Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет6/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

19
нушілердің  мемлекеттік  тілде  қатынас  жасау  ынтасын  оятатын 
құрал болып табылмақ.
ОӘК қатысымдық қызметі – тіл үйренушінің айтар ойын жүйе  лі 
жеткізуге дағдыландыратын, қазақша сөйлеу мәдениетін қалыптас-
тыратын, кез келген жағдайда сөз тауып, оны орынды қолдануға 
жетелейтін қатысымдық құзыретті дамытудан тұрады.  
ОӘК  уәждік  қызметі  –  оның  құрамына  енетін  барлық  эле-
менттердің  қызықты  мазмұнында,  тартымды  тапсырмалар  мен 
әр түрлі жаттығулардың құрылымы арқылы жүзеге асады. ОӘК 
мазмұнында  танымдық  жаттығулар,  проблемалық  тапсырмалар 
мен  интеллектуалдық  материалдың  үйлесімді  берілуі  тіл  үйре-
нушілердің  мемлекеттік  тілде  қатынас  жасау  ынтасын  оятатын 
құрал болып табылмақ.
ОӘК бақылаушылық қызметі- бақылау және бағалау жаттығу-
лары арқылы кері байланыс механизмдерінің дұрыс жұмыс жа-
сауын қамтамасыз етуден тұрады. Яғни, үйренушіге өзінің білім 
деңгейін  өзі  бақылап,  бағалап,  түзетіп,  толықтырып  отыруына 
мүмкіндік беріледі. Мұндағы мақсат тіл үйренушінің тіл үйрену 
белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру, қы-
зығушылығын арттыру.   
ОӘК  толеранттық  қатынасқа  бейімдеу  қызметі  оның  барлық 
элементтерінің мазмұны   жахандастыру үрдісінде тіл үйренушіге 
мемлекеттік  тіл  арқылы  тіл  иесі  халықтың  мәдени  мұрасы  мен 
бастауларын, сонымен бірге басқа ұлт пен ұлыс өкілдерінің  ру-
хани  асыл қазыналарын, батыс өркениеті мен жалпы адамзаттық 
әлемдік  өркениеттің  баға  жетпес  байлықтарын  тереңдете  кірік-
тіре игерту арқылы ұлтаралық сыйласым, достық қарым-қатынас-
ты бекіте түсуге  бағытталуында.
Осылай  әр  деңгей  бойынша  өзара  сабақтастықта  жасалған 
ОӘК қолда бар басқа да қазақ тілі оқулықтарымен үйлесе оты-
ра,  деңгейлеп  оқыту  жүйесі  талаптарына  сай  мемлекеттік  тілді 
оқытуды жандандыруға мүмкіндік беретін ең негізгі жаңа үлгіде-
гі тіл құралы болары даусыз. Бірақ оны тұлғаның тілді меңгеру-
ге бағытталған белсенді еңбегі мен шынайы ниеті, ізденушілік, 


20
шығармашылық  оқу  әрекеті  арқылы  жандандырмаса,  бұл  оқу-
әдіс темелік кешен «өлі зат» күйінде қала берері де сөзсіз. 
Ойымызды қорыта келе, деңгейлеп оқыту жүйесіне арналған 
ОӘК құрамына енетін әр элементтің (бағдарлама, негізгі оқулық, 
аудиовидеоматериалдары,  әдістемелік  нұсқау  т.б.)  құрылымы 
мен мазмұны жайындағы мәселенің өзі жеке-жеке жан-жақты қа-
растыруды қажет етеді және алдағы тағы бір ой-тұжырымдарға 
арқау болмақ демекпіз.
Ұсыныстар: 
Қоғамдағы  өзгерістерге  сай  бұрындары  шыққан  мемлекеттік 
тілді 
деңгейлік оқытуға арналған оқу кешендері мазмұны за-
ман талабына сай жаңартылып, толықтырылып, өңделіп, 
қайта 
шығарылса;
Қазіргі кезде елімізді индустрияландыру ісі қарқынды дамуда. 
Осы бағытта өндіріс орындарындағы қазақша кәсіп тілінің қолда-
ныс аясын кеңейту өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан 
мемле-
кеттік тілді техникалық салалар мен технологиялар бағыты 
мамандарына  оқытып  үйретуге  арналған  мультимедиалық 
бағдарлама дайындау қолға алынса; 
Елімізде  электрондық  үкімет  қызметін  одан  әрі  жандандыру 
мақсатында 
мемлекеттік тілдегі іс қағаздары мен құжат тілі 
автоматтандырылған жүйесі дайындалса;
Еліміздегі  өндіріс  орындары  мен  кәсіпорындарында  кәсіби 
терминдерді біріздендіру мақсатында 
көптілді салалық аударма 
сөздіктер құрастырылып, шығарылса.


21
    Қ.Б.Төлекеев 
                                     Ақмола облыстық 
оқыту-әдістемелік 
        орталығының директоры 
          
ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ КЕШЕГІСІ, 
БҮГІНІ, ЕРТЕҢГІСІ
Республика  бойынша  оқыту  орталықтары  Тілдерді  дамыту 
және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен шыға-
рылған Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республика-
лық үйлестіру-әдістемелік орталығының әдістемелік кұралдарын 
пайдаланып, жұмыс жүргіздік. Атап айтқанда, 
«Жаңа тол қын», 
«Астана»,  Мәртебелі  сөз»,  «Қазақстан  Республикасы ның 
мемлекеттік  қызметшісінің  тілдік  портфелі»  оқу-әдістемелік 
кешендері.
Республикалық  орталықтың  жасаған  әдістемелік  кешендері 
ұшан-теңіз. Осының арқасында жұмысымызды жалғастыра, жан-
дандыра  білдік.  Алайда  әр  өңірдің  тыңдаушыларының  тіл  білу 
деңгейі, тілге деген көзқарасы бірдей болмайды, сондықтан об-
лыс  орталығындағы  орталықтар  шамасы  келгенше,  тыңдаушы-
лардың  сұранысын  ескере  отырып,  кейбір  облыстардағы  Орта-
лықтар өздерінің бағдарламаларын пайдаланды. Республикалық 
орталықтан келген әдістемелік құралдарды үлгі тұтып, өз бағдар-
ламаларымызды  толықтырып,  тереңдетіп  отырдық.  Сол  кездері 
Қарағандының  «Сарыарқасы»»  Жамбылдың  «Таразы»,  Қоста-
найдың «Тобылы», Ақмоланың «Көкшетауы» сияқты өз облыста-
рында тиімді қолданыста болды. 
Қазіргі  таңда  қазақ  тілін  меңгерудің  коммуникативтік  тілдік 
құзіреттіліктерін анықтайтын мемлекеттік стандартқа негізделген 
«Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде» оқытудың кешен-
ді әдістемесін қолданамыз. Оқыту нәтижесі тіл үйренушілердің 
қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ компью-
терлік бағдарлама арқылы анықталады. Бұл – ең қолайлы және 
нәтижелі әдіс. Облысымыздағы 20 Орталықтың барлығы да осы 
әдістемені басшылыққа алып, жұмыс атқарып жатыр. 


22
Осы уақытқа дейін бір шешімін таба алмай келе жатқан түйт-
кіл мәселелердің бірі кәсіби-салалық бойынша оқыту. 2000 жыл-
дың  басынан  бері  айтылып  келе  жатқан  мәселе,  ол  бір  шешімі 
қиын, түпсіз терең ғылым деп санаймын. Сала бойынша оқыту 
үшін  бағдарлама  бойынша  сабақ  үлгісіндегі  тапсырмалар  мен 
жаттығуларды әр оқытушы салаға бейімдеуі керек, сонда әр са-
бағымыз  тиімді  болады.  Себебі  тыңдаушылармен  етене  жақын 
жұмыс жасайтындар оқытушылар, сондықтан олар өзі сабақ бе-
ретін мекеменің құжат айналымын, жұмыста қолданатын термин-
дерін жақсы біледі. Осылайша, бір жыл сабақ берген оқытушы 
келесі жылдары әдістемелік қорын толтырып, толықтырып оты-
рады. Соның нәтижесінде сала бойынша сабақ жоспарларының 
жүйесін қалыптастыруымызға болады.
Болашақта: 
- «Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде» оқытудың ке-
шенді әдістемесінің үшінші деңгейіне арнап салалық оқылым, са-
лалық тыңдалым, әр модульге сай қорытынды тест жұмыстарын 
шығарсаңыздар; 
-  Әр  шығарылатын  әдістемеліктің  қолдану  белсенділігі  мен 
тиім ділігін арттыру үшін облыстардағы әдіскерлерді әзірлемеші-
лер қатарына алсаңыздар;
- Орталықтардың жұмыс нәтижесін анықтап отыру үшін рес-
публикалық  орталық  тоқсан  сайын  барлық  оқыту  орталықта-
рынан арнайы кестемен есеп алып отырса.
-  Білім  орталықтарындағы  жылда  өткізілетін  тамыз  кеңесін 
рес публикалық орталықта өткізіп, тиісті бағамызды алсақ. Себебі 
білімнің  бізге  қатысы  жоқ,  ал  мәдениет  өз  бағдарламаларынан 
шыға алмайды, тілдерді дамыту басқармалары болса мемлекеттік 
тілде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерін марапаттаумен болады. 
Орталықтардың құрылымы
1998 жылы 12 наурызда «Қазақстан Республикасы Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жанынан Респуб-
ликалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығын құру ту-
ралы» министр А.Сәрсенбаевтың №43 бұйрығы шықты. Осының 
негізінде 1999 жылы 9 қазанында «Республикалық мемлекеттік 
тілді  жеделдетіп  оқыту  орталығы»  республикалық  мемлекеттік 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау