184
1. Құндылықты-бағдарлы
құзыреттілік
–
оқушының
қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік
кұндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу
біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік
өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз
етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны-Қазақстан патриоты болу, азаматтық
белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік
жағдайларға баға бере білу.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – жалпы адамзаттық
мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және
қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің
мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге
мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен
қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өз халқының
мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға
мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру
тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына
бейім болу.
3. Оқу-танымдық құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті
мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді
кұзырлылық. Бұл кұзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра
білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық
талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын
түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге
мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау
тәсілдерін қарастырады.
4. Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет
пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда
жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді
орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін
байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас
дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай
білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай
білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық
объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және
интерпретациялау білігі.
6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік – отбасылық, еңбек,
экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді
азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл
185
құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді,
шешім қабыдлай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және
қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет
отбасылык, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар
саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен
тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық
жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің
мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу
және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу,
өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жене және қоғам пайдасына
сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
7.3. Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық
курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері
Білім берудің тиімділігін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор
оқытудағы үздіксіздік пен бірізділік болып табылады. Мұндағы
үздіксіздікті жалпы білім беру барысындағы бірінен-біріне жалғасып
отыратын, әрбір уақыт үзігінде оқушылардың тұрақты, объективті
және субъективті алға басуын қамтамасыз ететін мақсаттар жүйесі деп
түсінген жөн. Бірізділік деп білім берудің әртүрлі кезеңдері мен
үлгілері арасындағы үздіксіздікті атайды.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен
міндеттерін өзара үйлестіре отырып, информатиканы оқытудың екі
аспектісін бөліп айтуға болады, олар: технологиялық және жалпы
білім беру аспектілері.
Технологиялық жағдайда информатика білім беру әлеуетін
қалыптастыру құралы ретінде қаралады. Оның міндеті –оқушылардың
заманауи ақпараттық технологияларды қолдану ептіліктері мен
дағдыларын қалыптастыру. Осы міндетті жүзеге асыру үшін
мектептерді компьютерлермен және бағдарламалармен қамтамасыз
ету қажет. Бұған жоғары сыныптарда оқытқан жөн.
Жалпы білім беру жағдайында информатика логикалық ойлауды
дамыту, талдай білу, негізгісі мен қатыстысын айыра білу, әрекет
жоспарын сипаттай алу және логикалық қорытынды шығару құралы
ретінде қаралады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектепте
компьютердің болуы міндетті емес, сондықтан мұндай оқыту курсын
кез келген мектепте, кез келген шалғай жатқан қалашықта, кез келген
ауылда өткізуге болады.
Дамыған логикалық және жүйелі ойлай білумен қатар, тапқыр
әрі нәтижелі ойлай білуді талап ететін саналы шығармашылық қызмет
186
ретінде, компьютерде жұмыс жасау туралы қазіргі заман көзқарасы
бастауыш сыныпта информатиканы логикалық ойлау қабілетін және
шығармашылық қиялды бір мезгілде дамытуға бағытталған.
Сондықтан
бастауыш
мектепте
информатиканың
про-
педевтикалық курсын оқытудың негізгі мақсаттары мен
міндеттерін былай тұжырымдауға болады:
компьютерлік сауттылықтың бастамаларын қалыптастыру;
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
алгоритмдік дағдыларын және есептерді жүйелі бірізді шешу
әдеттерін дамыту;
қарапайым компьютерлік дағдыларын (компьютермен,
ақпараттық технологиялардың қарапайым ұғымдарымен танысу)
қалыптастыру.
Информатиканы үйренуді бастаған кезде алгоритмдеу негіздерін
жоғары сыныптарда бердік. Бүгінде тәжірибе көрсеткендей, бұл
мөселені бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сынып
оқушысының алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы
үйренуге өте қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей
жоспар құра білуі қалыптасып, оқытуға жақсы жағдай туғызады.
Пропедевтикалық курста жоғарыда аталған мақсаттар мен
міндеттерді бүтіндей іске асырылса, онда осы курсты меңгерген
төменгі сынып оқушылары келесі дағдылар мен ептіліктерге ие
болады: салыстыра білу, сараптау, жалпылау, абстракциялау,
құрылымдық, иерархиялық және себеп-салдарлық байланыстарды
көру.
Басқа тұрғыдан қарағанда, бұл ептіліктер «логикалық ойлау»
тобына жатады. Психологтар логикалық ойлау қабілетінің дамуында
белгілі бір жас ерекшелік шегі бар екендігін айтады, олар бастауыш
мектептегі оқу мерзімімен шамалас. Логикалық ойлаудың дамуы
кешіксе, ол өмір бойына созылуы мүмкін.
Білім берудің жалпы мақсаты мемлекетпен алдын ала беріліп
тұрады, ол үкім шығарушы база негізінде өзінің жалпы педагогикалық
принциптерін қалыптастырады. Бірінші орында тұрған принцип: білім
берудің ізгіліктілігі, жалпы адами құндылықтардың маңыздысы,
адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның дамуы, азаматтылық пен
Отанға деген махаббатын тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасындағы білім беру салалары мынадай:
мәдениетті, жеке дами алатын, қоғам алдындағы міндетін білетін,
құқығын, өзге адамдардың бостандығын қадірлейтін тұлғаны
қалыптастыру мақсатын қояды. Осы қағидалар аясында жалпы білім
беру мектебінің басты міндеттері туындайды:
Достарыңызбен бөлісу: |