Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет9/26
Дата23.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#16705
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

      3. Тапсырыс беруші: 

      1) Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберуге; 

      2) тараптарға әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері жӛнінде 

консультация беруге; 

      3) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан әлеуметтік жұмыс орындарын 

ұйымдастыруға қосымша ӛтінімдер қабылдауға; 

      4) Орындаушының бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа 

орналастырылған жұмыссыздардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг 

жүргізуге; 

      5) Орындаушымен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға 

арналған шарт жасасуға; 

      6) Жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік 

жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа 

орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында 

кӛрсетуге; 

      7) Тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған 

шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы. 

      4. Орындаушы: 

      1) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында 

белгіленген мерзімдерде хабардар етуге; 

      2) жұмыссыздармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек 

кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға; 

      3) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті 

тӛлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық 

кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 

маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 

2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік жұмыс 

орындарына қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы 

жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық тӛлеуді және орындалған 

жұмыстар мен кӛрсетілген қызметтер үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға 

тӛленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге; 

      4) қажет болған жағдайда әлеуметтік жұмыс орнына қатысушыларға ӛз қаражаты есебінен 

қосымша үстемеақы тӛлемін жүргізуге құқылы. 




      5. Тапсырыс беруші: 

      1) азаматтарды олардың келісімімен Орындаушыға ________________ 

___________________________________ адам жіберуге; 

           (жазбаша)

 

      2) Орындаушы ұсынған мәліметтерге сәйкес жұмыс беруші белгілеген жалақының 



_______ % есебімен, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы 

заңмен айқындалған жалақының ең тӛменгі мӛлшерінен аспайтын, нақты орындаған жұмыс 

уақытына, бір адамға жұмыс істеген толық айына ______________________________ теңге 

                                        (сомасы жазбаша)

 

сомасында жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы тӛлеуге жұмсаған 



шығындарының бір бӛлігін ӛтеуді жүргізуге міндеттенеді. 

      6. Орындаушы: 

      1) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын 

ұсынуға: 

Р/с 

№ 

Кім ретінде 



жұмысқа 

қабылдау 

жоспарланып 

отыр 


Саны 

Жұмыстардың 

ұзақтығы, ай 

Айлық 


еңбекақының 

мӛлшері, теңге 

Еңбекақы тӛлеуге 

арналған ӛтемақының 

мӛлшері айына, теңге 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

      2) жұмыссыздармен Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға; 

      3) Салық кодексіне, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 

2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік 

сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 

әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың алған табыстарынан жеке табыс салығын 

және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық 

тӛлеуді және орындалған жұмыстар және кӛрсетілген қызметтер үшін әлеуметтік жұмыс 

орындарына қатысушыларға тӛленетін жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде 



тӛлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдарды аударуды жүргізуге; 

      4) қажет болған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға ӛз қаражаты 

есебінен қосымша үстемеақы тӛлемін жүргізуге; 

      5) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша әлеуметтік жұмыс 

орындарына қатысушыларға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың 

кӛшірмесін ұсынуға; 

      6) әрбір әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша 

нұсқама ӛткізуге; 

      7) қажет болған кезде әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларды арнаулы киіммен, 

құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге; 

      8) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге; 

      9) әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде 

денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды ӛтеуге; 

      10) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы ұсынылатын 

ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға; 

      11) халықты жұмыспен қамту орталығымен және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуға 

үміткерлермен әлеуметтік келісмшарт жасасуға; 

      12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы 

Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар 

туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді. 



   3. Еңбекақы тӛлеу 

      7. Орындаушы әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға еңбекақы тӛлеуді жасалған 

еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді. 

   4. Тараптардың жауапкершілігі 

      8. Тараптар әлеуметтік жұмыс орындарына ақы тӛлеуге арналған бюджеттiк қаражатты 

мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан 

Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады. 

      9. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі. 

      10. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл 

туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті. 

      11. Осы шартқа ӛзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі. 

   5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары 



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау