Бұл әдістеме халыққа қызмет көрсетуде жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдық



жүктеу 5,38 Kb.
Pdf просмотр
бет21/38
Дата22.05.2018
өлшемі5,38 Kb.
#16119
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

44 
 
- егер  бос  жұмыс  орны  іс  жүзінде  толтырылған,  бірақ  «Еңбек  нарығы»  ААЖ-да 
тиісті белгі қойылмай калса; 
- егер  HR-промоутер  бос  жұмыс  орнын  толтыру  үшін  қажетті  жұмыстарды 
жүргізбеген болса. 
Бос  жұмыс  орнын  толтыру  фактісі  расталған  жағдайда  Жұмыс  берушілерді 
қолдау  бөлімінің  HR-промоутері  «Еңбек  нарығы»  ААЖ-дағы  мəліметтерді  тексереді 
жəне бос жұмыс орнына жəне осы жұмысқа қабылданған жұмыс іздеушінің мəртебесіне 
қажетті өзгертулер енгізеді. 
Егер  бос  жұмыс  орны  «Еңбек  нарығы»  ААЖ-да  тіркелген  сəттен  бастап  10  (он) 
жұмыс  күні  ішінде  толтырылмаса,  HR-промоутер  Жұмыс  берушілерді  қолдау  бөлімінің 
жетекшісіне тиісті ақпаратты ұсынады. 
113.  Бос  жұмыс  орындарының  мониторингі  бизнес-процесі  қосымшада 
көрсетілген (16-қосымша). 
 
 


45 
 
8. Жұмыс  іздеушіні  қысқа  мерзімді  кəсіптік  оқытуға  жіберу  кезіндегі 
халықты 
жұмыспен 
қамту 
орталығының 
құрылымдық 
бөлімшелерінің 
(қызметкерлерінің) əрекет ету тəртібі 
 
8.1  Еңбек  нарығындағы  сұранысқа  ие  мамандықтар  тізбесін  дайындау 
рəсімі 
114. Оқыту бөлімінің маманы ресми сұрау жібереді: 
- жұмыс 
берушілердің 
өтініштері 
негізінде 
қалыптасқан 
сұранысқа 
ие 
мамандықтар тізімін беру туралы «Атамекен» ӨКП-ге; 
- аймақтың  əлеуметтік-экономикалық  дамуын  талдау  негізінде  қалыптасқан 
сұранысқа ие мамандықтар тізімін беру туралы жергілікті уəкілетті органдарға. 
115.  Жұмыс  берушілерді  қолдау  бөлімі  Оқыту  бөліміне  жұмыс  берушілердің 
өтініштері негізінде қалыптастырылған, сұранысқа ие мамандықтар тізбесін ұсынады. 
Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджері  Оқыту  бөліміне  жұмыс 
іздеушілер қысқамерзімді оқытудан өтуге келіскен мамандықтар тізбесін ұсынады. 
116.  Оқыту  бөлімінің  маманы  Жұмыс  берушілерді  қолдау  бөлімі  жəне  Жұмыс 
іздеушілерді  қолдау  бөлімімен  сұранысқа  ие  мамандықтар  тізбесін  салыстыру  үшін 
кеңестер жүргізеді. 
117. Оқыту бөлімінің маманы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін жəне білім беру 
мекемелерінің 
(оқу 
орталықтарының) 
тізбесін 
аудандық 
(қалалық) 
комиссия 
отырысының қарауы үшін қалыптастырады жəне жібереді. 
 
8.2  Жұмыс  іздеушіні  қысқамерзімді  кəсіптік  оқытуға  жіберуге  жолдама 
дайындау рəсімі 
118.  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджері  жұмыс  іздеушіге 
қысқамерзімді кəсіптік оқыту туралы қажетті ақпаратты ұсынады. 
Жұмыс іздеуші қысқамерзімді кəсіптік оқытуға баруға келісімін білдіреді. 
119.  Жұмыс  іздеуші  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджеріне  келесі 
құжаттарды ұсынады: 
- өтініш; 
- жеке басын куəландыратын құжат; 
- бiлiмі,  бiлiктiлiгі,  арнайы  бiлiмінің  немесе  кəсіптік  дайындығының  болуы  туралы 
құжат; 
- 086-у формасындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама; 
- екінші деңгейдегі банктен 20-таңбалы шот ашу туралы анықтама. 
Менеджер  жұмыс  іздеуші  ұсынған  құжаттарды  қарастырады  жəне  құжаттар 
пакетін қалыптастырады. 
120.  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджері  қысқамерзімді  кəсіптік 
оқытуға  қатысатын  жұмыс  іздеушілердің  тізімін  жасайды  жəне  оны  Оқыту  бөліміне 
жібереді. 
121.  Оқыту  бөлімі  қысқамерзімді  кəсіптік  оқытуға  қатысатын  жұмыс  іздеушілер 
тізімін аудандық (қалалық) комиссия отырысының қарауына жібереді. 
Аудандық  (қалалық)  комиссияның  шешімімен  бекітілген  қысқамерзімді  оқытуға 
қатысатын  жұмыс  іздеушілердің  тізімін  Оқыту  бөлімі  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау 
бөліміне жібереді. 
Оқыту  бөлімінің  маманы  жұмыс  іздеушіні  қысқамерзімді  кəсіптік  оқытуға 
жіберілген адам ретінде «Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркейді. 
 
8.3  Жұмыс іздеушілерді қысқамерзімді кəсіптік оқытуға жіберу рəсімі  
122.  Жұмыс  іздеушіні  қысқамерзімді  оқытуға  жіберу  туралы  аудандық  (қалалық) 
комиссияның  шешімі  негізінде  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджері  еркін 


46 
 
түрде  (телефон  жəне/немесе  пошта арқылы,  соның  ішінде  электрондық  пошта)  жұмыс 
іздеушіні хабардар етеді жəне ЖҚО-ға келуге шақырады. 
123. Жұмыс іздеуші оны қысқамерзімді оқытуға жіберуге келісімін білдіреді. 
124.  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджері  жұмыс  іздеушіге 
қысқамерзімді кəсіптік оқытуға жолдама береді. 
125. 
Жұмыс 
іздеушілерді 
қолдау 
бөлімінің 
менеджері 
жұмыс 
іздеуші 
қабылданғаннан  кейін  5  (бес)  жұмыс  күнінен  кешіктірмей,  білім  беру  ұйымдарынан 
қабылданған  Жұмыспен  қамту  бағдарламасының  қатысушыларының  тізімдері  мен 
қабылдау бұйрықтарының көшірмесін алады. 
 
8.4  Жұмыс 
іздеушілерді 
қысқамерзімді 
кəсіптік 
оқыту 
процесінің 
мониторингі рəсімі 
126.  Оқыту  бөлімінің  маманы  қысқамерзімді  кəсіптік  оқыту  барысы  туралы  білім 
беру ұйымдарынан ай сайынғы есеп алады. 
Оқыту  бөлімінің  маманы  қысқамерзімді  кəсіптік  оқыту  процесінің  мониторингін 
жүргізеді. 
Егер  жұмыс  іздеуші  қысқамерзімді  кəсіптік  оқытуға  бармай  жүрген  болса,  Оқыту 
бөлімінің  маманы  бұл  туралы  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөліміне  хабарлап,  оқытуға 
бармай жүрген адамдардың тізімін жібереді. 
Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджері  еркін  түрде  (телефон 
жəне/немесе пошта арқылы, соның ішінде электрондық пошта) жұмыс іздеушіден оның 
қысқамерзімді  кəсіптік  оқытуға  қатыспау  себебін  біледі  жəне  оқытуға  бас  тартқан 
жағдайда туындайтын салдарлар туралы хабарлайды. 
127.  Оқыту  бөлімінің  маманы  білім  беру  ұйымдарынан  қысқамерзімді  кəсіптік 
оқытуды бітіргендердің тізімін алады. 
128.  Оқыту  бөлімінің  маманы  қысқамерзімді  кəсіптік  оқытуды  бітірген 
адамдардың  тізімін  ары  қарай  жұмыс  істеу  үшін  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөліміне 
береді.  Сонымен  қатар  ол  оқытуды  аяқтаған  адамдардың  жұмысқа  орналасуына 
мониторинг жүргізеді. 
129.  Оқыту  бөлімінің  маманы  ай  сайын  қысқамерзімді  кəсіптік  оқыту  нəтижелері 
бойынша  халықты  жұмыспен  қамту  мəселелері  жөніндегі  жергілікті  органға 
статистикалық есеп беріп отырады. 
130.  Жұмыс  іздеушіні  қысқамерзімді  кəсіптік  оқытуға  жіберу  бизнес-процесі 
қосымшада көрсетілген (11-қосымша). 
 
 


жүктеу 5,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау