МАЗМҰНЫ
I.
КІРІСПЕ
II.
ҚЫСҚАША АҚПАРАТ
III.
АҚПАРАТТЫҚ ГРАФИКА
IV.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
V.
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН
СҰРАҚТАР
1.
ОРТАҚ СҰРАҚТАР: ЕНГІЗУ, КҮТУ
СЕБЕПТЕРІ
2.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-РӘСІМДІК СҰРАҚТАР
3. ХАЛЫҚТАН КЕЛІП ТҮСКЕН СҰРАҚТАР
4. ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДЕН КЕЛІП ТҮСКЕН СҰРАҚТАР
3
I.
КІРІСПЕ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі -
МӘМС) қолдану – бұл дамыған, сондай-ақ дамушы елдерде сәтті
қолданып келе жатқан жалпы әлемдік тәжірибе.
20
15 жылғы 20 мамырда жарияланған «Бес институционалдық
реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» ұлт жоспарының 80-
ші қадамы ретінде МӘМС енгізу, мемлекеттің, жұмыс берушінің және
азаматтың
ынтымақтасқан
жауапкершілігі
қағидаты
негізінде
денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту
белгіленді.
Осыған байланысты адамдардың денсаулыққа деген құқығын
жүзеге асырудың жаңа механизмі әзірленді және енгізіледі. Бұл шара
ынтымақтасқан жауапкершілік қағидатын жүзеге асыруға, қаржылық
тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономиканы жаңғырту жағдайында
денсаулық сақтаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа
заңнамалық актілердің нормаларымен ілеседі. Ынтымақтасқан
жауапкершілік қағидатына сәйкес, сақтандыру жағдайы орын алған
кезде әл-ауқаты жақсырақ адамдар әл-ауқаты төменірек адамдардың
шығынын төлейді («бүгін сен біреуге көмектессең, ертең саған біреу
көмектеседі»).
МӘМС әрбір сақтандырылған тұлғаға оның жынысына, жасына,
әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты орнына және табысына қарамастан,
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі - Қор)
қаражаты есебінен медициналық және дәрі-дәрмек көмегіне тең
қолжетімдік қамтамасыз етілетініне кепілдік береді.
МӘМС енгізген кезде барлық серіктестердің (мемлекеттік, жұмыс
берушілердің, жұмыскерлердің) міндеттемелері орындалады, ал
жарналардың мақсатты сипаты денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға
ынталандырады.
Ұлт көшбасшысының тапсырмаларын орындау үшін 2015 жылғы
16 қарашада «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін негізгі
қызметтерді көрсетуді әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне
кезең-кезеңмен ауыстыруға бағытталды.
Сонымен бірге, Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстанның
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын
2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауындағы «Адами капитал сапасын
жақсарту» деп аталатын төртінші басымдықта Елбасы Н.Ә. Назарбаев
2017 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің және
азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігіне негізделген МӘМС
жүйесі енгізіле бастайтынын атап өтті.
4
МӘМС жүйесі – бұл МӘМС жүйесіне қатысушылар арасындағы
қатынастарды реттейтін, мемлекет
белгілейтін нормалар мен
қағидалардың жиынтығы.
БІЛУ МАҢЫЗДЫ
2017 жылғы 1 шілдеден бастап МӘМС жүйесі енгізілетін болады.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының
аумағында тұратын барлық сақтандырылған азаматтар және
шығындарын мемлекет төлейтін азаматтар санатына жататын
тұлғалар МӘМС ауқымында медициналық қызметте ала бастайды.
Азаматтардың МӘМС жүйесіне кіруінің бірінші кезеңі болып
емханаларға тіркелуі табылады. Қазақстанда
2017 жылғы 5 сәуірден
бастап «Емханаға тіркел де, МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді
анықта» ұранымен науқан басталды. Әр азамат
емхананың тіркеу
бөліміне немесе call-орталығына қоңырау шалып, өзінің сол жерге
тіркелгендігін біле алады, сондай-ақ МӘМС жүйеіндегі өз мәртебесін
анықтай алады. Сонымен бірге, осы наузан арқылы МӘМС бойынша
ақпараттық-түсіндіру жұмысы белсендіріледі.
Емханаға тіркелу науқанының барысында еліміздің әр тұрғыны
өзінің бастапқы медициналық ұйымға тиесілігін тексеріп қана қоймай,
өзінің санатын да мәлімдеуі тиіс: жалдамалы жұмыскер, жеке кәсіпкер,
өзін-өзі қамтушы азамат, ресми табыстары жоқ азамат немесе
тіркелмеген жұмыссыз азамат.
Кейінірек сақтандырылған тұлғаның мәртебесін алу үшін және
медициналық көмек алу үшін қиындықтар туындамас үшін мұны анықтау
маңызды.
Емханаға тіркелудің екі тәсілі бар.
Бірінші тәсіл бойынша емхана тіркелу үшін жеке тұлғасын
растайтын куәлікпен бірге емханаға келіп, бас дәрігердің атына ерікті
түрде өтініш жазу қажет. Тіркелу өтініш келіп түскен күні жүзеге
асырылады;
Екінші тәсіл ғаламтор пайдаланушылары үшін ыңғайлы. egov.kz
порталы арқылы «Емхананы таңда» тарауында азамат өзінің
деректерін толтырады. Емхананың жауапты қызметкер осы сұратуды
алады және тіркелу туралы талонды электрондық түрде рәсімдейді.
Медициналық қызмет көрсету үшін емхананы таңдаған кезде оның
үйге аумақтық жақындығын ескеру қажет. Емхананың жақын
орналасуы азамат үшін де, оның учаскелік дәрігері үшін де ыңғайлы
болады.
Бірақ әр азаматтың медициналық мекемені
таңдау мүмкіндігі бар.
МӘМС жүйесіне қатысу шарттары, жарналар мөлшері және төлем
сызбасы туралы барлық ақпаратты азаматтар емхананың тіркелу
бөлімінен немесе медициналық қызметкерден ала алады.