтік  жарғы,  типтік 
құрылыс)  немесе  оның  жеке  жақтарын  (типтік  келісім-шарт)  жəне 
қызмет  ерекшелігін  көрсететін  мекеменің  бір  атаулы  құжаттарын 
құрудың үлгісі болып табылатын нормативті жəне басқару құжаты.  
Ұ 
ҰСЫНУ – жеке құрамды тағайындау, ауыстыру немесе қолдау көрсету 
туралы  ережесі,  сондай-ақ  қандай  да  бір  бірлікке  жататын  (бұйым, 
операция)  өндірілген  өнім,  мекеме  қызметіне  қатысты  белгілі  бір 
əрекет немесе іс-шараны куəландыратын құжат.  
ҰСЫНЫС    -  кəсіпорын  атынан  басқа  кəсіпорынға  бағытталған  белгілі 
бір шарт бойынша келісім-шарт жасасуға дайындығы туралы жазбаша 
өтініш. 
Ш 
ШАҚЫРУ ҚАҒАЗ – жеке тұлғаға немесе мекемеге өзінің өкілін бір жерге 
жөнелту  туралы ресми хабарлама.  
ШАРТ  –  құқықтық  қатынасты  белгілеу,  өзгерту  немесе  тоқтатудың 
келісім-шарты.  
ШАРТТЫ  ХАТ  –  ілеспе  хаттың  бір  түрі,  мұнда  шарттың  жөнелтілу 
фактісі көрсетіледі. 
ШЕШІМ  –  1.  Аса  маңызды  мəселелерді  шешу  мақсатында  алқалық 
тəртіппен  қабылданатын  құқықтық  акті.  Сондай-ақ  бірнеше  əр  түрлі 
органдар  –  алқалық  жəне  жеке  басшы  басқаратын  ұйымдар 
шығаратын  бірлескен  актілер  де  шешім  деп  аталады.  2.  Азаматтық 
мəселелерді  сотта  немесе  даулы  мəселені  төрелік  сотта  шешу 
нəтижелері бойынша соттың немесе төрелік соттың қорытындысы бар 
құжат. 3. Жиналыстың, мəжілістің қарары.  
Ц 
ЦИРКУЛЯРЛЫҚ  ХАТ  –  бір  жіберушіден  бірнеше  адреске  бағытталған 
хат.   
Х 


 
239
ХАБАРЛАМА  –  алда  болатын  іс-шара  туралы  хабарлайтын  (мəжіліс, 
жиналыс, конференция) жəне соған қатысуды ұсынатын құжат. 
ХАБАРЛАМА  ХАТ  –  бір  нəрсе  жайлы  хабарланатын  немесе 
белгіленетін хат.  
ХАТ – мекемелер, жеке тұлғалар арасында байланыс құралы қызметін 
атқаратын мазмұны жағынан əртүрлі  құжаттардың жалпылама атауы.  
ХАТТАМА – жиналыс, кеңес, конференция жəне алқалық органдардың 
жиынында  мəселені  талқылау  жəне  шешім  қабылдау  барысында 
ретімен жазылып отыратын құжат.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
240
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғылыми-к7пшілік басылым 
 
Асқаров Нұрлан Əуезханұлы 
Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы 
Белғара Біржан Байғараұлы 
 
 
Іс қағаздарын жүргізу негіздері 
 
 
 
 
 
 
Редакторы 
Суретшісі 
Корректоры 
Беттеген 
 
 
 
 
 
Терімге 00.00.00. тапсырылды. Басылуға 00.00.00. қол қойылды. 
Гарнитура Times. Офсетті басылым. 
Шартты баспа табағы 14,1. Есепті баспа табағы 16, 15. 
Таралымы 1000 дана. Тапсырыс № 
 
 
 
 


 
241
ҚОЛДАНБАЛЫ ТІЛ ҚҰРАЛ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Н.Ə. Асқаров, 
Ж.Б. Нəлібаев,  
Б.Б. Белғара  
 
ІС ҚАҒАЗДАРЫН  
ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ 
 
 
 
 
 
Егер Сіз: 
 
- іс қағаздарын жүргізу қыр-сырымен жете танысқыңыз келсе; 
 
- іс құжаттарын сауатты дайындауды меңгергіңіз келсе; 
 
- білікті қызметкер болғыңыз келсе; 
 
- құқықтық қолайсыздықтарға ұшырамауды қаласаңыз; 
 
- кез-келген салада табысқа жетуді көздесеңіз, 
 
онда 
 
«Іс  қағаздарын  жүргізу  негіздерін»
 
оқыңыз, 
күнделікті қызметіңізде пайдаланыңыз, табысқа жетіңіз.  
 
 

жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау