Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а, анықтама үшін телефон: 8 (7252) 39-01-62, 8 (7252) 30-03-57 (факс), электронды мекенжай: Zh.Taizhanova@economy.gov.kz,
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-0-5*** санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Қазақстан Республикасының заңнамасын білу: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлу.
2) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
3) Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.
** Ескерту: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.
*** Ескерту: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санаты
|
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
С-О-5
|
83282
|
112431
|
1. Заң басқармасының бас маманы (С-0-5, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңңамаларына сәйкес респонденттерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша процессуалдық жұмыстарды жүргізу, құжаттарды дайындап басшылықтың қарауына ұсыну жұмыстарына басшылық жасау, Департаменттің салалық және аудандық басқармаларынан, респонденттермен жұмыс жөніндегі басқармадан алынған, «е-Статистика» ИАЖ-да байқаулар қорытындылары бойынша автоматты режимде қалыптастырылатын тізімдерге және тіркелімдер басқармасынан алынатын респондент туралы байланыс деректеріне сәйкес алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді уақтылы қозғау. Басшылықтың және басқарма басшысының тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау, өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс құжаттары бойынша тұжырымдарды уақтылы дайындау, Қазақстан Республикасы бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ОҚО филиалымен әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жүргізілетін жұмыстарды уақытылы орындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жұмыстарын жүргізу, Департаментте жалпы құқықтық оқытулар бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізу. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша айыппұл салынған қаулылардың мерзімінде орындалуын бақылау жұмыстарын жүргізу, мерзімінде төленбеген айыппұлдар бойынша заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп орындау шаралары бойынша жұмыстарды жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, заңгер) саласында.
2. Бухгалтерлік есеп басқармасының бас маманы (С-0-5, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ресімдерін орындау. Веб-сайтқа және веб-порталға хабарландырулар беру, оның ішінде электрондық түрде мемлекеттік сатып алуды жузеге асыру. Бюджеттік міндеттеріне сәйкес сметалармен көзделген бюджеттік жіктеуіштің кодтары бойынша (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) шығыстар жүргізу. Келесі жылға арналған бюджеттік өтінімді дайындау. Жылдық және тоқсандық теңгерімдер бойынша есеп беру. Штаттық кестелер әзірлеу. Статистикалық және салық есептерін тапсыру. Байланыс қызметі, коммуналдық және басқа қызмет көрсетулер бойынша ұйымдардан келіп түскен шоттарға сәйкес уақтылы ақы төлеу. Мекемелерден алынған заттар және көрсеткен қызметтері үшін аударылған қаржының төлем тапсырыстарын толтыру. Қызметкерлердің еңбекақысын қазынашылық банк арқылы аударуды жүзеге асыру кезіндегі бухгалтерлік есебін жүргізу. Қазынашылық департаментіне шарттар, төлеуге шоттар бойынша міндеттерді аудару үшін құжаттарды жүргізу және есепке алу, тіркеу және дайындау. Банк құжаттарын, шарттарын өңдеу. Іссапар шығындары бойынша есеп жүргізу. Тауарлы – материалдық құндылық заттарды бухгалтерлік шоттар бойынша кіріс –шығыстарының есебін жүргізу. Ай сайынғы бюджеттің орындалуына талдау жасап, тиісті орындарға есеп дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика, экономика, бухгалтер) саласында.
3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы (С-0-5, 1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 29.07.2017 жылға дейін)
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу. Департаменттің қызметкерлерімен еңбек қатынасын ресімдеу, қызметкерлердің жеке істерін жүргізу, бұйрық жобаларын (негізгі қызмет, жеке құрам бойынша) дайындау. Еңбек шарты бойынша жұмысты жүргізу. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді қабылдау құжаттарын ресімдеу, Еңбек кітапшаларын, Т-2 карточкаларын жүргізу. Персоналды басқару бойынша жүргізілген жұмыстарға есептер дайындап ұсыну. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Персоналды басқару бойынша сыйақылар беру, марапаттау мен тәртіптік жаза қолдану бойынша құжаттарды дайындау. Тәртіптік, қызметін бағалау, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру. Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, бухгалтер, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, заңгер) саласында.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанда толтырылған сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а мекенжайы бойынша Департаменттің ғимаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |