жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың кӛшірмесін халықты
жұмыспен
қамту орталығына «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағының 4)
тармақшасында белгіленген мерзімдерде жолдайды.
17. Жұмыс беруші жастар практикасын ӛту кезеңін еңбек кітапшасына енгізеді және
жұмыс беруші жасалған еңбек шартының мерзімі ӛткеннен кейін жастар практикасына
қатысушыға талабы бойынша оның жастар практикасынан ӛтуі туралы пікір (ұсыным хат)
ұсынады.
18. Жұмыс берушілердің таратылуына байланысты, сондай-ақ осы Қағидалардың 20-
тармағында кӛрсетілген жағдайларда жастар практикасы бойынша еңбек қызметін тоқтатқан
адамдар қалған ӛтелмеген мерзімін басқа жұмыс берушілерде жалғастырады.
19. Жастар практикасындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен ӛз бетінше тоқтатқан
адамдар әлеуметтік келісімшартты бұзған сәттен бастап жұмыссыздар ретінде есептен
шығарылады.
20. Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған
жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің жастар практикасына
қатысушыға жалақы тӛлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен
бұзылуға жатады.
21. Жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс
берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде шарттар жасасуға жол
берілмейді.
22. Жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен жастар
практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек
саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
23. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа
орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі
аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді «Халықты
жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 24-тармағына сәйкес жұмысқа орналастырудың
жеке картасында кӛрсетеді.
24. Халықты жұмыспен қамту орталығы бюджет қаражаттарының пайдаланылуына және
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кӛздерден жастар
практикасының қатысушысына еңбекақы тӛлеген кезде жұмысқа орналасқан түлектердің
міндетті зейнетақы аударымдарының болуына мониторинг жүргізеді.
25. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық
байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жӛніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
тӛрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген)
бекітілген есептілікті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде халықты жұмыспен қамту
мәселелері жӛніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:
1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа
орналастырылған түлектердің саны туралы;
2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа
орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мӛлшері туралы мәліметтер
кӛрсетіледі.
3. Жастар практикасын қаржыландыру тәртібі
26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын
қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның 65-тармағының екінші бӛлігіне сәйкес республикалық және жергілікті
бюджеттерден субсидиялау мӛлшері экологиялық үстемақылар тӛлеуді есептемегенде, айына
18 айлық есептік кӛрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды,
пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ӛтемақыны және банк қызметін ескергенде) құрайды.
Жастар практикасына жіберілген жеке адамдарға еңбекақы тӛлеуді жергілікті бюджет
қаражаты есебінен қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың
шешімі бойынша жүзеге асырылады.
27. Жастар практикасын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер
қаражаты есебінен, сондай-ақ алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектеріне еңбекақы
тӛлеуге Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған кӛздерден жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты
жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен
қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.
28. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттардың
негізінде қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға
аудандардың (қалалардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)
бюджеттерінде кӛзделген сомалар шегінде не Қазақстан Республикасының заңнамаларында
тыйым салынбаған ӛзге кӛздерден ай сайын халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге
асырады.
29. Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы тӛлеуді жұмыссыздар үшін жастар
практикасын қаржыландыруға арналған шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс
берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде, еңбек шартында белгіленген мӛлшерге қарай ай
сайын халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізеді және екінші деңгейдегі банктерде
ашылған ағымдағы шоттарға (карточкалық) ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге
асырылады.
Жастар практикасын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_______________ (ауданының,
қаласының) Халықты жұмыспен
қамту орталығына
___________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
Ӛтінім
_______________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН),
байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
жастар практикасынан ӛту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс
берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес
мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с
№
Кәсібі (мамандығы)
Талап етілетін
білім деңгейі
Жұмыс орындарының
жоспарланған саны
Жастар практикасының
жоспарлы ұзақтығы (ай)