Бұл әдістеме халыққа қызмет көрсетуде жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдық



жүктеу 5,38 Kb.
Pdf просмотр
бет33/38
Дата22.05.2018
өлшемі5,38 Kb.
#16119
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

77 
 
Жұмыс іздеуші міндетті: 
- жұмыс іздеуге қызығушылық танытуға; 
- жоспарда белгіленген шараларды орындауға жəне кездесулерге баруға; 
-  Халықты  жұмыспен  қамту  орталығының  қызметкеріне  жоспарды  орындау  туралы, 
сонымен  қатар,  жұмыс  іздеуші  үшін  жұмыс  іздеуді  ең  тиімді  əдістермен  жүзеге  асыруға 
көмектесетін  ақпараттарды,  белгіленген  кездесулер  мен  жұмысқа  орналасу  бойынша 
шараларға  қатысуға  мүмкіндігінің  жоқтығын  оларға  қатысу  жоспарланбай  тұрып 
хабарлауға; 
- қажет болғанда Халықты жұмыспен қамту орталығына баруға. 
 
 
Жұмысқа  орналастыру  жеке  жоспары  201  …  жылғы  «…»……………………..дейін  қолданыста 
болады 
 
 
 
Жұмыс іздеуші туралы ақпарат 
Жұмыспен қамту орталығының 
маманы туралы ақпарат 
 
Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің 
менеджері 
 
 
(Жұмыс іздеушінің ТАӘ) 
(ТАӘ) 
 
 
(қолы) 
(қолы) 
ЖСН : 
Байланыс телефоны: 
Телефон: 
Электрондық пошта: 
 
 
«….»……………………… 201..… жыл 
«….»……………………… 201…… жыл 


78 
 
7-қосымша. 
Жұмыс  іздеп  жүрген  адамдар  мен  жұмыссыздарды  тіркеу  бизнес-
процесі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


79 
 
8-қосымша. 
Жұмыс 
берушілермен 
серіктестік 
пен 
мақсатты 
жұмыс 
стратегиясын құрылымы мен мазмұны 
 
Жұмыс берушілермен серіктестік жəне мақсатты жұмыс  
стратегиясы 
 
Кіріспе 
Бұл  стратегия  жергілікті  еңбек  нарығындағы  жұмыс  берушілердің  мақсатты  топтарын 
тарту жəне олар үшін қажетті кадрларды  іздеу бойынша Жұмыспен  қамту орталығының негізгі 
қызмет бағыттарын анықтайды. 
Стратегияны  тиімді  іске  асыру,  бір  жағынан,  Жаңғыру  3.0  жағдайында  еңбек 
ресурстарының  күтілетін  босатылуын,  екінші  жағынан,  жергілікті  экономиканың  қарқынды 
дамып  келе  жатқан  секторлары  үшін  кадрларға  қажеттілікті  қамтамасыз  етуді  ескере  отырып, 
жергілікті нарықта сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Жалпы,  жұмыспен  қамту  орталықтарының  жұмыс  берушілерге  қатысты  таргеттеу, 
олардың  кадрларды  іріктеу  бойынша  қызметтердің  кəсіби  жеткізушілері  ретінде  қалыптасуын 
қамтамасыз етеді жəне жергілікті жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту орталықтарына 
деген сенімін нығайтады. 
 
Құрылымы 
1. Жергілікті еңбек нарығын талдау. 
2.  Жергілікті еңбек нарығының таргетті секторлары жəне жұмыс берушілердің  мақсатты 
топтары. 
3. Жұмыс берушілердің мақсатты топтарын серіктестікке тартудың негізгі механизмдері. 
4. Жұмыс берушілердің мақсатты топтары үшін HR-қызметі ретінде қызмет. 
5. Стратегияның нəтижелілігінің негізгі көрсеткіштері. 
 
Жергілікті еңбек нарығын талдау 
«Жергілікті  еңбек  нарығын  талдау»  бөлімінде  жұмыс  күшіне  ағымдағы  жəне 
болжамалы сұраныс пен ұсыныс анықталады. 
Жергілікті  еңбек  нарығының  дамуына  əсер  ететін  негізгі  факторлардың  ішінен  егжей-
тегжейлі зерттеледі: 
1.  Негізгі  əлеуметтік-экономикалық  индикаторлар  (жалпы  өңірлік  өнім,  экономикалық 
белсенді халық, жұмыссыздық деңгейі, жалақы жəне т.б.); 
2.  Аймақ  экономикасының  құрылымы:  өсімнің  басымды  салалары,  қарқынды  дамушы 
салалар, ең көп жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін секторлар анықталады; 
3. Кəсіптер мен біліктілік деңгейлері бойынша жұмыс күшіне сұраныс; 
4.  Демографиялық  жəне  еңбек  əлеуеті:  жұмыс  күшінің  ұсынысын  бағалау,  біліктілік 
деңгейі, бейресми жұмыспен қамту деңгейі жəне басқалар. 
 
Жергілікті  еңбек  нарығының  таргетті  секторлары  жəне  жұмыс  берушілердің 
мақсатты топтары 
«Жергілікті  еңбек  нарығының  таргетті  секторлары  жəне  жұмыс  берушілердің  мақсатты 
топтары»  бөлімінде  жергілікті  еңбек  нарығының жағдайын бағалауды  ескере  отырып,  халықты 
жұмыспен  қамту  орталығының  жұмысы  бағытталатын  жұмыс  берушілердің  мақсатты  топтары 
анықталды. 
Жұмыс  берушілердің  мақсатты  топтарын  анықтау  Өңірлік  кəсіпкерлер  палатасымен, 
экономикалық  даму  мəселелері  бойынша  жергілікті  өкілетті  органдармен  бірлесе  жүзеге 
асырылады. 
 
Жұмыс 
берушілердің 
мақсатты 
топтарын 
серіктестікке 
тартудың 
негізгі 
механизмдері 
«Жұмыс  берушілердің  мақсатты  топтарын  серіктестікке  тартудың  негізгі  механизмдері» 
бөлімінде  халықты  жұмыспен  қамту  орталығының  жұмыс  берушілердің  мақсатты  топтарымен 
өзара əрекеттестік құралдары анықталады. 
Ол құралдар келесілерді қамтуы, бірақ олармен шектелмеуі керек: 


80 
 
-  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  ұсынатын  барлық  қызметтерді  көрсететін,  жұмыс 
берушілердің мақсатты топтарына арналған роуд-шоуды ұйымдастыру; 
-  халықты  жұмыспен  қамту  орталығының  базасында  жəне/немесе  жұмыс  берушілердің 
базасында жұмыс берушілерге жеке кеңес беру; 
-  жұмыс  берушілерге  халықты  жұмыспен  қамту  орталығының  жеке  менеджерін 
(байланыс тұлғасын) бекіту; 
-  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  мен  жұмыс  берушілер  арасындағы  серіктестік 
туралы меморандумдарға қол қою. 
 
Жұмыс берушілердің мақсатты топтары үшін HR-қызметі ретінде қызмет 
«Жұмыс  берушілердің  мақсатты  топтары  үшін  HR-қызметі  ретінде  қызмет»  бөлімінде 
халықты  жұмыспен  қамту  орталығының  жұмыс  берушілердің  мақсатты  топтарымен  негізгі 
қызметі бағыттары көрсетіледі. 
Оларға кіреді: 
-  алдын-ала  келісілген  талаптар  жиынтығы  (біліктілікке  қойылатын  талаптар)  бойынша 
жұмыс  берушінің  кадрларға  қажеттілігін  анықтау,  сонымен  бірге,  жұмыс  берушінің  қызмет 
түріне  байланысты,  өлшемдердің  жиынтығы  кадрларды  іздеудің  əрбір  нақты  жағдайында 
кеңейтілуі мүмкін; 
- белгіленген формада бос жұмыс орындарын қабылдау; 
-  жұмыс  берушінің  талаптарына  сəйкес  (мамандық,  лауазым,  кəсіби  даярлық  жəне 
біліктілік  деңгейі,  жұмыс  тəжірибесі,  жалпы  дағдылары,  жалақы,  жұмыс  уақытының  режимі) 
халықты  жұмыспен  қамту  орталығына  өтініш  білдіргендердің  арасынан,  сондай-ақ  Enbek.kz 
порталын қолданушылар арасынан жұмыс іздеушілерді іріктеу; 
-  жұмыс  іздеушілердің  жұмыс  берушілермен  сұхбаттасуын  ұйымдастыру,  соның  ішінде 
халықты жұмыспен қамту орталығы базасында; 
-  Нəтижелі  жұмыспен  қамтуды  жəне  жаппай  кəсіпкерлікті  дамытудың  бағдарламасы 
бойынша мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарын құру; 
-  жұмыс  берушілердің  тапсырыстары  бойынша  жұмыс  берушілердің  оқу  орталықтары 
базасында  жəне  білім  беру  мекемелерінің  базасында  қысқамерзімді  оқыту  курстарын 
ұйымдастыру. 
 
Стратегия нəтижелілігінің негізгі көрсеткіштері 
Стратегияны  жүзеге  асыру  мониторингін  жəне  бағалауды,  оны  уақтылы  түзетуді 
қамтамасыз ету үшін нəтижелілік индикаторлары белгіленеді: 
-  мақсатты топтарға кіретін, серіктестікке тартылған жұмыс берушілер саны; 
-  жұмыс берушілердің мақсатты топтарынан тіркелген бос жұмыс орындардың саны; 
-  халықты  жұмыспен  қамту  орталығына  тиесілі  жұмыс  берушілердің  мақсатты 
топтарының бос жұмыс орындары бойынша жұмысқа орналастыру үлесі. 
Халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  стратегияны  іске  асырудың  ай  сайынғы 
мониторингін  жүзеге  асырады,  сондай-ақ  қызмет  көрсету  сапасын  жақсарту  үшін  жұмыс 
берушілермен кері байланыс орнатады. 


жүктеу 5,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау