190
2)
Тәжірибелік (кілтті сөз – компьютер). Мұнда компьютер
туралы ұғым дербес компьютерлік машина ретінде қалыптасады, ЭЕТ
әртүрлі қолдануды қарастырылады, балалар машинамен жұмыс
істеуге дағдыланады.
3)
Алгоритмдік (кілттік сөз – алгоритм, орындалу, бағдарлама).
Мұнда алгоритм ұғымы, алгоритмді және алгоритмдік есептерді
сабаққа қолдану қарастырылады. Нәтижесінде алгоритм, оны жазу
және орындау түрлері туралы түсінік қалыптасады.
4)
Зерттеу (кілттік сөз – шығармашылық). Мазмұны мен
әдістемесі шығармашылық, зерттеу сапаларының қалыптасуына
бағытталған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті
бастауыш білім беру стандартының жобысында «Информатика»
бойынша оқытылу мазмұны былай айқындалған:
Ақпарат
және
ақпараттық
моделдеу.
Ақпараттық
технологиялар. Қоршаған орта мен адам өміріндегі ақпарат. Ақпарат
көздері.
Ақпаратпен жұмыс: ақпаратты беру, іздеу, өзгерту, сақтау.
Қарапайым логикалық формулалар құру. Команда, команданы
орындаушы, алгоритм. Қарапайым алгоритмдік мысалдар.
Компьютермен жұмыс. Компьютер - негізгі құрал-жабдық.
Техника қауіпсіздігінің ережесі. Тышқан мен клавиатураны қолданып,
ақпараттық нысандармен жұмыс жасау іскерлігі. Оқу іс-әрекетінде
сандық фото және бейнекөрініс. Мәтін теру, көрініс құрау.
7.5. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы
оқытуды ұйымдастыру әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің
ерекшеліктері. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдістемесін
қарау үшін алдымен олардың ойлау қабілеті ерекшеліктерімен
танысқан абзал.
Мектепке алғаш келген оқушылардың ойы әлі өресіз болады.
Олардың ой-санасында қоршаған орта туралы әртүрлі ақылға
сыймайтын түсініктер байланысып жатады. Мектептегі оқудың ең
маңызды міндеті баланың ойлау қабілетін дамыту болып табылады.
Л.В. Выготский
1
айтқандай, бала мектеп жасына түйсігі мен
жадысы неғұрлым жақсы дамып, бірақ интеллект қызметі әлдеқайда
нашар дамыған күйінде келеді. Бірінші сынып оқушылары ашық түсті,
көңіл-күйді көтеретін материалды жеңіл әрі жылдам қабылдайды.
1
Выготский Лев Семенович (1896 -1934) – Кеңес психологы, психологияның тарихи-мәдени
теориясын жасаған.