47
9. Жұмыс іздеушіні кəсіптік бағдарлауды ұйымдастыру кезіндегі халықты
жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
əрекет ету тəртібі
9.1 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, оралмандар, жұмыс
ізде іздеп жүрген адамдар арасында кəсіптік бағдарлау жүргізу рəсімі
131. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеушілерге кəсіптік
бағдарлау қызметтерін ұсынады.
132. Жұмыс іздеуші кəсіптік бағдарлау өтуге келісімін білдіреді.
133. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеушіні Кəсіптік
бағдарлау маманына немесе өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына жібереді.
134. Жұмыс іздеуші Кəсіптік бағдарлау маманына жеке куəлігін көрсетеді.
Кəсіптік бағдарлау маманы жұмыс іздеушіге кəсіби диагностика тестін жүргізеді,
оған тест нəтижелері бойынша кеңес береді, жұмыс іздеушіге жергілікті еңбек
нарығындағы үрдістер, сұраныс пен ұсыныстар туралы хабарлайды.
135. Жұмыс іздеуші кəсіби диагностика тестін өткеннен кейін, Кəсіптік бағдарлау
маманы тестілеу нəтижелерін береді жəне жұмыс іздеушіні Жұмыс іздеушілерді қолдау
бөлімінің менеджеріне жібереді.
136. Жұмыс іздеуші кəсіби диагностика тестін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында
өткеннен кейін, Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің кеңесшісі тестілеу нəтижелерін
береді жəне жұмыс іздеушіні Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджеріне
жібереді
137. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, оралмандар, жұмыс іздеп
жүрген адамдар арасында кəсіптік бағдарлау жүргізу бизнес-процесі қосымшада
көрсетілген (12-қосымша).
9.2 Жалпы
білім
беру
мектептерінің
жоғарғы
сынып
оқушылары,
студенттер арасында кəсіптік бағдарлау жүргізу рəсімі
138. Кəсіби бағдарлау маманы ресми сұрау жібереді:
- жұмыс
берушілердің
өтініштері
негізінде
қалыптасқан
сұранысқа
ие
мамандықтар тізімін беру туралы «Атамекен» ӨКП-ге;
- орта мектептер мен колледждер тізімін беру туралы əкімдіктің білім бөліміне.
Оқыту бөлімі Кəсіптік бағдарлау маманына сұранысқа ие мамандықтардың тізімін
жібереді.
Болжау бөлімі Кəсіптік бағдарлау маманына еңбек күшіне деген болжамды
сұранысты жібереді.
139. Кəсіптік бағдарлау маманы орта мектептер мен колледждерге оқушылар
арасында кəсіп таңдау негіздерін түсіндіру бойынша ашық сабақтар өткізу туралы
ресми сұрау жібереді.
140.
Кəсіптік
бағдарлау
маманы
орта
мектептер
мен
колледждердің
басшылығымен бірлесіп, ашық сабақтар өткізу кестесін жасайды.
141. Кəсіптік бағдарлау маманы «Атамекен» ӨКП-ге орта мектептер мен
колледждерде ашық сабақтардың өту кестесін, ашық сабақтарға қатысуға жұмыс
берушiлерді (кəсіпкерлерді) шақыру туралы ресми өтініш жібереді.
142. Оқыту бөлімі орта мектептер, колледждер жəне ЖҚО базасында ашық
сабақтар өткізеді.
143. Жалпы білім беру мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары, студенттер
арасында кəсіптік бағдарлау жүргізу бизнес-процесі қосымшада көрсетілген (12-
қосымша).
48
10.
Жұмыс іздеушіні уақытша жұмыс орындарына жіберу кезінде
халықты
жұмыспен
қамту
орталығының
құрылымдық
бөлімшелерінің
(жұмыскерлерінің) əрекет ету тəртібі
10.1 Уақытша жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілермен
өзара əрекеттесу рəсімі
144. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің HR-промоутері уақытша жұмыс
орындарын құру жəне оның қаржыландырылуы туралы жұмыс берушілерге кеңес
береді.
145. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің HR-промоутері уақытша жұмыс
орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден тапсырыстар жинайды, уақытша жұмыс
орындарының тізімін қалыптастырады жəне оны аудандық (қалалық) комиссияның
отырысына қарауға жібереді.
146. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі аудандық (қалалық) комиссияның шешімі
негізінде:
- «Еңбек нарығы» ААЖ-ға бос уақытша жұмыс орындарының болуы туралы
ақпарат енгізеді;
- уақытша жұмыс орындарына жұмыс іздеушілерді жіберу бойынша жұмыс
берушілермен келісім-шарт жасайды.
Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі Жұмыс іздеушілерді қолдау бөліміне уақытша
жұмыс орындарының тізімін жібереді.
10.2 Жұмыс іздеушілерді уақытша жұмыс орындарына жіберу рəсімі
147. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері тіркелген жұмыссыздардың
қатарындағы жұмыс іздеушіге уақытша жұмыс орындары туралы мəліметтерді ұсынады
жəне уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды ұсынады.
148. Жұмыс іздеуші уақытша жұмыс орнына жұмысқа орналасуға келісім
білдіреді.
149. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері қажетті құжаттарды
жинайды.
150. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеуші үшін «Еңбек
нарығы» ААЖ-да уақытша жұмыс орнына лайықты жұмыс түрлерін қарастырады.
151. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеушіге жұмыс
берушімен сұхбаттасуға жолдама береді.
152. Жұмыс іздеушілерді уақытша жұмыс орындарына жіберу бизнес-процесі
қосымшада көрсетілген (13-қосымша).
10.3 Уақытша жұмыс орындарындағы жұмыс іздеушілердің жұмысының
мониторингі рəсімі
153. Мониторинг бөлімі уақытша жұмыс орындарындағы еңбек қызметінің
мониторингін жүргізеді, халықты жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі жергілікті
органға уақытша жұмыс орындарындары бойынша есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |