60
Процес
Жұмыс берушілер
Жұмыс іздеушілер
5-қадам:
Уақыттық
шектерді белгілеу – қандай
мерзімде?
Көрсеткіш мəнінің уақыт
ішінде өзгеруі
2018
жылы
ЖҚО-да
экономиканың
дамушы
салаларындағы тіркелген
жұмыс берушілер
саны
1000
бірліктен
5000
бірлікке артты
2018
жылдың
1-
тоқсанында
ЖҚО
жұмысқа
орналастырған
үшінші санаттағы жұмыс
іздеушілердің саны 500
адамнан
1000
адамға
артты
185. ЖҚО-ның қызмет көрсету көрсеткіштерінің мақсаттық мəндері жоспарланған
нəтижелер мен мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу дəрежесін анықтайтын жоспарлық
сандар болып табылады.
ЖҚО-ның қызмет нəтижелерінің мақсаттық көрсеткіштерін белгілеудің көздері:
- ЖҚО мен уəкілетті мемлекеттік органның ішкі көздері (ведомстволық есептілік
жəне статистика);
- мемлекеттік статистика, қоғамдық пікірді социологиялық зерттеу;
- мемлекеттік жəне үкіметтік бағдарламалар.
Мысалы, нəтижелердің əр көрсеткіші үшін есептік деректердің көзі (9-кесте жəне
10-кесте) «Еңбек нарығы» ААЖ болып табылады.
ЖҚО-ның қызмет нəтижелері көрсеткіштерінің мақсаттық мəндері келесілерді
ескеріп жəне негізге алып белгіленеді:
- аймақ дамуының басым бағыттары,
- өткен кезеңдердегі көрсеткіштердің мəндері,
- басқа ЖҚО қолданылатын жəне қол жеткізілген көрсеткіштер.
186. Қажет болған жағдайда жоспарлық кезеңде қол жеткізуге болатын аралық
міндеттер (межелер) белгіленуі мүмкін. Бұл мақсатқа қол жеткізуді тексеруге
көмектеседі жəне ЖҚО қызметі мен оның нəтижелерге жетуін бағалау үшін жақсы негіз
береді.
187. Нəтижелер көрсеткіштері бойынша деректерді жинау "Еңбек нарығы" ААЖ
арқылы жүзеге асырылады.
188. Бұдан басқа, ЖҚО анықтауы қажет:
- ЖҚО-ның қай қызметкері деректерді жинайды;
- деректерді жинау мерзімділігі;
- алынған деректерді өңдеу жəне талдау əдістері;
- ЖҚО-ның қай қызметкері деректерді талдап, есеп береді.
189. Мониторинг процесінде ЖҚО қызметін басқару процесінде пайдаланылатын
деректерді ғана жинау керек. Пайдаланылмайтын деректерді жинаудың қажеті жоқ.
6. Мониторинг деректері бойынша есеп
190. Есеп беру – бұл ЖҚО қызметінің мониторингінің маңызды кезеңдерінің бірі.
Нəтижелер мониторингі бойынша есеп «Еңбек нарығы» ААЖ-да жасалады.
Нəтижелер мониторингі бойынша негізгі есеп ЖҚО-ның қызмет жоспарында
көрсетілген нəтижелердің негізгі көрсеткіштері тізбесін қамтуы тиіс.
Әрбір көрсеткіш бойынша өткен қаржы жылында іс жүзінде қол жеткізілген жəне
жоспарлық көрсеткіштер көрсетілуі керек.
12-кесте. Нəтижелерді бақылау есебінің пішімінің үлгісі
1-бөлім. Нəтижелерге қол жеткізу
№
Көрсеткіш
Жылға
жоспар
Тоқсанға
жоспар
Тоқсан
ішіндегі
Тоқсан
соңындағы
61
факт
факт
2-бөлім. Іс-шараларды орындау
№
Есептік кезеңде өткізілген іс-шаралар (жоспарға
сəйкес)
Нəтиже
3-бөлім. Сипаттама бөлімі
ЖҚО жұмысындағы жетістіктерді сипаттаңыз
Мəселелерді сипаттаңыз
ЖҚО қызметін жақсарту үшін қандай шаралар қолданасыз?
ЖҚО ағымдағы қызметін жүзеге асыру туралы қосымша
191. Сонымен қатар, ЖҚО басшыларына басқару шешімдерін қабылдау үшін
керек ақпаратты алу мақсатымен ішкі пайдалануға қажетті мониторинг деректері
негізінде есептер жасалуы мүмкін (мысалы, қосымша көрсеткіштер бойынша, 10-кесте).
192. Есептерде есептік кезеңде жоспарлаған негізгі іс-шаралар мен олардың
орындалу мəртебесі көрсетілген бөлек бөлімдердің болуы ұсынылады.
Бұдан басқа, есепте ЖҚО-ның қызмет нəтижелеріне жетпеген барлық
жағдайлардың сипаттамасы мен түсіндірмесі беріледі, соның ішінде:
- нəтижелерге жетпеудің себептері;
- қойылған нəтижелерге жетуді қамтамасыз ететін қосымша іс-шаралар
жоспарлары мен күнтізбелік кестесі.
Бірақ кез-келген жағдайда жасалатын есептік нысандары қарапайым жəне
түсінікті болуы керек, сонымен бірге шешім қабылдайтын тұлғалардың ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Деректердің субъективтілігін болдырмау үшін,
есептерді дайындау жəне беру мəселелері бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтарды
əзірлеу қажет.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметінің мониторингі деректерін
тарату жəне пайдалану
193. Мониторинг жүйесі ЖҚО қызметінің көрсеткіштері туралы ақпаратты жинау
жəне сақтау ғана емес.
Деректерді жинау мен мониторингтің түпкі мақсаты осы ақпаратты шешімдер
қабылдау процесінде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
ЖҚО басшылары бұл мəліметтерді жедел шешімдер қабылдау, ЖҚО
қызметіндегі проблемалық жерлерді анықтау жəне ресурстарды бөлу үшін жүйелі түрде
пайдалануы керек. Бұл мониторингтің ең маңызды қадамдарының бірі.
Егер мониторинг процесінде алынған мəліметтер ЖҚО-ның бөлімдері мен
қызметкерлерін күнделікті басқаруға интеграцияланған, ал негізгі қорытындылары мен
ақпарат барлық мүдделі қатысушыларға берілетін болса, неғұрлым пайдалы болады.
Барлық қызметкерлер ЖҚО-ның жұмыс бағыттарындағы жетістіктер, кемшіліктер
немесе өзгерістер туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін, бұл ақпаратты
Достарыңызбен бөлісу: |