Бұл әдістеме халыққа қызмет көрсетуде жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдық



жүктеу 5,38 Kb.
Pdf просмотр
бет23/38
Дата22.05.2018
өлшемі5,38 Kb.
#16119
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

49 
 
11. 
Микрокредит  беру  бойынша  кеңестер  беру  кезіндегі  халықты 
жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) 
əрекет ету тəртібі 
154.  Жұмыс  іздеушілермен  жұмыс  бойынша  менеджер  азаматтарға  кəсіпкерлік 
қызметке  жəрдемдесу  жəне  Жұмыспен  қамту  бағдарламасының  қатысушыларына 
сəйкестікке  тексеруден  өту  шаралары  бойынша,  микрокредит  берудің  ережелері  мен 
шарттары туралы кеңес береді.  
155.  Ісін  жаңа  бастаған  кəсіпкерлер  кəсіпкерлік  негіздері  бойынша  оқыту 
курстарына қатысуға жіберіледі. 
156.  Жұмыс  іздеушілер  Жұмыс  іздеушілермен  жұмыс  бойынша  менеджермен 
«Еңбек  нарығы»  ААЖ-дағы  тексеріс  нəтижелері  бойынша  жəне  оқу  курстарын  аяқтау 
туралы сертификаттарымен (егер бар болса) ЕДБ-ға (МҚҰ-ға) жіберіледі. 
 
 


50 
 
4-тарау  Халықты  жұмыспен  қамту  орталығының  қызметін  нəтижелер 
бойынша басқару 
 
1. Халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  қызметінің  мақсаттары,  міндеттері 
жəне нəтижелері 
157. ЖҚО қызметінің нақты анықталған мақсаттары мен міндеттері болуы керек. 
ЖҚО өз қызметінің мақсаттарына жетуге күш салуы керек. 
ЖҚО  қызметінің  мақсаты  ЖҚО  құзыретіндегі  аймақ  дамуының  ұзақмерзімді 
басымдықтарына сəйкес келуі тиіс, яғни ЖҚО өз үлесін қосатын аймақтың стратегиялық 
мақсаттарына сəйкес болуы керек. 
ЖҚО  қызметінің  мақсаты,  мысалы,  келесідей  болуы  мүмкін:  «Жұмыс 
іздеушілерді 
жұмыс 
берушілердің 
талаптарына 
сəйкес 
тұрақты 
жұмыс 
орындарына орналастыру» (5-диаграмма). 
158.  ЖҚО  қызметінің  мақсаты  міндеттер  жиынтығын  іске  асыру  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Іс  жүзінде,  міндеттер  ЖҚО  қызметінің  бағыттарын  немесе  ЖҚО 
ұсынатын қызметтер жиынтығын анықтайды. 
Міндет  ЖҚО  қызметін  сыртқы  тұтынушылардың    нақты  шеңберін  (жұмыс 
іздеушілер мен жұмыс берушілер) анықтайды. 
Әрбір  міндеттің  тұжырымы  ЖҚО  қызметінің  мақсатына  жетудің  жекелеген 
бағыттарын  немесе  ЖҚО  ұсынатын  қызметтерді  неғұрлым  анық  жəне  толық  түрде 
көрсетеді жəне осы міндетті шешу мақсатқа жетуге қалай көмектесетіндігі туралы айқын 
түсінік береді. 
ЖҚО үшін қызмет бағыттары (міндеттер), мысалы, келесідей болуы мүмкін: 
- жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыру; 
- жұмыс берушілермен серіктестік. 
159.  Әрбір  міндетті  шешу  сандық  өлшенетін  əлеуметтік  маңызды  нəтижелерге 
қол жеткізуді білдіреді. 
Нəтижелер  –  бұл  ЖҚО  қызметінің  қорытындысы  немесе  ЖҚО  ұсынатын 
қызметтер. 
Міндеттер сияқты, нəтижелер халықтың нақты мақсатты тобына қатысты (жұмыс 
іздеушілер мен жұмыс берушілер) анықталады. 
ЖҚО үшін қызмет нəтижелері, мысалы, келесідей болуы мүмкін (5-диаграмма): 
- жұмыс берушілермен байланыс орнату; 
- бос жұмыс орындарын тіркеу; 
- жұмыссыз азаматтарды ЖҚО-ға тарту; 
- жұмыс іздеушілерді тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру; 
- көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. 
160.  ЖҚО-нің  əрбір  міндетін  шешу  кешенді  іс-шаралардың  (іс-əрекеттердің) 
жүйесі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Іс-шаралар  сəйкес  міндетті  шешумен  байланысты 
ЖҚО-ның барлық қызмет бағыттарын қамтитындай етіп тұжырымдалады. 
161.  Нəтижелерді  алу  үшін  ЖҚО  қызметкерлері  қандай  іс-шараларды  (іс-
əрекеттерді)  қолдануы  немесе  орындауы  керек  екендігін  айқын  анықтап  алуы  керек. 
Әдетте  нақты  нəтижеге  қол  жеткізу  үшін  іс-шараның  (іс-əрекеттің)  бірнеше  түрін 
орындау қажет. 
 


51 
 
5-диаграмма.  ЖҚО-ның қызмет мақсаттары мен нəтижелеріне жету бойынша іс-əрекеттер жоспарының мысалы 


52 
 
ЖҚО іс-шараларының (іс-əрекеттерінің) толық емес тізімі төменде келтірілген (7-
кесте). 
 
7-кесте. 
Қызмет  нəтижелеріне  жету  үшін  қажетті  ЖҚО  іс-шараларының  (іс-
əрекеттерінің) мысалдары 
№ 
ЖҚО орындайтын іс-шаралар (іс-əрекеттер)  
 
1-апсырма. Жұмыс берушілермен серіктестік 
1. 
Жұмыс берушілермен серіктестік жəне мақсатты жұмыс стратегиясын жасау 
2. 
Аймақтың экономика салаларына жəне еңбек нарығына талдау жүргізу 
3. 
Жұмыс берушілердің мақсатты топтарын анықтау 
4. 
Жұмыс  берушілерге  ЖҚО  базасында  жəне  жұмыс  берушілердің  базасында  жеке 
консультациялар жүргізу 
5. 
ЖҚО мен жұмыс берушілер арасында серіктестік туралы меморандумға қол қою 
6. 
Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің сұхбаттасуын ұйымдастыру 
7. 
«Атамекен» ӨКП-мен өзара əрекеттесу (нақты іс-әрекеттерді көрсету қажет) 
8. 
Жұмыс берушілердің мақсатты топтары үшін роуд-шоу ұйымдастыру 
9. 
Жұмыс  берушілердің  талаптарына  сəйкес  келетін  жұмыс  іздеушілерді  ЖҚО-ға 
өтініш  бергендер  арасынан,  сонымен  бірге  «Жұмыс»  порталында  тіркелгендер 
арасынан таңдау 
 
2-тапсырма. Жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыру 
10. 
Жұмыс  іздеушілерге  ЖҚО  қызметтері  бойынша,  сұранысқа  ие  мамандықтар 
бойынша, аймақтағы еңбек нарығының жағдайы бойынша кеңестер беру 
11. 
Жұмыс іздеушілерге профильдеу жүргізу 
12. 
Жұмыс іздеушілер үшін ЖОЖЖ құрастыру 
13. 
Жұмыс  іздеушілерге  өзіне-өзі  қызмет  көрсету  аймағында  «Жұмыс»  интернет-
порталында жұмыс істеуге көмек көрсету 
 
ЖҚО-ның барлық міндеттер үшін ортақ іс-шаралары 
14. 
ЖҚО  қызметі  туралы  халық  арасында  ақпараттық-насихат  науқанын  жүргізу 
(баспа бюллетендер, жарнама орналастыру жəне т.б.) 
15. 
Жұмыс 
іздеушілерді 
жəне 
жұмыс 
берушілерді 
қолдау 
бөлімдерінің 
қызметкерлерін оқыту жəне білімдерін тексеру 
16. 
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы үшін дербес компьютерлер сатып алу 
17. 
Жұмыспен қамту саласы туралы білімдердің деңгейін арттыру бойынша сыртқы 
пайдаланушылар үшін семинарлар ұйымдастыру 
 
162.  Іс-шаралар  (іс-əрекеттер)  ЖҚО  қызметінің  жылдық  жоспарында  (төменде 
қараңыз) жəне мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарында көрсетіледі. 
163. Барлық іс-шаралар ЖҚО-да бар ресурстар шеңберінде жүргізілуі тиіс. 
Ресурстар ЖҚО-ның іс-шараларды жүзеге асыруы жəне  одан əрі  нəтижеге  жетуі 
үшін  қажетті  негізгі  құралдардың  бірі  болып  табылады.  Оларға  ЖҚО  қызметін 
қаржыландыру  үшін  бюджеттен  берілетін  қаражат,  ҚР  заңнамасына  сəйкес  басқа 
көздерден 
қаражат, 
қызметкерлер, 
құрал-жабдықтар, 
материалдар, 
құрылыс 
жұмыстары,  кеңесшілер  қызметтері  кіреді.  Осылайша,  ресурстар  қаржы  ресурстары 
мен  қаржылық  нысандағы  шығындардың  негізгі  баптары  (i)  жəне  заттай  нысандағы 
ресурстар  (ii)  болып  бөлінеді.  ЖҚО-ға  іс-шараларды  іске  асыру  жəне  нəтижелерге  қол 
жеткізу үшін қажетті ресурстар тізбесі төменде келтірілген (8-кесте). 
 
 
 


жүктеу 5,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау