31
4)
Міндетті
медициналық
сақтандырудың
1996-98-ші
жылдардағы теріс тәжірибесі қайталанбайтындығына кепілдік бар
ма?
Сол жылдары сақандырудың теріс тәжірибесі болғанына
қарамастан, осының арқасында және қосымша қаражаттарды тарту
есебінен денсаулық сақтау нысандарының желісін және медициналық
көмектің барлық халыққа қолжетімдігі қалыптастырылды.
Сол кездегі сәтсіздік сол жылдардағы ауыр экономикалық
ахуалмен байланысты болды, демек, еліміздің енді ғана көтеріліп келе
жатқан экономикасы әлемдік дағдарыстың әсеріне ұшырады. 20 жыл
бұрын көптеген кәсіпорындардың күрделі қаржылық қиындықтары
болды, олардың көбісі банкроттық күйінде болса, көбісінің еңбекақы
бойынша берешектер өте көп болды.
Бүгінгі таңда біз экономикадаға айтарлықтай өсімді белгілейміз.
Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн. астам жалдамалы қызметкерлер
еңбек етеді. Экономикалық беленді емес халық үшін Қорға жарналар
төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатынын атап
өткен жөн.
Бұл азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санатын әлеуметтік
қорғалуына, сондай-ақ енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесінің
тұрақты әрекет етуіне кепілдік береді.
5)
МӘМС жүйесі емханалардағы кеңсе техникасын жетіспеуі,
қабылдау кестелерінің сақталмауы, дәрігерлердің қабылдауына
деген ұзын кезек, медициналық қызметкерлердің қағаз және
электрондық түрде қосарланған есеп жүргізуі сияқты бірқатар
мәселелерді қалай шешеді?
Біріншіден, МӘМС жүйесіне шарттары бойынша медициналық
қызмет көрсету бойынша сайысқа медициналық қызметкерлерінің саны,
техникалық жабдықталуы және медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру
құрылымы
белгіленген
минималды
талаптарға
(
стандарттарға) сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана қатыса
алады.
Екіншіден, сапалы медициналық қызмет көрсете алатын
ұйымдар ғана сайыста жеңіске жете алады.
Үшіншіден, 2017 жылдан бастап Қор техниканың тозуын өтеу үшін
қаражат бөле бастайды, сондықтан 2018 жылдан бастап ауруханалар
мен емханалардың техникалық қайта жабдықталу мүмкіндігі пайда
болады.
Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе дәрігердің қаралуына
«e-gov» порталы арқылы, медициналық ұйымдардың өз порталдары
арқылы жазылуға мүмкіндік береді. МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін
барлық ұйымдар үшін МӘМС-ң IT-жүйелер қолжетімді болады.
32
6)
Аудандық,
ауылдық
деңгейдегі
медициналық
мекемелердің басым бөлігі медициналық қызметкерлерінің құрамы
бойынша және техникалық қамтылуы бойынша талаптарға сәйкес
келмейтіні мәлім. Тиісті қаржыландырылмайтың емханалар өзінің
материалдық-техникалық базасын қалай жақсарта алады?
Жалпы, МӘМС жүйесін енгізуге қарамастан, осындай мәселелер
қазіргі таңда да бар. Ауылдық медициналық мекемелерді материалдық-
техникалық жабдықтау және штатпен толықтыру мәселелері - бұл
орталық мемлекеттік органдар және ең алдымен жергілікті атқарушы
органдар шешуі тиіс кешенді мәселе.
Дегенмен, МӘМС енгізу бәсекелестікке ықпал етеді, себебі
жеткізушілерді іріктеу сайыстық негізде жүзеге асырылатын болады.
Сәйкесінше, емдеу мекемелері өз штатын толықтыруды және
техникалық жабдықтауды жылдамырақ жүзеге асыруға өздері мүдделі
болады.
Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа тарифтік
саясаты емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық қамтуға және
мамандарды тартуға жұмсаған шығындарын оңтайлы өтеуге мүмкіндік
береді.
Сонымен қатар, ертеректе атап өтелгендей, 2017 жылдан бастап
Қор емханаларды қайта жабдықтау үшін техниканы тозуға жұмсалатын
шығындарды өтеу үшін қаражат бөлінетін болады.
Әлсіз аудандық аурухананың монополиялық ахуалын және
ауылдық,
аудандық
ауруханаларда
медициналық
қызметтерді
жеткізушілердің
болмауын
клиниканың
жетекшісіне
қойылатын
талаптарды арттыру арқылы, клиникаларды жаңғырту үшін жаңа
тарифтік саясатты енгізу арқылы, сондай-ақ жеке медициналық
ұйымдарды тарту арқылы шешуге болады.
7)
Халықтың қандай санаты Қорға жарналар төлеуден
босатылады?
Заңға сәйкес, мынадай тұлғалар жарналарды төлеуден
босатылады:
1) балалар;
2) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе
ертеректе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежедегі
«Материнская слава» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
4) мүгедектер;
5) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
6) интернаттық ұйымдарда білім алатын және тәрбиеленетін
тұлғалар;
7) орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары
білімнен кейін білім беру ұйымдарында күндізгі білім беру нысаны