Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
2014 жылдың қорытындысы бойынша сараптама есебі
Азқамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларына әлеуметтік қолдау ретінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 2014 жылы 158 млн. 372 мың теңге әлеуметтік түрлі көмектер төленді.
Ұлан ауданында зейнеткерлер саны – 5728 адам, олардың ішінде Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлер саны 13 адам, Ұлы Отан соғысына қатысқан мүгедектер саны - 1 адам, тыл еңбеккерлері-877 адам, 1 және 2 топ мүгедектер саны – 777 адам, 3 топ мүгедектері – 562 адам, мүгедек балалар саны 95. /.
Қазіргі таңда жұмысқа жарамды 562 мүгедектің 140 зейнеткер, жұмыс істейтіндер-164 адам, өзін өзі қамтыған- 128 адам, студенттер-8, бала күтумен отырған-3 адам, ауданда тіркеуде бар бірақ тұрмайтын азаматтар саны-32 адам.
Жеке оңалту бағдарламасы бойынша көздері нашар көретін мүгедектерге жыл сайын тифлоқұралдар бөлінеді. 2014 жылы мүгедектерге тифлоқұралдар (сағат-11 дана, диктофон-7, тифлотрость-6, тифломагнитола-2) берілді. Жеке оңалту бағдарламасы бойынша құлақтары нашар еститін мүгедектерге сурдоқұралдар (құлағы нашар еститіндерге арналған сағат-10, ұялы телефон-10, плеер – 10, видеокомпьютер-3 дана) бөлініп, таратылды.
65 зейнеткер оның ішінде 8 мүгедек «Уба» санаториясына санаториялық-курорттық емделуге дем алуға жіберілді.
Жыл басынан 201 мүгедектерді оңалту бағдарламасы қабылданды. 2014 жылы мүгедектерге 2642,6 мың теңге гигиеналық құралдарға бөлінді, 65 мүгедекке 11756 памперс 480 калоприемник таратылып берілді.
Барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлері мекеме басшылары және әлеуметтік қызметкерлермен бекітілген. Әлеуметтік қызметкерлер ардагерлердің үйлеріне барып үйлерін ақтауға, үйдің маңайын тазартуға көмек көрсетеді.
Жергілікті бюджеттен материалдық көмек бөлу және төлеу туралы арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша 1104 адамға 5775,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек берілді. Оның ішінде әрбір ардагерге 70000 теңге мөлшерінде барлығы 1050,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.
Соғыс жылдары кезінде медальдармен марапатталған 28 тыл ардагерлеріне 280,0 мың теңге, 28 мүгедекке 283,0 мың тенге, ауған соғысының 45 жауынгерлеріне 225,0 мың теңгеге және Чернобыль апатын жоюға қатысқан 31 азаматқа 155,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.
007 « Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаражат 41115,0 мың теңге толығымен игерілді. Соның ішінде:
- „Күміс -Алқа”,”Алтын-Алқа”, „Материнская Слава ”1 және 2 дәрежелерімен марапатталған аналарға, сонымен қатар 4 және одан жоғары 18 жасқа толмаған көп балалы аналарға 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне материалдық көмек барлығы 8540,0 мың теңге төленді.
- Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек бойынша 90 адамға 5350,0 мың тенге берілді.
- Соғыс мүгедектеріне теңестірілген мүгедектерді, Чернобыль АЭС- дағы апат зардабын жоюға қатысқан мүгедектерге 65 адамға 1658,0 мың теңге берілді.
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының v шақырылған сессиясының 2014 жылғы қазандағы № 21/276-v шешімімен «Отбасын әлеуметтік және демографиялық дамытудың 2014-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді. Кешенді жоспар шеңберінде төртінші балаға босанған аналарға біржолғы жәрдемақы 51 анаға 2550,0 мың теңге төленді.
- Қазақстан Республикасына ерекше еңбек еткен зейнеткерлердің саны - 2 адам, жыл басынан 48,0 мың теңге материалдық көмек көрсетіледі.
- Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің отбасына берілетін материалдық көмек 2 отбасына ай сайын жыл басынан 5000 теңгеден 120,0 мың теңге төленді.
- Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2012 жылы 05 желтоқсандағы № 300 «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек туралы» қаулысына сәйкес, 2014 жылдың басынан 39 студентке оқуларын төлеуге, жатақханада тұру үшін және стипендияға 22849,0 мың теңге төленді.
2014 жылы С.Аманжолов атындағы ВКГУ- ды 11 студент және облыс әкімінің гранты бойынша бірінші түлектер Семей медициналық академиясын -3 студент бітірді. Барлық студенттер Ұлан ауданында өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылды. 2015 жылы облыс әкімінің гранты бойынша 11 түлектер оқу бітіреді:
- 1 түлек - Семей медициналық академиясын (жалпы медицина)
- 10 түлек - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін.
2014 жылы облыс әкімінің грантына 2 талапкер (жетім балалар) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға түсті.
2014 жылы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 41 комиссия мәжілісі өткізілді. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алуға 47 азаматтың сұранысы тіркелді. Солардың ішінен МЗТО-на 47 азаматтың іс макеті тапсырылды.
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін анықтау үшін аудандық комиссияның 11 отырысы болды. Онда 13 өтініш қаралды.
Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс ұйымдастыру секторы арқылы 8 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2014 жылы барлығы 3286 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік қорғау бөлімінде үйде қызмет көрсететін 2 бөлім жұмыс істейді. 47,5 әлеуметтік жұмыскер 201 жалғыз басты зейнеткерлерге, соның ішінде 48 мүгедекке және 33 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетеді.
Барлық кенттік және ауылдық округтерде қарттар мен мүгедектер күніне арналған жиындар, кездесулер мен «Көгілдір от» өткізілді. Әрбір округтарда қарттар күніне шаруа қожалық басшылары, жеке кәсіпкерлер сыйлықтар, азық-түлік дорбасын алып көмек көрсетті.
Жалғыз басты қарт зейнеткерлерге қыстық кезеңіне дайындалуға шөп пен отындарын жеткізіп беруге әкімшілік тарапынан көмек көрсетіледі, "Тимуршылар тобы" қарттардың үйлеріне барып көмек көрсетті, отындарын жарып, су әкеліп, сенбілік күнін өткізіп отырады.
Бөлімше арқылы жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2014 жылы 282 адамға қызмет көрсетілді.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясатында ең бір басымдық мақсаттардың ішінде кедейшілікті азайту, халықтың әл ауқатын көтеру, аз қамтылған және әл жуаз азаматтарды әлеуметтік қолдау болып саналады.
2014 жыл басынан 65 отбасы 248 алушыға 5358,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Тұрғын үй көмегі 844 отбасына 12 млн 515 мың теңге сомаға төленді.
18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы алу үшін 471 отбасы 1296 балаға ұсыныс берді, 20 млн 4 мың теңге төленді.
Жыл басынан «Өрлеу» жобасы – отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасыға (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы жүйеге еңгізілді,
Жоспарланған әлеуметтік жұмыс бойынша 9 ассистент және 2 консультант 2014 жылдын 1 сәуірінен бастап жұмысқа қабылданды. «Өрлеу» жобасы бойынша әлеуметтік көмек алуға 77 отбасы 358 алушыға ұсыныс берді, 11 млн 964 мың теңге көлемінде көмек тағайындалып төленді.
Әлеуметтік көмек секторы арқылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2014 жылы барлығы 2425 мемлекеттік қызмет көрсетілді
2015 жылдың 1 қаңтарға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 150 адамды құрайды. Жұмыссыздар үлесі 0,7 пайыз.
Күнделікті өтініш білдірген жұмыссыз азаматтарды есепке ала отырып қызмет көрсету картасы толтырылып, базалық жүйеге енгізіледі. Мамандықтарына сәйкес бос жұмыс орындарына бағдарламалар бойынша жолдамалар беріледі.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 470 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланды, нақты 748 адам жұмыспен қамтылды, яғни 159,1 пайыз.
584 жаңа жұмыс орнын ашу қаралған, нақты 777 жаңа жұмыс орындары құрылды; яғни 133 пайызды құрайды.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген жұмыссыздар санының жұмысқа орналастыру деңгейі 95,2 пайызды құрайды.
Кәсіптік оқыту және қайта даярлауға 50 жұмыссыз тұлғаларды жіберуге 3745,0 мың теңге жоспарланып, нақты 51 адам жіберілді. Оның ішінде аспазшы-10, «Аспазшы- кондитер 7, «Шаштаразшы-6», «1С Есепші»-8, «Шаштараз-визажист»-2 адам, газэлектродәнекерлеуші -2, «Есепші»- 2, 10 адам «Іс-жүргізуші», «Оператор ЭВМ»-2 адам, 2 адам «Тігінші» мамандықтарына жіберілді. Игерілген қаржы 3745,0 мың теңге. Тұрақты жұмысқа 44 адам орналасты.
Жұмыс берушілер мен ауылдық және кент округтер берген тапсырысты жинақтап, оқыту орындарымен келісім шарт жасалып, жұмыссыздарды мамандықтары бойынша қысқа мерзімдік курстарға жіберіп оларға оқу ақысы, шәкірт ақы төлеуге тізім жасалады.
«Жастар іс-тәжірибесін өткізу» бағдарламасына арнаулы орта және жоғарғы білім орындарын бітірген 11 түлектер мамандықтарына сәйкес жұмыс берушілермен жасалған келісім-шарт негізінде жұмысқа жіберіліп, 1445,2 мың теңге көлемінде қаржы төленді. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 4 адам орналасты.
«Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша 15 адам жоспарланып, «Парасат», «Ерасыл», «Ырыс», «Шұғыла», «Ақбауыр», «Айдын», «Талап», «Бақыт», «Бейбарыс», «Дирмен» шаруа қожалықтарымен және «Жексембинов» жеке кәсіпкерімен келісім-шарт негізінде, нақты 19 адам жұмысқа жіберілді, игерілген қаржы 898,5 мың. теңге. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 14 адам орналасты.
«Ақылы қоғамдық жұмыстар» өткізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары аудан әкімінің қаулысы бойынша бекітіліп, 630 адамға 35000,0 мың. теңге жоспарланған, әкімдіктер мен мекемелер жасаған келісім-шарт негізінде нақты 642 адам жіберіліп, 35000,0 мың теңге қаржы төленді. Оның ішінде 172 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жұмыссыздардың санын азайтуға және аз қамтылған азаматтарды кедейлік шегінен шығару мақсатында «Көкөніс өсіретін бригадаларды құру» жобасы Тарғын, Аблакетка, Егінсу, ауылдық округтерінде іске асырылуы мақсатында аз қамтылған отбасыларынан жұмысқа жарамды азаматтар жұмысқа жіберілді. Тарғын ауылдық округі бойынша «Алтын төс» тұтыну кооперативінің құрамында 16 адам бар, олардың ішінде 2-еуі аз қамтылған отбасына жатады. Егіндала учаскесінен бөлінген 10 гектар жерге 20 тонна картоп салынды. Қыркүйек пен қазан аралығында картопты казу, түскен өнімді кептіріп, сұрыптау жұмыстары атқарылды. Бүгінгі күні алынған өнім 175,0 тонна.
Егінсу ауылдық округі бойынша 2014 жылы «Нурмухамед» шаруа қожалығы 10 га жерге картоп, 8 га сәбіз, 4 га жерге қызылша салды. Жұмыс істеп жүрген 18 адам, барлығы Оңтүстік Қазақстан облысынан келген азаматтар. Бүгінгі күні картоп 180,0 тонн, сәбіз 200,0 тонна, қызылша 100,0 тонна өнім алды.
2014 жылғы 12 қыркүйекте Қасым Қайсенов атындағы кентінде еңбек және отбасы күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.Ұлан ауданының жанұяларының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Еңбек күніне орай Ұлан ауданы әкімінің аппаратының басшысы Н.О Абдыкаримов көп жылдар бойы өз қызметін адал жауапкершілікпен атқарғаны үшін Н.С Сидороваға, М.А.Зуевке, Е.М.Егимбаевке төс белгілер мен сыйлықтар ұсынды. Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша үздік болған Ж.Е.Адылбекова «Үздік шаштараз», Б.Қайсенов, Е.Д.Абильмажинов -«Үздік механизатор» атағына ие болып,аудан әкімінің мадақтау граммотасымен марапатталды.
Облыс орталығына конкурсқа біздің ауданнан 4 адам: олар Касым Кайсенов кентінен, Кениг Диана- шаштараз мамандығы, Каменка ауылынан Зуев Михаил- сварщик, Бозанбай ауылынан Зейнешов Канат- электромонтер, Касым Кайсенов кентінен Смакова Гулсара, даяшы мамандығы бойынша қатысты.
2014 жылы ауданда 11 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлан ауданынының Қасым Қайсенов кентінде «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесе отырып, Жұмыспен қамту 2020 жол картасын» іске асыру мәселесі бойынша азаматтарды қабылдаудың бірегей күні» республикалық акцияның шеңберінде және әкімдіктермен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Ұлан ауданының әкімі, «Нұр Отан» халық-демократиялық партиясының Ұлан аудандық филиалының бірінші орынбасары, Ұлан ауданының білім беру бөлімінің бас маманы және «Ұлан ауданының мүгедектер ерікті қоғамы» ҚБ, «ШҚО Ұлан аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалы», Айтказина», «Акбауыр», «Парасат», «Агро-Бам», «Багратион – 2» ШҚ, «Молодежный» КМК, ««Асан-несие» КС», ««Р.Р» КС», «Кызыл барс» ЖШС және тағы да басқа Ұлан ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары мен өкілдері шақырылды.
Сондай-ақ, аталған жәрменкеге «Шығыс Қазақстан ауыл-шаруашылық колледжінің» түлектері қатысты.
Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша: аудан көлемінде барлығы адам 503 қатысты, соның ішінде 141 – кәсіпкер, 18 – адам жұмысқа орналасты, оқуға 12 жолдама берілді және 4 адам жастар іс-тәжірибесіне, 5 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 30 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді.
«Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 564 қаулысы Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2014 жылғы 5 маусымда № 3369 тіркелді. Барлық жекеменшік нысандағы мекемелер мен ұйымдарда жалпы жұмыс орны санының бір пайыз мөлшерінде квота белгіленді.
2014 жылы Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш білдірген барлығы 33 адам.
- 12 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босаған,
- 21 адам қоғамнан оқшауламай сотталған,
17 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде:
- 1 адам «Әлеуметтік жұмыс орнына», («Шұғыла» шаруа қожалығы). жолдама берілді.
- 4 адам өз- өзін қамтамасыз етуде.
- 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа қатысты.
Таврия ауылының тұрғыны Сакешов Бауыржан «Жұмыспен қамту 2020 жол карта» бағдарламасының екінші бағыты бойынша мал шаруашылығын дамытуға 3,0 млн теңге көлемінде несие алды. Сол ақшаға мал шаруашылығын дамытып, өзін- өзі жұмыспен қамтуда.
Жұмыссыз 4 адам, соның ішінде 2014 жылдың 31 желтоқсанға 4 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Аудан әкімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 984 «2015 жылға Ұлан ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысы негізінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар нысаналы топтар қатарына және қылмыстық-атқару инспекциясымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар енгізіліп, олармен күнделікті бақылауда және күнделікті жұмыстар жүргізілуде.
Ұлан ауданына 22 жылдың ішінде 9712 ағайындарымыз туған жеріне оралды. 2014 жылдың 1 желтоқсанға қандастарымыздың саны 769 жанұя, 3951 адамды құрайды. Соның ішінде: Ресей Федерациясынан 1, Тәжікстаннан 1, Өзбекстаннан 17, Монғолиядан 345, Қытай Халық Республикасынан 405 адам қоныс аударды.
Оралмандар арасында ауданымызда 258 зейнеткер, 158 студент, 925 оқушы, 510 мектеп жасына дейінгі балалар, 165 адам жоғары білімді, 1326 жеке негізінде жұмыс атқаратын, 597 адам жұмыс істейтін, 12 жұмыссыз. Өкінішке орай қоныс аударған азаматтар ішінде 132 мүгедек жандар да бар.
«Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде Курчатов қаласына 8 отбасы, Шығыс ауылына 30 отбасы қоныс аударды.
Ауданда 157 оралман шаруа қожалықтарын ашып, оларға 18000,0 га жер ауыл шаруашылық мақсатына қолдануға берілді.
2014 жылы 20 оралған қандастарымыз жұмыссыздыққа тіркелу үшін өтініш білдірген, оның ішінде 5 адам жұмысқа орналасты, 10 адам - ақылы қоғамдық жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орнына 2 адам, кәсіптік оқуға 3 адам жіберілді.
Жыл басынан жұмыспен қамту бөліміне 48 мүгедектер жұмыссыздыққа тіркелу үшін өтініш білдірді. Оның ішінде: жұмысқа 3 адам орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа 29 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 6 адам, қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға 7 адам жіберілді.
2014-2017 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту картасының» жүйесін аудан бойынша еңбек нарығының жинақ көрсеткішін порталда күнделікті толтырылып, мәліметтер енгізіледі.
Аудан бойынша 2014 жылғы «Жұмыспен қамту картасына» мәліметтер және үй-үйді аралау тізімі енгізіліп, бүгінгі күні берілген мәліметтерді бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыспен қамту секторы арқылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, 2014 жылы барлығы 2215 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Г. Калиева
Достарыңызбен бөлісу: |