Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет6/26
Дата23.05.2018
өлшемі0,72 Mb.
#16705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

_____________________________________________________________________ 

      _________________                                   ___________ 

            Күні                                              қолы 

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне ӛтініш беруші жауапты болады. 

  Қазақстан Республикасы    

 Денсаулық сақтау және    

әлеуметтік даму министрінің 

 2016 жылғы 14 маусымдағы  

 № 516 бұйрығына      

 2-қосымша         



   Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру 

қағидалары 

   1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары 

(бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі 

Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-

бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру 

және қаржыландыру тәртібін және оларға жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру 

тәртібін айқындайды. 

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен 

тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін 

жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері; 

      2) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту 

мәселелері жӛніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті 

органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту 

орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа 

мемлекеттік қызметтер кӛрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық ӛзара іс-қимылға 

арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 

      3) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау 

арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт 

негізінде құратын жұмыс орны; 

      4) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 

Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда кӛзделген жағдайларда 




ӛзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда кӛзделген 

жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға 

тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін 

айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ 

мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек кӛрсету туралы келісім; 

      5) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым); 

      6) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала; 

      7) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары 

бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің 

еңбегіне жұмыс берушінің ақы тӛлеуге жұмсаған шығындарының бір бӛлігін ӛтеу; 

       8) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың 

және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, ӛз құзыреті 

шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және ӛзін-ӛзі басқаруды жүзеге 

асыратын алқалы атқарушы орган;  

      9) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға; 

      10) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы 

кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны; 

      11) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін 

тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi; 

      12) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу 

тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу 

мақсаты және олардың орындалуы кӛрсетілетін құжат; 

      13) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және 

еңбек етуге дайын адамдар; 

      14) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды ӛндірістік факторлардың болуымен сипатталатын 

еңбек жағдайлары; 

      15) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек ӛтіліне және бұрынғы мамандығы 

бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс 

орнына кӛлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс; 

      16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, ӛзін-

ӛзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және 

оралмандарды, сондай-ақ Заңда кӛзделген жағдайларда ӛзге адамдарды халықты жұмыспен 

қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге 

асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік 




қолдау шаралары; 

      17) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы 

келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді 

қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі; 

      18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті орган – ӛңірлік еңбек 

нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 

бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, 

республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының 

құрылымдық бӛлiмшесi; 

      19) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық 

маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды 

және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ӛзге де шараларын ұйымдастыру 

мақсатында құратын мемлекеттік мекеме. 



   2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі 

      3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына 

қарамастан ұйымдастырылады. 

      4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын құрады, оларды құрған кезде тұрақты 

жұмыс орындары қолданылмайды және олар ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды 

және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды. 

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады. 

      6. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы  2-тармағының 1)-9) тармақшаларында 

кӛрсетілген адамдар: 

      1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға 

арналған мектеп-интернаттардың түлектері; 

      2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар; 

      3) мүгедектер; 

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден 

ӛткен адамдар; 

      5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар; 

      6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, кӛпбалалы ата-аналар; 

      7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді 




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау