және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, ӛз құзыреті
шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және ӛзін-ӛзі басқаруды жүзеге
асыратын алқалы атқарушы орган;
7) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
8) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы
кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
9) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін
тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
10) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу
тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
мақсаты және олардың орындалуы кӛрсетілетін құжат;
11) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және
еңбек етуге дайын адамдар;
12) халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті орган – ӛңірлік еңбек
нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
құрылымдық бӛлiмшесi;
13) халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган – Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты
және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды
және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ӛзге де шараларын ұйымдастыру
мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру тәртібі
3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан
ұйымдастырылады.
4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және
оның мынадай ерекшеліктері бар:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен
бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 65-тармағына
сәйкес оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша түлектер
бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін әдейі арналған;
2) жастар пактикасына қатысушыларға еңбекақы тӛлеу республикалық және жергілікті
бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында
тыйым салынбаған кӛздерден жүргізіледі;
3) жұмыс орындарының саны іс-жүзінде шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады
және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары
қолданылмайды.
5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 21-бабына сәйкес жастар практикасы алған
кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары,
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға
арналған.
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге
консультация береді;
2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасы ұйымдастырылатын
жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына ӛтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) ӛтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай
тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті
органға жібереді;
4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден жастар практикасын
ұйымдастыруға қосымша ӛтінімдер қабылдайды.
7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес халықты
жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті атқарушы орган:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға ӛтінім берген ӛңірлердегі ұйымдардың тізбесін,
тартылатын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздардың санын, оларға
еңбекақы тӛлеу шарттары мен мӛлшерін және қаржыландыру кӛздерін айқындайды.
Ұйымдардың тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.
8. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
үшін жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасасады.
9. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарттың негізінде
жастар практикасынан ӛту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары білім беру
ұйымдары түлектерінің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.
10. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту
орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың кӛшірмесін;
2) еңбек кітапшасының кӛшірмесін (бар болса);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаттың кӛшірмесін қоса бере отырып, ӛтінім береді.
11. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыздарға жастар практикасынан ӛту мәселелері бойынша консультация береді;
2) жұмыссыздарға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар
практикасына жолдама береді.
Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына
жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі.
12. Жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағының 4)
тармақшасына сәйкес жұмысқа қабылдау немесе бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту
орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар
етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс
берушілер және жастар практикасына жіберілетін түлек арасында «Халықты жұмыспен қамту
туралы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.
13. Жұмыс беруші мен жастар практикасына қатысатын жұмыссыз арасында 2015 жылғы
23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 33-
бабына сәйкес еңбек шарты жасалады.
Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасы қолданылады.
14. Жұмыс берушілер жастар практикасына қатысушылармен жасасқан шарттардың
кӛшірмесін және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты 5 жұмыс күні ішінде халықты
жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
15. Жұмыс беруші жастар практикасына қатсушыға кәсіби білімін және жұмыс
тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер бекітеді.
16. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша бос жұмыс орны пайда болған кезде және
жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі
аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте,
Достарыңызбен бөлісу: |