Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет9/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

29
қажет болады. Міне осы сөйлеу әрекеттерінің түрлері тіл меңгеру 
ғылымының негізі болып табылады.
Қазіргі  күні  қазақ  тілін  меңгерудің  сол  халықаралық  тіл  мең-
геру талаптарына сәйкестендірілген 5 деңгейі анықталған. Олар: 
қарапайым, базалық (негізгі), орта, ортадан жоғары және жоғары 
деңгейлер. Аталған деңгейлер еуропалық тілдік портфель талапта-
рында А1, А2, В1, В2, С1 және С2 деңгейлер деп көрсетіледі. С2 
деңгейі қазақ тілінде Жетік деңгей деп аталады. Аты айтып тұрған-
дай тілді жетік меңгеру талап етіледі, яғни бұл деңгейде тілді әдеби 
нормада, сол тілдің өкілдерінің ойлау қабілеті деңгейінде сол тіл 
бойынша ойлап, сөйлей білуді білдіреді. Әрине С2 деңгейінде тіл 
меңгеруді үйрету мен оны бағалау мақсаты қойылса, онда бұл дең-
гейді де жалпы алдыңғы жүйеге қосу қиындық туғызбайды.
Мемлекеттік  бағдарламаның  мақсат-міндеттеріне  сәйкес  қа-
зақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен 
стандарттау үшін осы деңгейлердің негізгі талаптарын мемлекет-
тік стандарттар ретінде бекітілді. 2015 жылы стандарттар ұлттық 
стандарттар мәртебесінде қайта бекітіліп, қолданысқа енгізілді. 
Стандарттар  қазіргі  таңда  барлық  тіл  оқыту  орталықтары  мен 
орталық  және  атқарушы  мемлекеттік  органдардың  қолданысы-
на енгізілді. Стандарттар қазақ тілін әр деңгейге сәйкес оқыту-
дың талаптарын анықтайды, яғни тіл үйренушінің әр деңгейдің 
сабақтарын (курстарын) аяқтаған соң қандай тілдік құзіреттілік-
тері болуы қажеттігі анық жазылған. Ұлттық стандарттар қосым-
шасында қазақ тілін кім қандай деңгейде меңгеруі қажет деген 
қоғамдық сұраққа жауап ретінде мемлекеттік тілді міндетті білуі 
тиіс  мамандықтардың,  лауазымдардың  және  кәсіптердің  тізбесі 
берілген.  Мемлекеттік  қызмет,  азаматтық  қызмет  және  өзге  де 
салалар болып бөлінген мамандықтар мен лауазымдар бойынша 
қазақ тілін білу деңгейлеріне бөліп, жүйеленген. 
Ұлттық стандарттардың талаптарын күнделікті қазақ тілі са-
бақтарында қалай пайдалану керек, яғни әрбір коммуникациялық 
құзіреттілікке қазақ тілінің қандай тілдік құрылымы сәйкес келеді 
деген сұрақтар туындайтыны анық. Қазақ тілінің оқытушылары-


30
на  күнделікті  сабақтарға  ыңғайлы,  бағытты  анықтап,  мақсатты 
жүйелі қадағалап отыру үшін қазақ тілін оқытуға арналған типтік 
бағдарлама  әзірленді.  Бірүлгі  (типтік)  бағдарлама  ұлттық  стан-
дарттардың талаптарына сәйкес әр деңгейдің талаптарын нақты 
түрде анықтайды.
Төмендегі суретте көрсетілген кешен мазмұнын екі ауыз сөз-
бен түйіндесек: Стандарттарға сәйкес оқыту бағдарламасы, оған 
сәйкес сөздік қор қалыптастыру, сөздерді бір-бірімен байланыс-
тыруға арналған грамматикалық анықтағыш пен деңгейлік оқу-
лықтар және оның нәтижесін бағалайтын ҚАЗТЕСТ жүйесі.
 
Қазіргі  таңда  ҚАЗТЕСТ  жүйесі  өзінің  қазақ  тілін  меңгерудегі 
ықпалын дәлелдеп, өміршеңдігін тәжірибе жүзінде көрсетті. ҚАЗ-
ТЕСТ  жүйесін  енгізудің  тұжырымдамасы  бекітіліп,  мемлекеттік 
бағдарламадағы негізгі мақсатты индикаторды іске асырудың меха-
низміне айналды. «Болашақ» бағдарламасы үміткерлері мен мем-
лекеттік қызметшілер, ұлттық компания қызметкерлері мен жеке 
фирма қызметкерлері, оқу-білім саласы мен денсаулық, әскери мен 
арнаулы сала өкілдері қажеттіліктеріне қарай ҚАЗТЕСТ тапсырып, 
қазақ тілін меңгеру деңгейлерін анықтап, тілді әрі қарай үйренуге 
немесе қайта машықтануға қажетті құралына айналды.
ҚАЗТЕСТ  тапсырған  мемлекеттік  қызметшілер:  аудан,  қала 
әкімдері, олардың орынбасарлары, орталық атқарушы мемлекет-
тік органдардың жоғары лауазымды өкілдері қазақ тілін меңгеру-


31
дегі негізгі уәждемеге ҚАЗТЕСТ жүйесінің себеп болатынын айту-
да. Әрбір байқау сынақтарынан кейінгі тәуелсіз сауалнамалардың 
нәтижесінен  тест  тапсырушылардың  98%-ға  жуығы  мемлекеттік 
тілдің мәртебесін арттыруға жүйе үлкен септігін тигізе алады де-
ген пікірлерін байқауға болады. Алайда, ешкімді мәжбүрлеп қазақ 
тілін оқыту мен оны меңгерту мақсат емес. Десек те, қазақ тілін 
шектеу  қойып  немесе  мәжбүрлеу  арқылы  меңгерту  мақсат  бол-
мағанымен, мемлекеттік тілді меңгеруге тиімдірек, дәлірек ықпал 
етерлік оқу-әдістемелік кешен әзірленді. Нәтижесі қазақ тілін бел-
гілі бір деңгейде меңгергендігін растайтын ҚАЗТЕСТ сертифика-
ты, яғни нәтижеге бағытталған білім беру қағидаты сақталды.
Жалпы тілді меңгеру үшін оған әрбір тіл үйренуші өзінің жүре-
гін ашу қажеттігін Президентіміз бір сөзінде тілге тиек етіп айт-
қаны бар еді. Әрине, мақсатты өз елімнің, жерімнің мемлекеттік 
тілін меңгеремін деп қызығып қойса, онда нәтиже де соған сәй-
кес көңілге шуақ сепкендей болары хақ. Ал түрлі әдістемелер мен 
оқулықтар тіл меңгерудің қосымша құралы болып қала береді.
Келесі  диаграммада  2006  жылдан  бастап,  ҚАЗТЕСТ  жүйесі 
бойынша тестілеуге қатысушылар динамикасы келтірілген.
Диаграммада ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылғаннан бастап, тестіле-
нушілер саны ұдайы өсіп отырғанын байқауға болады. Мемлекет-
тік қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер қазақ тілін жалпы 


32
қандай  деңгейге  жақын  меңгергендігін  анықтауға  бағытталған 
диагностикалық тестілеулер өтіп келеді, өйткені диагностикалық 
тестілеу тегін өткізіледі. Сертификаттық тестілеулер ақылы негіз-
де өткізілетіндіктен, тестке қатысушылар контингентін қалыптас-
тыруда біршама қиындықтар туындайды. 
Қазіргі  таңда  ҚАЗТЕСТ  диагностикалық  тестілеуіне  еліміз-
дегі ересек азаматтардың ішінде белгілі себептермен қазақ тілін 
меңгермеген  азаматтардың  басым  бөлігі  қатысып  отыр.  Жалпы 
қатысу шылардың ішінен 10%-на ғана сертификаттық тестілеуге 
қатысты. Келесі суретте республиканың өңірлерінен диагности-
калық  және  сертификаттық  тестілеуге  қатысу  нәтижелері  кел-
тірілген.
 
ҚАЗТЕСТ-тің  білім  саласындағы  басқа  да  түрлі  тестілеу  түр-
лерінен  айырмашылығы  ретінде  контингенттің  әртүрлігін  атауға 
болады.  2006  жылы  тест  тапсырмасының  байқау  сынағына  мек-
теп және колледждер таңдап алынған болса, 2008 жылдан бастап, 
мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің үлесі жыл сайын ар-
тып келеді. 2016 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 39418 (53,5%) 
мемлекеттік  қызметші,  17304  (23,5%)  бюджеттік  сала  қызмет-
кері, 10395 (14,1%) мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері, 4507 
(6,1%) әскери қызметкерлер, 1079 (1,5%) «Болашақ» стипендия-
сына үміткерлер және 1029 (1,4%) басқа да сала қызметкерлері 
тестілеуден өтті.


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау