26
жаза білу және ең маңыздысы сол тілде сөйлей білу қабылеттерін
бағалау. Міне дәл осындай қағидамен құрылған ҚАЗТЕСТ жүйесі
де Тыңдалым, Оқылым, Жазылым және Лексика-грамматикалық
құрылымнан тұрады.
Мемлекеттік бағдарламада айтылған ересек тұрғындар кім-
дер? Қазақ мектебінде оқып, жоғары оқу орнын да қазақ тілінде
тәмамдаған адамнан тағы да барып, күнделікте тұрмыста қазақ
тілін қалай пайдаланасың деп сұрау ҚАЗТЕСТ мақсатына сәйкес
келмейді. Оның орнына жастайынан қазақ тілінен өзге тілде білім
алып, жоғары оқу орнын да орысша оқыған ересек азаматтар не-
месе шетелдерден көшіп келген азаматтардан мемлекеттік тілді
қаншалықты меңгердіңіз деп сұрау орынды, өйткені күнделікті
қатысым құралы ретінде де бұл азаматтар өзге тілді пайдаланады.
Еліміздің Ата Заңында жазылған әрбір қазақстандықтың азамат-
тық парызы – ол мемлекеттік тілді – қазақ тілін білу болса, ол
үшін мемлекетіміз барлық материалдық та, әдістемелік те, ұйым-
дастырушылық та, техникалық та жағдайларын жасап отыр. Сон-
дықтан, қазақ тілін өз елінің мемлекеттік тілі ретінде өзінің атқа-
ратын қызметінің көлемінде меңгеру саналы азаматтың рухани
дәрежесін білдірсе керек.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру шаралары әрине, тек
кешенді әрекеттерді орындағанда ғана іске асырылатыны бел-
гілі. Соның бірі қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен
оны стандарттау. Бұл мәселе тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында не-
гізгі міндет ретінде анықталған.
Қазақ тілін оқытудың әртүрлі әдістемелері болғанымен, әлі
күнге дейін мектеп бағдарламасында өзге тілді мектептердегі
қазақ тілі сабақтары тек грамматиканы жаттау мен бір сарынды
жаттығуларды орындаумен шектеліп келеді. Осыдан барып, қазақ
тілі пәнінен бестік алған оқушы ешқандай-да коммуникацияға
дайын болмай шығады, яғни қазақ тілінде сөйлей алмайды. Әлем-
де тілді деңгейлеп оқытудың халықаралық тәжірибелері мен озық
үлгілері қолданылып келеді. Оның мысалдарын қазіргі таңда әр-
27
бір білімді азамат біледі, мысалы Оксфорд, Кэмридж үлгілері не-
гізіндегі оқулықтар, HeadWay, MacMillan үлігісіндегі және тағы
да басқа баспалар мен жеке мамандардың әдістемелері.
Осы тәжірибелер нәтижесін көріп отырып, кейде таң қалып,
неліктен осындай үлгілер бойынша тілді үйрету бұрыннан қолға
алынбаған деген ой туындайды. Ендігі кезекте осындай тәжіри-
белер негізінде қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде
оқытуға арналған оқулықтар мен оқу құралдары әзірленіп отыр-
са да, оларды пайдаланудың орнына сол баяғы пайдасы шамалы
әдістемелер бойынша сөздерді жаттатып, грамматикалық ереже-
лерді еске түсіруден арыға бармайтын ескі тәсілдер бойынша әлі
күнге дейін оқытып келе жатқан мектептер мен оқу орындарына,
оқытушыларға не амал. Өйткені баяғыдан әзірленіп қойған ескі
бағдарламалары мен көнерген материалдарын тастап, жаңаны үй-
ренуге уақыт керек, одан қалса, уәкілетті орган өз бағдарламасы
бойынша ғана оқытуды талап ететіндігін алға тартып, тағы да сол
қазақ тілін меңгеру дәрежесі төмендеп жатыр. Бірақ, нәтиже жоқ
болғандықтан сапа менеджменті бойынша оның дәрежесін көтеру
үшін қандай да бір шаралар қарастырылуы керек емес пе? Сон-
дықтан, бұл мәселе айналып келгенде, қазақ тілінің мәртебесіне
келіп тірелетін болғандықтан, жаңа көзқарастар мен озық тәжіри-
белер нәтижелерін қолдана білу оқытушының шеберлігі болмақ.
Тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің
тапсырысы 2011-2012 жылдар аралығында бойынша үздіксіз
білім беру моделі арқылы қазақ тілін шетел тілі немесе екінші
тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға ар-
налған типтік оқу-әдістемелік кешен әзірленді. Қазақ тілін оқы-
тудың әдіснамасы жетілдірілу мен стандарттау міндеті неліктен
осы күнге дейін өзекті күйінде қалып тұр деген сұрақ туындайты-
ны анық. Осы уақытқа дейін қазақ тілін оқыту әдіснамасы стан-
дартталмаған, немесе ол уақыт өте жетілдірілмей отырған деген
тұжырым туындамауы керек. Ескі әдістеме – тілді меңгеру үшін
тілдік құрылымдардың ережелерін жаттау, екі-үш шумақ өлең
жолдарын жаттау, бір сарынды жаттығуларды орындаумен шек-
28
теледі. Осыдан келіп, нәтиже болмайды, яғни балалар қазақ тілін-
де сөйлемейді. Өйткені ескі әдістеме сөйлеу әрекетінің тыңдап
түсіну, оқып түсіну, жаза білу мен айта білу қабілеттерін тиімді
қалыптастырмайды.
Орта мектеп қабырғасынан жоғары оқу орындарына келгенде,
практикалық қазақ тілі курстары тағы да екі жыл жалғасын табады.
Бірақ тағы да сол баяғы типтік бағдарлама, грамматиканы жаттауға
арналған жаттығулар мен тапсырмалар, нәтижесі белгілі!
Елбасының тапсырмасы – мемлекеттік тілдің мәртебесін арт-
тырудың бір парасы – ол әрбір өңірде қазақ тілін оқытудың орта-
лықтарын ашу қажеттігі болатын. Осыған сәйкес барлық облыс
орталықтарындағы ірі қалаларда барлығы 130-ға тарта мемле-
кеттік тілді оқыту орталықтары ашылып, жұмыстарын бастаған
еді. Оқыту орталықтарының негізгі тұтынушылары қазіргі таңда
әртүрлі қызметтегі ересек азаматтар. Мәселе бұл тіл үйренушілер
өзінің барлық саналы өмірінде тек орыс тілін пайдаланған, яғни
орыстілді бала бақшасынан бастап, жоғары оқу орнын да орыс
тілінде тәмамдап, күнделікті өмірде коммуникациялық қатынас
құралы ретінде тек сол тілді пайдаланатын азаматтар туралы
болып отыр. Мемлекеттік және азаматтық қызметшілер барлық
мемлекеттік органдардың ісқағаздары мемлекеттік тілге көшуіне
байланысты ісқағаздарын бірден қазақ тілінде рәсімдеуді үйрен-
гісі келеді. Ал ресми қазақ тілін пайдалану дегеніміз – бұл қазақ
тілін ортадан жоғары деңгейде меңгергенде ғана мүмкін болатын-
дығын естен шығармау қажет еді. Алайда, тіл үйренушілер тара-
пынан қазақ тілінде кез келген ресми құжатты рәсімдеп үйрену
талап етіледі. Осы мәселеге талдау жасап көрелік. Ресми құжатты
әзірлеу үшін оған қажетті сөздік қор қажет болады. Хатта айтайын
деген ойды шұбалаңқы оймен емес, нақты әрі логикалық дұрыс
құрылған сөйлемдер арқылы беру керек. Ал мұндай қабілет қа-
зақ тілін тек орта деңгейде меңгергенде ғана мүмкін болады. Со-
нымен, құжат әзірлеу үшін сол сөйлей білу қабылетінің бөліктері-
не жататын тыңдағанын немесе естігенін түсіне білу, оқығанын
түсіну, жаза білу мен сөйлей білу әрекеттері бірдей қалыптасуы
Достарыңызбен бөлісу: |