Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет20/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92

 
47
4-тарау. Мекеменің нормативтік құқықтық актілерін жəне басқару  
құжаттарын əзірлеу, күшіне енгізу жəне сақтау тəртібі 
 
53.  Мекеменің  бөлімшелерінде  Қазақстан  Республикасының  жəне 
Мекеменің  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкес  Мекеменің  басқару 
құжаттарының  мынадай  түрлері  əзірленеді:  Мекеме  қызметін  реттейтін 
нормативтік емес сипаттағы нормативтік емес сипаттағы, бұйрықтар, өкімдер. 
54.  Нормативтік  емес  сипаттағы  қаулыларды  Мекеменің  Басқармасы  мен 
Директорлар  кеңесі  қабылдайды  жəне  Мекеме  алдында  тұрған  маңызды  əрі 
принциптік міндеттерді,  ұйымдастыру мəселелерін жəне басқа мəселелерді шешу 
мақсатында қабылданатын Мекеменің құқықтық актілері болып табылады. 
Мекеменің  басшысы  не  оның  орынбасары  Қазақстан  Республикасының  
нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкес  жəне  өз  құзыреттері  шегінде  қаулы 
шығаруға құқылы. 
55. Мекеме Басқармасының нормативтік емес сипаттағы қаулысына Мекеме 
басшысы не оның орнындағы адам жəне Басқарма мүшелері қол қояды. Сонымен 
қатар  Мекеме  Басқармасының  қаулысына  заң  бөлімшесінің  басшысы  не  оның 
орнындағы адам міндетті түрде қол қояды. 
Мекеме  Директорлар  кеңесінің  нормативтік  емес  сипаттағы  қаулысына 
Мекеме Төрағасы не оның орнындағы адам жəне Директорлар кеңесінің мүшелері 
қол қояды.  
56.  Бұйрық  Мекеменің  не  оның  бөлімшелерінің    алдында  тұрған  негізгі 
жедел  міндеттерді  шешу  үшін  Мекеменің  Төрағасы  не  оның  орынбасарлары, 
филиал  басшылары  (өз  құзыреттері  шегінде)  қабылдайтын  құқықтық  акті  болып 
табылады. Бұйрық Мекеме қызметін қамтамасыз етуге, заң актілерінің, Қазақстан 
Республикасы  Президентінің    актілерін,  Мекеме  Басқармасы  мен  Директорлар 
кеңесінің  басқа  да  нормативтік  құқықтық актілерінің  (жұмыс  берушінің  актілерінің)  
талаптарын орындауға байланысты құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерін, 
сондай-ақ еңбекке қатысты құқықтық қатынастарды реттейді. 
57.  Өкім  –  Мекеменің  Төрағасы  жəне  оның  орынбасарлары,  Мекеме 
бөлімшелерінің    басшылары  не  олардың  орнындағы  адамдар  шығаратын 
Мекеменің  құқықтық  актісі.  Өкімде  бөлімшелерге  немесе  белгілі  бір  лауазымды 
тұлғаларға  Мекеменің  нормативтік  құқықтық  актілерінің  (жұмыс  берушінің 
актілерінің)  талаптарын,  Мекеменің  үшінші  тұлғалармен  жасасқан  шарттарының 
(келісімдердің,  келісім-шарттарының)  жəне  басқа  міндеттемелердің  талаптарын 
орындау  жөнінде  нақты  белгіленген  іс-əрекеттерді  жүзеге  асыруға  нұсқаулар 
болады. 
58.  Мекеменің  лауазымды  тұлғалары  оларға  Қазақстан  Республикасының 
жəне  Мекеменің  нормативтік  құқықтық  актілерімен,  сондай-ақ  Мекеме  Төрағасы 
мен  оның  орынбасарлары  арасында  міндеттерді  бөлісу  туралы  бұйрықпен 
белгіленген құзыреттер шегінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. 
59. Мекеменің қаулыларын, бұйрықтарын жəне өкімдерін оларда көрсетілген 
бөлімшелер жəне лауазымды тұлғалар  орындауға міндетті. 
60. 
Барлық 
басқару 
құжаттары 
мазмұнына 
қарай 
Қазақстан 
Республикасының жəне Мекеменің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес болуы 
тиіс.  Қаулылардың,  бұйрықтардың  жəне  өкімдердің  мəтіндері  қарапайым, 
тұжырымды  жəне  түсінуге  жеңіл  тілмен  жазылуы  тиіс  жəне  оның  ережелерін 
түрліше түсіндіруге болмайды жəне  сөздерді қысқартуға жол берілмейді.  
 
61.  Басқару  құжатының  мəтіні,  əдеттегідей,  белгілеу  жəне  жарлық  айту 
бөліктерінен тұрады. 


 
48
Құжаттың  белгілеу  бөлігінде  орындаушылар  (бөлімшелер,  лауазымды 
тұлғалар,  қызметкерлер),  нақты  іс-əрекеттер  жəне  нұсқалған  іс-əрекеттердің 
орындалу мерзімі көрсетіледі.  
Құжаттың  басқару  бөлігінің    соңғы  тармағында,  əдеттегідей,  басқару 
құжатының  толық  орындалуына  бақылау  жасау  жүктелетін  лауазымды  адам 
көрсетіледі. 
62. Басқару құжаттарының  мəтіндері мемлекеттік тілде ресімделеді. 
 
§1. Басқару құжаттарының жобаларын əзірлеу жəне қол қою тəртібі 
  
63.  Басқару  құжаттарының  жобаларын  Мекеме  бөлімшелері  ұйымға 
жүктелген  міндеттер  мен  функцияларды  шешу  мақсатында  басшылықтың 
тапсыруы бойынша немесе өз бастамасымен əзірлейді. 
Басқару  құжатының  жобасын  əзірлеу  бір  немесе  бірнеше  бөлімшелерге 
немесе  жекелеген  мамандарға  тапсырылады.  Күрделі  жəне  көлемді  басқару 
құжаттарының    жобаларын  əзірлеу  үшін  жұмыс  топтары  құрылады,    білікті 
мамандар тартылады. 
64. Басқару құжаттарын əзірлеу үшін: 
1) мəселенің мəнін зерделеу; 
2) құжаттың жобасын əзірлеу; 
3) құжатты мүдделі бөлімшелермен, сондай-ақ заң бөлімшесімен келісу; 
4)    келісілген  құжатты  Мекеме  басшылығына  (филиалдың  басшылығына) 
қол қоюға ұсыну қажет. 
65.  Басқару  құжатының  жобасын  əзірлеу  кезінде  оны  шығарудың  мақсаты 
жəне онда көрсетілуі тиіс мəселелер айқындалады, қажетті ақпарат жиналады. 
66.  Басқару  құжатының    жобасын  əзірлеуге  жауапты  бөлімше  (бұдан  əрі  -  
жауапты  бөлімше)  қажетті  материалдарды  зерделегеннен  кейін  оның  жобасын 
жасап, оны мүдделі бөлімшеге келісуге ұсынады. 
67.  Мекеменің  басқару  құжаты  жобасының  əзірленген  мəтіні    ресімдеуге 
қойылатын бірыңғай талаптарды сақтай отырып, қажетті деректемелері: Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы  не  Мекеменің  эмблемасы,  Мекеменің 
ресми атауы, құжат түрінің атауы, құжат жасалған жер, деректемелерге арналған 
орын:  құжат  жасалған  күні,  құжат  нөмірі  бар  арнайы  бланкілерде  түзетуге  жол 
бермей,  нақты түрде (қысқартусыз) басылған болуы керек. 
68. Құжатты мүдделі бөлімшелермен келісу құжат жобасына алдын ала баға 
беру, оның негізділігін, мақсатқа сай екендігін жəне уақытқа сəйкестігін, Қазақстан 
Республикасының  жəне  Мекеменің    қолданылып  жүрген  нормативтік  құқықтық 
актілеріне сəйкес болуын жүзеге асыруды көздейді. 
Құжатты  келісуді  электронды  құжат  айналымы  шағын  жүйесінде  құжаттың 
жобасымен  Мекеменің  лауазымды  тұлғаларын  кезек-кезек  немесе  бір  уақытта 
таныстыру  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Келісуге  электронды  почта 
құралдары пайдаланылады. 
69.  Орындау  үшін  бюджеттен  шығыс  шығарылатын  немесе  бюджет  кірісін 
қысқартуға  əкеліп  соқтыратын  құжаттың  жобасы  міндетті  түрде  бюджетті 
жоспарлау жəне бақылау бөлімшесімен келісіледі. 
70.  Мүдделі  бөлімшелермен  келісілгеннен  кейін  жауапты  бөлімше  басқару 
құжатының  жобасын  осы  жобаның  Қазақстан  Республикасының  жəне  Мекеменің 
нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкестігін  тексеретін  заң  бөлімшесімен  келісуге 
ұсынады.  
71.  Мүдделі  бөлімше  мен  заң  бөлімшесі  басқару  құжатының  жобасын  он 
жұмыс  күнінен  аспайтын  мерзімде  қарайды.  Басқару  құжатының  жобасымен 
келіспеген  жағдайда  аталған  бөлімшелер  өз  ескертпелері  мен  ұсыныстарын 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау