11
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ПАКЕТТЕРІ
1. ТМККК пакеті мемлекет кепілдік беретін және республикалық
бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын медициналық
көмектің көлемінен тұрады. Ол ҚР барлық азаматтары мен оралмандар
үшін қолжетімді болады:
ТМККК құрамына кіреді:
жедел жәрдем және санитарлық авиация;
әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде және шұғыл
жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек;
профилактикалық екпелер;
сақтандырылмаған азаматтарға арналған амбулаториялық-
емханалық көмек (АЕК).
ТМККК пакетіндегі амбулаториялық-емханалық көмек әлеуметтік
маңызы аурулар кезінде медициналық көмек көрсетеді (аурулардың
тізілімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілді).
Сонымен қатар, ТМККК пакетіне 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін (өтпелі кезең) МӘМС жүйесінде
медициналық көмек алуға құқығы жоқ (сақтандырылмаған) тұлғаларға
амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кңреді.
Жалпы
амбулаториялық-емханалық
көмекке
аурулардың
профлиактикасы, диагностикасы, емдеу және белгілі аурулар кезінде
дәрімен қамтамасыздандыру кіреді.
2. МӘМС пакетіне МӘМС Қорына мемлекет, жұмыс берушілер мен
жұмыскерлер енгізетін міндетті сақтандыру жарналарының есебінен
қаржыландырылатын ТМККК артық медициналық көмек көлемі кіреді.
Оны МӘМС жүйесіне қатысушылар болып табылатын тұлғалар ала
алады.
Оған мыналар кіреді:
амбулаториялық-емханалық көмек;
стационарлық медициналық көмек (әлеуметтік маңызы бар
ауруларды есептемегенде) – аурухана жатқызудың жоспарлы мөлшері
аумағында медициналық ұйымның немесе бастапқы медициналық-
санитарлық көмек көрсететін маманның бағыты бойынша; шұғыл
көрсеткіштер бойынша – бағыттың болуына тәуелденбей.
стационарды ауыстыратын көмек (әлеуметтік маңызы бар
ауруларды есептемегенде);
қалпына келтіріп емдеу және медициналық реабилитация;
паллиативтік көмек және медбикенің күтімі;
жоғары технологиялық көмек.
Қорға аударылатын жарналардың жиналуын және халықтың
қажеттілігін ескере отырып, жыл сайын ТМККК және МӘМС бойынша
жекелеген пакеттер қалыптасатын болады.
12
Міндетті
әлеуметтік
медициналық
сақтандыру
жүйесінде
медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді денсаулық сақтау
субектілерінен медициналық көмек көрсету міндеттемелері бар МӘМС
жүйесінің табыстарды теңгерімдеу қағидаттарының негізінде Қор
сатып алады. Осыған байланысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Қормен бірлесіп, демографиялық көрсеткіштерді (өлім-жітімнің азаюы,
өмір ұзақтығының ұлғаюы және т.б.) ескере отырып, Қор активтерінің
жоспарлы көлемінің негізінде кезекті қаржылық жылы көрсетілетін
медициналық көмектің көлемдерін жоспарлайды.
Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді (ЖТМҚ)
көрсетуді жоспарлау халықтың медициналық қызметтердің қандай да
бір түрлеріне деген қажеттілігінің негізінде жүзеге асырылады және
медициналық қызметтерді жеткізушілердің мүмкіндіктеріне, оларда
ЖТМҚ көрсетуге рұқсаттарының бар екеніне (кадрлар, медициналық
жабдықтың болуы) негізделе отырып келісіледі. ЖТМҚ көрсету
көрсетімдер болған кезд және бейінді маманның жоспарлы тәртіптегі
бағыты бойынша жүзеге асырылады.
МЕДИЦНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы қалай
жақсаратын болады?
Сапа жөніндегі біріккен комиссияның (СБК) әрекеттері:
медициналық білім стандарттарын жетілдіру;
клиникалық хаттамаларды жетілдіру;
дәрімен қамтамасыз етуді жетілдіру;
денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімдігі және
сапаны бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру;
медициналық қызметтердің қолжетімдігі мен сапа стандарттарын
орындауды бақылау.
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау
комитеті (МФҚБК) келесі мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыратын болады:
денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың орындалуын
бақылау;
өлімге әкеп соққан жағдайларды тексеру, соның ішінде Қордың
сауалы бойынша тексеру;
шағымдарды тексеру.
Денсаулық сақтау басқармасының (ДСБ) әрекеттері:
денсаулық сақтау желілері мен қызметтерін стандарттауды
жүргізу;
диагностикалау және емдеу стандарттарын енгізуді қамтамасыз
ету;
ұлттық және халықарадық аккредиттеу жүйесіндегі медициналық
ұйымдарды аккредиттеуге ықпал ету;
13
халықтың медициналық қызметтердің сапасымен қанағаттануы
бойынша негізді шағымдарының санын төмендету;
медициналық ұйымдарда сыртқы сапа бақылауының және ішкі
аудиттің тиімділігін қамтамасыз ету;
медициналық қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыруды
және құзыретті медициналық қызметкерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін
дамытуды қамтамасыз ету.
Қор медицналық ұйымдармен арада жасалған келісім-
шарттардың негізінде тексерістер жүргізетін болады, соның
ішінде:
науқастар емделіп шыққан жағдайлардың көлемдері мен сапасын
сараптау;
дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдарды тағайындаудың
негізділігін сараптау;
жеткізушілер (медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік және
жеке клиникалар) қызметінің кесімді нәтижелерінің индикаторларына
мониторинг жүргізу.
Медициналық қызметтерді Қор ТМККК ауқымында да, МӘМС
ауқымында
да
сайыстық
негізде
мемлекеттік
және
жеке
клиникалардан сатып алатын болады.
Сайыс 2 кезеңмен өтетін болады.
Бірінші
кезеңде
әр
медициналық
ұйым
Қызметтер
жеткізушілерінің
бірыңғай
тізілімен
өздерінің
техникалық-
экономикалық және медициналық еректерін енгізеді.
Ұсынылған деректерге сәйкес Қор олардың белгіленген
минималды стандарттарға сәйкестігін бағалайды. Оң қорытынды
шығарылған жағдайда медициналық ұйым сайыстың екінші кезеңіне
өтеді.
Екінші кезеңде Ұйым ұсынылған қызметтердің көлемін, құнын
және алдыңғы жылдары көрсетілген қызметтердің сапасын (белгіленген
критерийлер бойынша) бағалайды
Егер медициналық ұйымның ресурстық қамтамасыз етілуі
белгіленген минималды стандарттарға, ал көрсетілетін қызметтері
сапа критерийлеріне сәйкес келсе, онда медициналық ұйым
қызметтердің әлеуетті жеткізушісі ретінде таңдалатын болады.
Тексерістердің нәтижелері бойынша Қор оң және теріс рейтингтері
бар медициналық ұйымдардың базасын қалыптастыратын болады.
Қордың жұмысын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтын
болады. Бұл ведомство қаражаттардың сақталуы және олардың
мақсатқа сай бөлінуі үшін жауапты болады. Сонымен бірге, Қор
қызметінің айқындығын ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР
Қаржы министрлігі қадағалайтын болады.
Ақшалай қаражаттарды қатаң түрде есепке алуды және бақылауды
қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологиялар қолданылады. Осы
Достарыңызбен бөлісу: |