Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет26/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92

 
59
173.  Уəкілетті  бөлімше  азаматтардың  өтініш  хаттарын  Ереженің  6-
тарауының  1-параграфында  баяндалған  тəртіппен  келіп  түсетін  хат-хабарлардан 
бөлек тіркейді.  
174.  Бір  жеке  адамнан  бір  күнтізбелік  жылдың  ішінде  бір  жəне  сол  мəселе 
бойынша  түскен  өтініштер  қайта  келіп  түскен  өтініштер  деп  саналады.  Уəкілетті 
бөлімше есептік тіркеу карточкасына «Екінші рет» деп белгі қояды.  
Қайталама  хаттарды  қараған  кезде  оған  бұрынғы  өтініштердің  тексеру 
материалдары қосылады. 
Егер  қайталама  өтініштерде  жаңа  дəлелдер  мен  жаңадан  анықталған 
жағдайлар  айтылмаған  болса,  егер  Мекеменің  бөлімшелерінде  ол  бойынша 
тексерудің  нақты    материалдары  болса,  ал  авторға  белгіленген  тəртіппен  жауап 
берілген 
болса, 
онда 
оларды 
Мекеме 
Төрағасының 
немесе 
оның 
орынбасарларының  (филиал  басшысының  жəне  оның  орынбасарларының) 
келісілген бұрыштамасымен қосымша тексеру қажет емес, бөлімше басшысының 
қолы қойылып, ол жөнінде авторға хабарлайды. 
 
§ 1. Өтініштерді қарау мерзімі 
 
175. Азаматтардың жазбаша өтініштерін  қарау жəне олар бойынша шешім 
қабылдау  мерзімі  бір  айдан  аспауға  тиіс,  ал  қосымша  зерделеуді  жəне  қарауды 
талап  етпейтін  өтініштер  -  Мекеменің  уəкілетті  бөлімшесінде  (филиалында) 
тіркелген кезден бастап он бес күнде қаралуға тиіс. Қосымша қарау қажет болған 
жағдайда, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге Мекеменің (филиалдың)  басшылығы 
мерзімді  ұзарта  алады  жəне  бұл  жөнінде  өтініш  берушіге  хабарлайды.  Жауапты 
орындаушы  бөлімше  азаматтардың  өтініштерін  қарау  мерзімін  уақтылы  ұзартуға 
шаралар қабылдауға міндетті.  
176.  Егер  азаматтардың  өтініштері  жөніндегі  мəселелерді  шешу  ұзақ 
мерзімге қалдырылса, онда уəкілетті бөлімше өтінішті түпкілікті орындағанға дейін 
қосымша бақылауға алады.   
177.  Шешім    қабылдау  Мекеменің  құзыретіне  кірмейтін  азаматтардың 
өтініштері түскен күннен бастап бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде азаматтарға 
бұл жөнінде хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі. 
 
§ 2. Жеке мəселелер бойынша азаматтарды қабылдаған кезде азаматтардың 
өтініштерін қарау тəртібі 
 
178. Егер  өтініш  азаматтарды  жеке  қабылдау  кезінде  айтылған  болса,  оны 
лауазым  иесі  қабылдау  уақытында  шеше  алмайды,  ол  жазбаша  нысанда 
жазылады жəне осы Ережеде белгіленген тəртіппен жазбаша жазылған өтініштер 
сияқты жұмыс жүргізіледі.  
179.  Мекеменің  басшылығына  келген  қатысушылардың  есебін  Мекеменің 
Төрағасының жəне оның орынбасарларының қабылдау бөлмесіндегі референттер 
өтініш  берушінің  аты-жөнін,  жұмыс  орнын,  лауазымын,  мекен-жайын,  өтініштің 
қысқаша  мазмұнын,  тапсырмаларын  жəне  қарау  нəтижелерін  көрсете  отырып, 
жүргізеді.    
 
§ 3. Азаматтардың өтініштері бойынша іс-қағаздарын 
жүргізуді тоқтату тəртібі 
 
180.  Азаматтардың  өтініштеріне  қойылған  мəселелер  қаралса,  олар 
бойынша  тиісті  шаралар  қабылданса  жəне  өтініш  берушілерге  жауап  берілсе,  
өтініш шешілді деп саналады. 


 
60
181.  Азаматтардың  өтініштерін  қараумен  айналысатын  бөлімшелердің 
басшылары,  ал  қажет  болған  жағдайда  Төраға  немесе  осы  өтінішті  қараумен 
айналысатын  бөлімшеге  жетекшілік  ететін  Төрағаның  орынбасары  олардың 
өтініштері бойынша қабылданған шешімдерді азаматтарға хабарлайды. Оң жауап 
берілмеген  жағдайда,  оның  себебі  көрсетіледі  жəне  шағым  беру  тəртібі 
түсіндіріледі.  
Жауап жазбаша немесе ауызша түрде берілуі тиіс. Жауап жазбаша берілген 
жағдайда  өтініш  хатқа  жəне  тіркеу-бақылау  карточкасына  тиісті  жазбалар 
жасалады.  
182.  Мекеменің  орталық  аппаратында  азаматтардың  өтініштері  жөнінде  іс 
қағаздарын жүргізуді тоқтату туралы шешімді Төраға немесе осы өтінішті қараумен 
айналысатын  бөлімшеге  жетекшілік  ететін  Төрағаның  орынбасары,  филиалда  – 
филиалдың  басшысы  немесе  осы  өтінішті  қараумен  айналысатын  бөлімшеге 
жетекшілік ететін оның орынбасары қабылдауға құқылы.  
 
11-тарау. Электронды құжат айналымының шағын жүйесі 
 
183. Құжаттар жасау кезіндегі еңбек шығындарын қысқарту, оларды өңдеу, 
құжаттық  ақпараттарды  беру  жəне  пайдалану,  бақылау  құжаттарының 
орындалуын  бақылауды  жетілдіру,  жедел  орындалуын  арттыру,  құжаттармен 
жүргізілетін ақпараттық-талдау жұмысының сапасын арттыру, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының  жəне  Мекеменің    қолданылып  жүрген  нормативтік  құқықтық 
актілерінің  талаптарын  ескере  отырып,  Мекеменің  электронды  мұрағатын  құру 
электронды құжат айналымының негізгі міндеті болып табылады.  
184. Электронды құжат айналымын ұйымдастырудың негізгі принциптері: 
1)  деректерді  компьютерлік  өңдеудің  бағдарламалық  жəне  техникалық 
құрал-жабдықтарын  пайдалану  негізінде  электронды  құжат  айналымын, 
құжаттардың  электронды  нысандарын  басқарудың  автоматтандырылған  жүйесін, 
электронды почтаны ұйымдастыру; 
2)  электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінде  электрондық  санмен 
қол  қойылған  электрондық  құжаттың  мəртебесінің  қағаз  құжат  айналымының 
жүйесіндегі өз қолымен қол қойылған құжаттың мəртебесіне тең болуын тану;  
3)  қойылған  қолдардың  бірдейлігін  қамтамасыз  ететін  бағдарламалық-
техникалық  құрал-жабдықтардың  ақпараттық  жүйеде  бар  болған  кезде  ғана 
электронды  сандық  қолдардың  шынайылығын  тану  жəне  Мекеменің  нормативтік 
құқықтық актілеріне сəйкес оларды пайдаланудың белгіленген режимін сақтау; 
4) келіп түсетін, жіберілетін жəне ішкі құжаттарды бір рет тіркеу; 
5)  құжатты  жүйеге  енгізуден  оны  іс  қағаздарына  орналастырғанға  дейін 
құжат ағынын үзбеу болып табылады. 
185.  Электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінің  келіп  түсетін 
құжаттардың почта жəшігіне электронды құжаттар түскен кезде пайдаланушы бұл 
жөнінде тез арада хабарлама алады.  
Электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінің  пайдаланушылары  өз 
компьютерлерінде шағын жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуін барлық жұмыс 
уақытының ішінде белсенді күйінде ұстауға міндетті. 
 
§ 1. Электронды құжат айналымының шағын жүйесінде 
құжаттарды келісу жəне бекіту тəртібі 
 
186.  Бөлімшеге  құжат  ресми  түрде  түскен  кезде  бұрыштама  жəне  қол  қою 
рəсімдерін бастау алдында құжат бөлімшенің жұмыс құжаттарын тіркейтін арнайы 
журналға тіркелуі тиіс. 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау